Школьный коллаж


Көрнекілік принципі . Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б



бет4/4
Дата02.11.2022
өлшемі4,76 Mb.
#47004
1   2   3   4
Көрнекілік принципі . Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б.
Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды . К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп , «көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді , балалар заттардың пішіні , дыбысы , бояуы арқылы ойлайды» деді.
Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті , әрі қызықты болып өтеді .
Педагогикалық процестің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды. Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады - оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас, мызғымас бірлігі . Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасыз ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды . Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды .

Қорытындылай келе педагогикалық процестің басты идеясы - оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды – динамикалық, дыбысты – техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет