1. Физиканы орта мектепте оқытудағы негізгі міндеттердің бірі диалектика-материалистік көзқарас қалыптастыру



бет1/5
Дата01.12.2022
өлшемі42,04 Kb.
#54218
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
17-18


17-билет
1. Физиканы орта мектепте оқытудағы негізгі міндеттердің бірі – диалектика-материалистік көзқарас қалыптастыру
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізгі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келеді.Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру барысында оларды тәрбиелеп,дамыту мақсаттары тұр.Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді:оқушыларда физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру,физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары

  • Негізгі физикалық білімдерді қалыптастыру:фактлар,ұғымдар,теориялар,заңдар, әлемнің физикалық бейнесі

  • Физикадағы танымның әдістері туралы білімді қалыптастыру

  • Ғылыми техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен техниканың ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру

  • Құбылыстарды түсіндіре білу,білімді есеп шығаруда қолдана білу деңгейліктері мен эксперименталдық деңгейліктері қалыптастыру

  • Ғылыми дүние танымдық көзқарасты қалыптастыру

  • Физиканың қоғам өміріндегі рөлі туралы,қоғамның,техниканың,басқа ғылымдардың дамуы мен физиканың дамуының арасындағы байланыс туралы түсінік беру

  • Мамандық таңдауға,практикалық іс әрекетке әзірлеу

Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланыста болып келеді.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсаты олардың білімдерін есептеу шығаруда қолдана білу мен икемділіктері мен дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру барысында жүзеге асады.Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар.Мысалы,физика математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика математикалық бағыттағы жоғары оқу орнына түседі.Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныстырып,оларда зерттеушілік эксперименттік деңгейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолдана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет.


Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоғары оқу орындарына оқуға түседі.Сондықтан бұл оқушыларға техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде түсініктерді,конструкторлық икемділіктерді қалыптастыру болып табылады.
Биологиялық химиялық бағыттағы сынып оқушылары өздерінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен,биологиямен,химия саласымен байланыстырады.Сондықтан оларда физиканы оқыту барысында физикалық,биологиялық,химиялық құбылыстар өзара байланысты екендігін,химиялыө,биологиялық процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы жөнінде түсініктерінің болып,зерттеушілік,экспериментальдық икемділіктері қалыптастыру керек.

2. Жаратылыстану сауаттылығы және негізгі жалпы білім берудің стандарттары




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет