Шоң би Едігеұлы - Орта жүздің ықпалды биі. Шоң туралы қазақтың да, орыстың да ауызекі, жазба деректері мол.
Ата-тегі: Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ – Құлболды – Айдабол –Жанқозы - Төлебай – Едіге - Шоң. Ата - тегін таратып айтсақ, әкесі Едіге би, «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен би», қоғам қайраткері болған. Атасы Төлебай би, әулие, мерген болғаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп деректері бойынша Төлебай «Қу жарғақ Төлебай», «Пәлі, Төлебай»,-атанған. Арғы атасы Жанқозы туралы мәлімет аз. Балалары: Қосқұлақ, Төлебай, Лапақ, Сары. «Бабасы Айдабол би» шежірелерде он үш жасында: «Айдабол би»-атанғаны айтылады.
Шоң би Едігеұлы - туғанынан дара жаратылған, бойына құт дарыған адам болған. Едіге ұлы Шоң би үш жыл аға сұлтан болып, ұлтымыздың қанына сіңген қасиетті шариғат ілімімен қоса халықтың жүріп өткен сан қатпарлы тарихы, оның дәстүрі мен салтын берік ұстанған Шоң би ұлт руханияты мен елдігі үшін күрескер ретінде танылды. Ол әуел бастан ақ Ресей империясының қазақ жерін жаулап алуына қарсы болған, және де көптеген өз хаттарында Ресейдің әскери күштерін қазақ жерінен алып кетуін талап еткен. Осындай ойларын жүзеге асыру үшін Шоң би, өзінің інісімен бірлесіп Орта жүз қазақтары арасында бірнеше жиын өткізіп, Ғұбайдолла Уәлиханов пен Саржан Қасымұлы сияқты тұлғалармен кездесулер өткізіп және де қытай империсы мен Бұһар хандығымен келіссөздер жүргізген. Шоң бидің өмірі, отбасы, ұрпағы жөнінде деректерден гөріоның шариғат пен дәстүрді берік ұстана отырып, қара қылды қақ жарған әділ билігі, шешендігі жайында халық аузында сақталған әңгімелер көп. Сондай әңгімелер Мәшһүр Жүсіп қалдырған бай мұрасынан орыналған. Сонымен қатар Шоң би туралы халықтың арасына кең тараған ауыз әдебиетінің үлгілерінде, орыстыңотарлаушыәкімшілігініңқұжаттарында,зерттеушілердіңеңбектеріндеайтылады.1833-1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны Шоң би Шыңғысхан заманынан бері қазақ даласында жоғары әкімшілік лауазымға ие болған қарадан (сұлтан тұқымынан емес) шыққан алғашқы адам.
Баянауыл алғашқысында казак станицасы ретінде Сабындыкөл жағасында, Ақбеттеу етегінде 1826 жылы құрылған. Бұның өзі Шоң бидің ерен еңбегі мен батыл саясатының арқасында жүзеге асқан тарихи оқиға болатын. Мәшһүр Жүсіпте: «Шоңды Құдай, елі үшін жаратқан» - деп жазып, қазақтың соңғы әділ биі ретіне сипаттайды. Шоң би өте беделді, кемеңгер дана, елдің бірлігін сақтаған адам. Мәшһүр Жүсіп өзінің «Өмірбаяндық дерек» деген еңбегінде: «Шоң, Шорман ел иесі болып тұрған күнде, Құдай рахмет қылсын, Шоң бидің ғақылға кемеңгерлігімен Кенесары, Наурызбайдың жетегіне ілікпей, жел бергеніне желікпей, Иван Семенович деген полковой келіп, Баянаула тауынан Мырзашоқы деген жерден ағаш кестіріп, қала салып, Шоң биді аға сұлтандыққа сайлап, сонан бері қарай қазақ жұрты асын тыныштықпен ішіп, жесір қатын, жетім бала малына ие болды», - деп, қазақтан шыққан бірінші аға сұлтанның жеке басына жоғары баға береді.
А.Янушкевич 1846 жылы Парижде шыққан «Дневники и письма» еңбегінде былай деп жазады: «Шоң – үлкен адам болған. Ол адамдарды ақылмен, адал, шебер басқарды». Ғалым Шоң би Едігеұлы төрелерді елден аластап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді десе, Шоқан Уәлиханов: «Төрелер Баянауыл округіне ықпалын жүргізе алмады, оны Шоң, Шорман сияқты күшті билер басқарып еді», -дейді.
Шоң би дін тазалығына ерекше мән берді, ол тіптен елден аластап арамтамақ қожа, молдаларды да қуғаны елге мәлім.
1836 ж. мамыр айында 82 жасында дүние салды. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи мазарының аумағында жерленген.
Шоң би Едігеұлы аға сұлтан халқына жаққан билеуші, ел мүддесін көздеген би болып, даналығымен, әділдігімен, туралығымен дараланып, бұқара көңілінен шықты. Көпшілік жиналған жерде әрқашан ақыл-ойының кеңдігімен, озық ойымен ерекшеленген. Шоң би шариғатпен қоса бұратана елдер туралы ресей патшалығының әрбір заңы мен жарлығын жетік біліп, осы арқылы өз елін «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай» әділ басқара білді. Сол үшін де Шоңды ел қадір тұтып, ардақтап, құрметтеген. Шоң би Едігеұлының ақылы асқан дана, халқының құты болар дара тұлға ретінде қазақ тарихында алар орны ерекше.
ШОҢ, ТОРАЙҒЫР БИЛЕР
Шоң Едігеұлы Павлодар облысының Баянауыл ауданында 1752 жылы дүниеге келіп, 1836 жылы 82 жасында қайтыс болған. Шоңның әкесі – атақты Едіге би Төлебайұлы. Шоңның шын аты Ақдәулет екен. Едіге би Ақдәулет есімді жеті жастағы баласын ертіп 96 жастағы керей Қожаберген жырауға сәлем беру үшін барады. Ақдәулетті көрген қарт жырау:
Тірі болса билердің зоры болсын,
Хан, сұлтан, төрелердің соры болсын.
Бітіміне істері ылғи сай боп,
Ақдәулет болмай аты, Ер Шоң болсын!, —
деген екен. Кейін осы бала Шоң би атаныпты деген сөз бар.
* * *
Торайғыр Едігеұлы 1772 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың арғы атасы. Торайғыр қазаққа аты шыққан би-шешен болған адам. Солтүстік өңірінде Торайғыр би құрметіне қойылған жер-су аттары да баршылық. Торайғыр биден шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау сөздер көп қалған. Торайғыр би атымен тығыз байланысты аталып жүрген отыздан аса сөз бар.
* * *
Шоң мен Торайғырдың ата-тегі қазақ шежірелерінде былай таратылады. Арғын ішіндегі Мейрамсопы, одан Қуандық, Сүйіндік, Бегіндік, Шегіндік, Шұбыртпалы, Қаракесек, Сүйіндіктен «Төртұлы» деп аталатын төрт ауыл атасы қосылған. Олар Қаржас, Жанболды, Құтболды, Орманшы, осының Жанболдысынан Айдабол би тарайды. Айдаболдан Едіге, одан Шоң мен Торайғыр билер тараған.