Шығармашылығы
Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор.
Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы
сөзінде академик Николай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану
әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты
зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының
тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ
Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы
өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді.
Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен
айналысты. Одан 150—дей сурет қалған.
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық
педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер
ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет.
Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына
еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие
жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.
Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен жас
өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай
қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді
жақтады.
Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі –
Ш.Уәлихановтың пікірінше, монархиялық тәртіп пен ислам діні.
Ш.Уәлиханов ағарту ісінде
. Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарасы қазақ халқының өркениет жолымен
даму құқығын қорғау жолында айқын байқалады. Бұл, әсіресе, оның «Сот реформасы
туралы жазба» атты еңбегінде көрініс тапты.
«Біздің халқымыз бай әрі поэтикалық тұрғыдан мазмұнды әдебиетке ие. Ол (әдебиет)
шығыс шығармаларына емес, үнді-герман эпостарына жақынырақ. Сондай-ақ, ең
маңыздысы, біздің қоғамдық дамудың формалары жоғары, мәдениетті өркендеудің
нәтижелеріне балама болып табылса да, сол табиғи қалпында жатыр. Біздің болашаққа
деген үмітіміз осы дерекке арқа сүйейді» -деген Шоқан орыс билігін қазақ даласында
реформаны байыппен жүргізуге шақырды.
Ш.Уәлихановтың философиясы
Thank You
for listening!
Достарыңызбен бөлісу: |