Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдылықтары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
Білім алу, іс–әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысты туралы заң.
Оқу іс–әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Оқыту қағидалары (принциптері)
Оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкес мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар - педагогиканың оқыту принциптері болып табылады. Принцип - латын сөзі, қазақша «негіз» деген сөз. Оқыту принциптері - педагог пен білім алушылардың жұмысын реттеп отыратын принциптер. Ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған педагог өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Я. А. КОМЕНСКИЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ТАРИХЫНДА ЕҢ БІРІНШІ БОЛЫП ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫН АНЫҚТАЙТЫН ОҚЫТУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІН ЖАСАДЫ. ОНЫҢ ОҚЫТУ ТАБИҒАТТЫҢ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАҒЫНАДЫ ДЕГЕН ИДЕЯСЫ «ОҚЫТУДЫҢ ТАБИҒАТҚА СӘЙКЕСТІГІ» ДЕГЕН АТҚА ИЕ БОЛДЫ.
Ж. Ж. РУССО ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ПРИНЦИПТІК НЕГІЗІ БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ТАБИҒАТПЕН ТІКЕЛЕЙ ЖАНАСУЫ ДЕП ЕСЕПТЕДІ. И. Г. ПЕСТАЛОЦЦИ ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫН КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІНЕН ШЫҒАРАДЫ.
А. ДИСТЕРВЕГ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН НАҚТЫ ПРИНЦИПТЕРМЕН ТОЛТЫРАДЫ. ОЛАРДЫ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНА, ОҚЫТУШЫЛАРҒА, БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ТАЛАПТАР ТҮРІНДЕ ҚАРАСТЫРДЫ.
К. Д. УШИНСКИЙ ОҚЫТУ ПРИЦИПТЕРІН ЖАСАУДА ҮЛКЕН ҮЛЕС ҚОСТЫ. ОЛ: ОҚЫТУДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ИДЕЯСЫНДА КӨРІНІС ТАБАТЫН ОҚЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛЕУШІЛІК СИПАТЫ; ОҚЫТУДЫҢ ЖҮЙЕЛІГІ, ШАМАҒА ЛАЙЫҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӘЛІ ЖЕТЕРЛІГІ; БІЛІМНІҢ БЕРІКТІГІ; ОҚЫТУДЫҢ САНАЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІ; ОҚЫТУДЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ СИЯҚТЫ ПРИНЦИПТЕРДІ БӨЛІП ШЫҒАДЫ. СӨЙТІП ОСЫ ПРИНЦИПТЕРГЕ ТЕРЕҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ БЕРДІ.