ШҚО Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 30 жалпы білім беретін мектеп» КММ
8 «Д» сыныбының оқушысы
Хлопова Роза
МІНЕЗДЕМЕ
Роза - өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі өте жақсы болашақта «Алтын белгіге » үміткер. Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Өте ақкөңіл, ашық-жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.
Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Роза болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Қандай да бір шара болса, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Ол сыныпта қанша сабақ берсем де, барлығында да өте жақсы дайындықпен отырады. Өз ой-пікірін ашық айтады. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді.Роза үйінде де ата – анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, ол бос уақытында спорт секциясына қатысады. Өзіне қатты ұнайтыны- футбол.
Менің ойымша, болашақта Роза еліне адал еңбек ететін, азаматша болады деп үлкен сенім артамын.
Сынып жетекші: Баелбаева Ш.Н
Студент практикант: Балгабаева.Ж.А
Достарыңызбен бөлісу: |