3. Пәннің пререквизиттері:«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәнін оқу үшін студенттерге қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері ертегілер, мақал- мәтелдер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, тұрмыс-салт жырлары, жұмбақтар, жаңылтпаштар мәтінімен таныс болу қажет. Сонымен қатар конспект жасау, реферат жаза білу, аннотациялай алу және ғылыми еңбектермен жұмыс істей алу дағдысының болуы, тестілеу әдістерін білуі шарт.
4. Пәннің постреквизиттері:Бұл пән бойынша алынған білім кейінгі семестрлерде оқылатын әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы пәндерін меңгеру үшін қажет. Қазақтың халық ауыз әдебиеті мектепте оқылатын әліппе, ана тілі, әдебиет пәндерінің барлық сыныптарға арналған оқу бағдарламасында жүйелі түрде беріліп отырады. Сондықтан студенттің болашақ мамандығына қажетті теориялық және практикалық білім осы пәнді оқу барысында беріледі.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№
Пән тақырыптарының аталуы
апта
Дәрісханалық сабақтар
СӨЖ
Тапсырма түрі (сипаттамасы)
Барлығы
(сағ)
Дәріс (сағ.)
Пр. саб
(сағ.)
ОСӨЖ
СОӨЖ
Бақылау түрі
СӨЖ
Бақылау түрі
1
Қазақ ауыз әдебиетінің пән ретіндегі болмыс – бітімі, фольклор табиғаты.
1
1
1
2
2
Тұрмыс-салт жырлары (ТСЖ). ТСЖ мәтінін жаттау
Мәтіндік сынақ
Тұрмыс-салт жырлары (ТСЖ). ТСЖ мәтінін жаттау
Мәтіндік сынақ
6
2
Фольклордың ерекшеліктері
2
1
1
2
2
ММ-ң жанрлық ерекшеліктерінпоэтикасын таныту. М мен М, тұрақты сөз тіркестерін ажырата білуге үйрету.
Пәннің зерттеу нысаны, оқытудың мақсаты, міндеттері, оқу процесіндегі орны. «Фольклор», «халық даналығы», «ауыз әдебиеті», «сөз өнері» ұғымдары. Фольклортану ғылымы. Фольклортанудың әдебиеттану, өнертану, этнография, тілтану, тарих, философия ғылымдарына қатысы.
1
1
2- тақырып
Фольклорды тегі мен жанрына қарай жіктеу, тарихи зерттеу принциптері
Фольклорды жанрларға жіктеу ұстанымдары. Фольклорлық тектер мен түрлер. Фольклордағы жанр теориясы. Қазақ фольклорының жанрлық тұрғыдан зерттелуі.
1
2
3- тақырып
Тұрмыс-салт жырлары
Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш. Уәлиханов, В. Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі. Қазіргі зерттелу жайы және классификациялаудың проблемалары, жанрдың сипаттамасы. ТСЖ үй-іші, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт-ырым, әдет ғұрып, наным-сенімдермен байланысы. Еңбек кәсіппен байланысты туған өлең жырлардың жанрлық түрлері. Төрт түлік жайындағы жырлар. Аңшылық жырлар. Наным-сенімге байланысты өлеңдер. Үй-іші салтына байланысты өлең түрлері. (Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері мен классификация мәселесі).
1
3
4- тақырып
Лирикалық өлеңдер
Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Классификациялау мәселелері.Лирикалық өлеңдердің тұрмыс-салт жырларымен ұқсастығы және айырмашылығы. Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдер. Идеялық-көркемдік ерекшеліктері мен образдар жүйесі, композициясы. Тарихи өлеңнің тарихи жырлардан өзгешелігі. Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.
1
4
5-тақырып
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері. Классификациялау принциптері. Тақырыптық, логикалық жіктеулер туралы түсінік. ММ ауызекі сөйлеу тілімен байланысы.Құрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері.
1
5
6-тақырып
Жұмбақтар
Жұмбақтың жанрлық белгілері. Классификациялау принциптері. Тақырыптық, логикалық жіктеулер туралы түсінік. Ж. ауызекі сөйлеу тілімен байланысы. Құрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері. Зерттелуі.
1
6
7-тақырып
Шешендік сөздер
Шешендік сөздердің табиғаты, атқарған қызметі мен қоғамдық мәні. Шешендік сөздердің жиналу және зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері. Шешендік арнау. Шешендік толғау. Шешендік дау. Шешендік сөздердің аңыз, мақал-мәтелдермен байланысы. Шешендік сөздердің эстетикалық, тәрбиелік мәні-маңызы.
1
7
8- тақырып
Аңыздық проза
Аңыз. Анықтамасы мен жанрлық сипаты. Тарихи, мекендік, күй аңыздары. Әпсана. Анықтамасы, түрлері, аңыздан айырмасы. Хикая. Миф. Мифтік құбылушылық.
1
8
9- тақырып
Эпостық жырлар
Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос. Қаһармандық эпос.Лиро-эпос.Тарихи жырлар. Эпос пен тарих.
1
9
10- тақырып
Айтыс
Айтысты мазмұны мен тақырыбына, түріне қарай жіктеу. А-ң әдет-ғұрыппен, салтпен байланысы: бәдік, жар-жар. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс-айтыс формаларының түрлері. Қыз бен жігіт айтысы. Ақындар айтысы. Айтыстың қазіргі сипаты мен дамуы. Айтыстың көркемдік ерекшеліктері.
1
10
11- тақырып
Балалар фольклоры
Б.ф. өзіндік ерекшеліктері мен зерттелу тарихы. Идеялық-көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі. Халық педагогикасымен байланысы, жанрлары мен жанрлық түрлері. Бөбектерге арналған өлеңдер. Айтылу себебі мен мезгілі, тақырыбы мен стильдік өрнегі. Балалардың өздері орындайтын жырлар. Ойын өлеңдері. Б.ф. поэтикасы.
1
11
12 – тақырып
Фольклор мен әдебиет
Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстығы. Фольклордың әдебиетке, әдебиеттің фольклорға әсері. Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі (V-ХVғ.ғ) фольклордың әсері. ХV- ХVII ғ.ғ жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы. Фольклор және ХІХ-ХХ ғ.ғ. бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Фольклор және қазіргі әдебиет.
1
12
13-тақырып
Қазақ фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында
Тарихи-типологиялық зерттеу әдісі. Түркеі халықтарының фольклорындағы ұқсастықтардың себебі. Қыпшақ, оғыз, қарлұқ тілдер тобындағы халықтардың фольклоры. Жанрлық ұқсастықтар мен ортақ белгілер. Түркі халықтары фольклорының жиналу, зерттелу тарихы.