Школьные предметы 19 века



бет3/9
Дата31.12.2021
өлшемі1,79 Mb.
#23230
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Бектасова Б ТП-18-2К1 3апта сабақ (копия)

М.Жұмабаевтың

педагогикалық құнды ойлары

М.Жұмабаевтың педагогикалық түйіндері

«...балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін

тәрбиешінің өз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс болу ғана жетпейді екен.

Бұлар сыннан өткізіліп,

пісірілмеген күйде негіз бола алмайды.

Бұлардың арасынан жақсы мен жаманын,

алтын мен мысын айырып ала білу үшін

тәрбие майданында шынығып,

ысылған тарландардың тәжірибелерімен,

түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан

тәрбие ғылымдарының ойларымен

жақсы таныс болу керек

Тәрбиеден мақсұт- баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару

Өз қатесін көре білген адам,келешекте сол хатаны істемеске ұмтылады.Адамның өзін-өзі яғни, өз хатасын көре білуі оның жанының енді алға, қасиетті қияға ұмтылатын мінезі барлығын көрсетеді

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) - ақын-ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Абай ілімі бойынша: әлемөмірінің мақсаты — өзін Жаратушының ықпалымен өмір сүру.

Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды.

Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қослады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді.

Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысаны:

«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.

Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу.

Абай даналығы еңбек ет - мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбек құмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты - еңбек ғана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді - деген



Еңбек Абайша айтсаң-өнер. Жастардың еңбек тәрбиесі, сонда ғана жүзеге асады, егер ол халықтың бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамның игілігі не айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі - басқа барлық тәрбиенің негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет