СОӨЖ Реферат Тақырыбы:Қазақстандағы этносаралық келісім саясатының мәні
Орындаған:Жаулы Алтынай
Группасы: ФЕК-234
Қабылдаған: Бекбаева Толқын
Жоспар: Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстандағы этносаралық келісім саясатының мәні
Қорытынды
Пайдаланыған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті сауалдар қарастырылады, сол сияқты этникааралық қатынастардың динамикасы зерттелген, этноұлттық саясатқа баға берілген, этникаралық шиеленістің факторлары анықталған, эксперттік баға, индикстер мен көрсеткіштер әдістемесі негізінде қоғамның тұрақтылығына әлеуметтанулық талдау жүргізілген. Мақалада авторлар қазақстан республикасындағы этникаралық келісім моделінің негізгі аспектілеріне тоқталады. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатын этникааралық келісімге ерекше назар аударылған. Бұл қазақстандық қоғамның негізгі игілігі болып табылады. Бұның барлығы орталықтанған және жергілікті мемлекеттік органдар мен қазақстан халқы ассамблеясының тиімді жұмыстарының нәтижесінде.
Негізгі бөлім Қазақстандағы этносаралық келісім саясатының мәні XXI ғасыр дүние жүзіндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастардың, көпэтносты қоғамдардың бірігуіне жаңа көзқарастар қалыптастырудың проблемасын өткір түрде алға тартуда. Дәстүрлі құндылықтар жүйесі мен тез дамып келе жатқан этностық қауымдастықтар мәдениеті арасындағы шиеленістің ұлғайғандығы, ұлттық диаспоралардың шоғырлануында проблемалар орын алып отырғандығы байқалады.
Әлем даму процесінде мәдени санқырлылық өзін дербес жаһандық құбылыс ретінде жария ете бастаған кезеңге дөп келіп отыр. Мәселен, Еуропадағы, Азиядағы, басқа да құрлықтардағы мультимәдениліктің және сәйкестіктің дағдарысы экстремизм мен шектен шыққан ұлтшылдыққа қарсы тұрудың болмысқа сәйкес келетін тетіктерін қалыптастыру қажеттігін көрсетті. Франциядағы, ассимиляциялау, Ұлыбританиядағы бағындыру, ГФР-дағы бөліну, Швейцариядағы үйлестіру стратегиялары тұрақтылықты, бейбітшілік, пен ұлттық бірлікті нығайту ісінде оң нәтиже бере алмай-ақ қойды.
Бірігу мәселесі мен этносаралық келісімнің оңтайлы үлгісін іздестіру өткір болып тұрған көптеген мемлекеттерде аталмыш проблемалар мәжбүрлі де көкейтесті күн тәртібіне айналды. Осы заманғы аса өткір проблемалар тек ұжымдық күш-қуаттың, ортақ келісім мен сенімнің негізінде ғана шешілуі мүмкін екендігі айқын болды. Бұлай болмаған жағдайда, әлбетте, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасында әлеуметтік, мәдени, діни қырғиқабақтық өрістеуі ықтимал.
Ұлт құрудың халықаралық тәжірибесін талдау Қазақстан үшін ешқандай үлгінің толығымен қабылдауға лайық емес екендігін көрсетеді. Бұдан, әрине, оны зерделеуден бас тарту керек деген ой туындамайды. Біздіңше, қазіргі әртүрлі үлгілерді этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің тиімді саясатын түзу мақсатында, сондай-ақ жанжалдар мен шиеленістерді болдырмау жөніндегі жұмыста пайдалану үшін жан-жақты қарастыру қажет.
Мультимәдениетті қоғамның, этностық плюрализмнің парадигмалары тарихи ерекшеліктер — мен өзгешеліктерді ескеретін Қазақстан үшін белгілі бір дәрежеде бағыт-бағдарға айналды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың. айтуынша, ол «ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың және казақстандық сәйкестікті қалыптастырудың өзіндік үлгісі. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ қазақстандық сәйкестіктің негізіне этностық принцип емес, азаматтық принцип алынды… Біздің стратегиялық мақсатымыз — қоғамды одан әрі топтастыру және бірегей қазақстандық, бөсекеге қабілеттІ ұлт қалыптастыру».
Қорытынды Қазіргі таңда, әлемдік қоғамдастық елеулі және әрқилы оқиғаларды бастан кешіп отырған кезде, ал тұтастай бірқатар елдердегі этникалық және діни шиеленістер тұрақты қарқынмен дамуға елеулі қатер төндіріп отырған кезде, Қазақстан осы салада туындаған проблемаларды жүйелі түрде шешуге болатынын көрсетіп отыр.
Біздің еліміз азаматтық бейбітшілік және татулықтың тиімді үлгісін жасай отырып, оны бір халықтың басқа халыққа басымдық көрсететін бүлдірушілік идеологиясына қарсы қоя білді. Ұлтына және діни сеніміне қарамастан, барлық қазақстандықтардың бір-бірін құрметтеуі және теңдігі, қоғамдық келісімді бұлжытпай нығайту және этносаралық қатынастарды үйлестіру қазақстандық мемлекеттік саясаттың басты артықшылығы болып келді және бола бермек. Біздің еліміздің этносаралық қатынастарды дамытудағы тәжірибесі табысты нәтижесімен ерекшеленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық мәртебеге ие болуы, Ассамблеядан Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығы және "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңды қабылдау жөніндегі аяқталуға жақын жұмыс елеулі оқиғалар болып табылды.
Пайдаланыған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы №70-IV Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 сәуірдегі №552 Жарлығы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2012 жыл 14 желтоқсан) // http://strategykz
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» 2011 жылы 7 қыркүйектегі №149 Жарлығы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.