Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге 
болады?
 
 
Адамның ішкі жан дүниесінің тылсымы: 
  
«
Жолына тағдыр қаттырақ,  
Мініпсің аға, ақ пырақ. 
Сәулесі мәңгі сөнбейтін,  
Жаныпты сізде шам-шырақ!» 
 
Сәкен Мұздыбаев, шахтер.
 
Шығыс Қазақстан облысы.
 
  
ЖҮРЕКТЕГІ
 
ЖАРАТУШЫМЕН
 
ТІЛДЕСУ
 
АРҚЫЛЫ
  
ДӘРІ
-
ДӘРМЕКСІЗ
 
ЕМДЕЛУДІҢ
 
ЖӘНЕ
 
ЖОҚШЫЛЫҚТАН

КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДЕН
 
ҚҰТЫЛУДЫҢ
 
ҚҰПИЯЛАРЫ
 
 «
Даналық сөз – мұсылмандардың жоғалтқан (іздеп жүрген) нәрсесі. Оны қай жерден 
тапса, сол жерден сіңіріп алуға хақылы».       Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 «
Мен  Елбасы  болсамда  қазақ  деген  атасын  ардақтап,  анасын  сыйлаган,  аруағын 
қастерлеп,  Алласына  сиынған  елдің  перзентімін.  Аруақтын  бар  екені  рас  болса,  Атырау 
мен Алтай, Алатау мен Арқаның арасында талай төбе дөңбекшіп, талай ісімізге орнынан 
аунап түсіп, бүгінгі біздің ісімізге ақ батасын беріп жатқан болар деп білемін. Лайым сол 
бабалардың  батасы  қабыл  болсын  дегім  келеді...Біз  екі  жарым  ғасырдан  астам  Ресейдін 
боданы болып келдік. Сондықтан мен санадагы құлдык психологияны өзгерту үшін ата-
бабалар  аруағына  сиындым,  солардың  қасиетті  рухын  тірілттім.  Бүкіл  қазаққа  сауын 
айтып,  оларға  ас  беріп  тойларын  өткіздік. "Өлі  риза  болмай,  тірі  байымайды"  дейді 
халқымыз. Сол аруақтар риза болсын деп, жатқан жерлерін тауып, басына белгі орнаттық, 
есімдері ел жадында жүрсін деп олардың атын мектептерге, көшелерге, ауыл-селоларга, 
аудандарға бердік...Ендеше сол аруақтар бізді қолдамады деп кім айта алады? !» 
 
 
Қазақстан Республикасының Президенті: Н.А.Назарбаев. 
 
Бұл кітап еңбектеген баладан, еңкейген кәрілерге дейінгі аралықтағы пенде балаларына 
арнап  жазылған.  Себебі,  адам  баласы  өзінің  болмысын  білмесе,  жүрек  кірі  аршылмай, 
рухани  надандықтан  зардап  шегіп,  екі  дүниенің  де  азабын  тартады.  Алланың  құдіреті 
жүрегіндегі Жаратушы – Ғазиз жанына көңіл бөлмей жүргендер енді көңіл бөліп, көкірек 
көздері  ашылып,  жүректерінің  кірі  аршылып,  өмірдің  маңызы  мен  мәнін  түсініп,  бір 
Жаратушының  бар  екеніне,  өзінің  тағдырының  өз  қолында  екеніне  көзі  жетіп, 
денсаулығының,  тұрмысының  келеңсіз  жақтарын  түзеп,  адамдармен  қарым-қатынасын 
жақсартып,  қоршаған  ортаның,  Әлемнің  тылсымының  тұңғиығына  сүңгіп,  өзінің  өмірге 
деген  көзқарасын,  ойлау  жүйесін  күрт  өзгертіп,  осы  өмірде  сеніммен  аяқ  басып,  рухани 
жетіліп,  өз  өмірінің  жауапкершілігін  өзіне  ғана  жүктеп,  Өз  Әлемін  өзі  қайта  құрып, 
қоршаған  ортаны,  Ақиқатты,  Табиғатты,  Жаратушыны,  Әлемді,  айналасындағы 
адамдарды басқаша көзқараспен,   ойлау жүйесімен қабылдап, шексіз бақытқа шомылады. 
Оқырмандардың кейбір пікірлері:
 
Аса қымбатты Әсет мырза!
 
Көптен  іздегенім,  көктен  сұрағаным  жерден  табылғанына,  сіз  сияқты  замандасымның  бар  болғанына  өте  қуаныштымын! 
Басқа елдің авторларына табынып, сүйсініп жүргенде мынандай көктемнің шуақты күнінде сіз маған жаратқанның керемет 
силығы  болдыңыз!  Сізді  қазақтың  Джо  Виталесі  мен  Джозефф  Мерфиі  десем  артық  айтпайтын  шығармын!  Сіздей 
АЗАМАТТАР  Қазақстанда  көбейе  берсін!  Құдай  қолыңызға  қуат,  өміріңізге  шуақ  берсін!  Өмір  сұрағына  жауап  таба  алмай 
мен сияқты миллион қазаққа Алланың нұрын жеткізе беріңіз!
 

Құралай Ошақбаева, 20.04.2010 10:47
 
Құрметті Әсет аға!
 
Сізге басымды иiп алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Сіздің жазған кітаптарыңызды қазір оқи бастадым. Қатты әсер аламын 
сіздің терең ойларыңыздан. Сізге зор денсаулық және творчествалық таусылмас табыс тілеймін.
 
Тілек білдіруші, Асыл Жақыпбек. Assyl
 
Zhakypbek 23 май 2010 в 12:57. Канада, Монтреаль
 
Сәлеметсіз бе, Әсет Ризаұлы!
 
Мен  сіздің  оқырманыңыз  боламын.  Сіздің  «Жүйке  жүйесінің  тылсымы»  атты  кітабыңыз  мені  қайта  өмірге  әкелді.  Сізге 
Алланың нұры жаусын!
 
Мен,  Заман  Таңшолпан  Жаңабайқызы  1993  жылы  Шымкент  қаласы,  Сайрам  ауданы,  Көмешбұлақ  ауылында  дүниеге 
келдім.  2010  жылы  Көмешбұлақ  жалпы  орта  мектебін  бітірдім,  бірақ  жоғары  оқу  орнына  түспедім.  Себебі,  2010  жылы  12 
мамырда Шымкент қаласындағы жындыханага өте ауыр жағдаймен түстім. 17 күн реанимацияда, 4 күн комада жаттым. Ата
-
анам  тестті  уайымдап  содан  ауырды  деп  ойлайды.  Менде  грантқа  түсе  алмаймын  деген  қорқыныш  болған  жоқ,  сабақ 
үлгерімім өте жақсы болды, тесттен үнемі 100
-
ден жоғары балл жинайтынмын. Жындыханадан ештеңе білмей шықтым.Ол 
жақта  есімді  жиғанымда:  «неліктен  бұл  жерде  жатырмын», 

деп  тоқтаусыз  жылайтынмын.  Ол  жерде  өткен  45  күнім 
өмірімнің  ең  ауыр  кезі,  бірақ  ойлансам  мен  бақыттымын!  Себебі,  мен  жазылдым,  ол  жерде  жазылмай  калған  қаншама 
адамды  көрдім.  Қазір  міне  Халықаралық  Гуманитарлы
-
Техникалық  Университетінің  1
-
курс  студентімін,  жағдайым  бір 
қалыпты,  жақсы  достарым  бар.  Өзіңіз  кітабыңызда  жазғандай,  Алладан  өмірдің  келеңсіздіктерін  қасқайып  тұрып  қарсы 
алатын алаңсыздык, өзгертуге болатынды өзгертетін батылдық, соның айырымын түсінетін даналық бере гөр деп тілеймін. 
Сізге зор денсаулық, жанұяңызға амандық, береке, бірлік, молшылық тілеймін. Рахмет сізге!
 
Таңшолпан Заман. 27 ақпан. сағат 21:21. 2012 жыл
  
«
Ризаның Әсетіне рахмет айтам,
  
Оятқан санамызды ұйықтап жатқан.
 
Кітабын оқып шығып рахат алам,
  
Аштықтан он күн бойы нәр татпаған.
 
 
Ойпырмай, ойлаймын да мен таң қалам,
  
Жамандыққа соншалық құмар болған.
 
Жақсылыққа шақырса бұл қалай деп,
  
Мың ойланып, толғанып көп қиналған.
 
Өмірде ізденумен жүрген жанмын,
  
 
Жаңалыққа мен жасымнан құмармын.
 
Малаховтын кітабын, бес томдығын,
  
5 жыл ұстап, астында жастығымның.
 
Әсері Әсет аға, лезде болды,
  
Көңілім, ой
-
санаммен қабыл алды.
 
 
Алдыңғы дәл озіңдей ағалардан,
  
Үлгі алып, інілерің бас шұлғыды.
 
Ризаның Әсетіне мың рахмет,
  
Бөліскен жақсылықты көптен құрмет.
 
 
Ауылымның дәл өзіңдей азаматын,
  
Арқада Тұрсын 

інің мақтан етед!
». 
 
Тұрсынғали Қызырұлы Әмірханов, ашығу ілімін ұстанушы.
 
Қарағанды қаласы. 27.10.2008 жыл.
 
  
МАЗМҰНЫ: 
 
Кіріспе 
 
I ТАРАУ.    ҒАЗИЗ ЖАННЫҢ ӨМІРІМІЗДЕ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Мен Алланың бір бөлшегімін 
Ғазиз жан дегенімізді қалай түсінеміз? 
Ғазиз жанның бағдарламалары 
Ғазиз жанмен байланысу қауіпті емес пе? 
Өзіңнің Ғазиз жаның туралы не білу қажет? 

Өзін-өзі сақтау міндеті 
Ғазиз жанымның көмегімен қалыңдығымды қорғап қалуым 
Ағзаның өмір сүргіштігін басқару 
Еске сақтау қабілеті 
Ғазиз жан сырттан келетін ақпараттарды мүлтіксіз қабылдайды 
Өз бетіңізше ойлай алу 
Сәби қалай қорқады? 
Бір де бір дұрыс еркек жоқ деген тұжырым дұрыс па? 
Пенде баласының өзі жұмбақ. Әйелін түсінбейтін еркек 
 
II  
ТАРАУ.            ЖҮРЕКТЕГІ  ЖАРАТУШЫ  –  ҒАЗИЗ  ЖАНЫҢЫЗБЕН  ТІЛ 
ТАБЫСУ 
Өзіңді жетілдіру, дамыту қақпасы 
Біздің мақсатымыз 
Ғазиз жанмен тілдесуді үйрену әдістері 
Ақпаратты сөз ғана тасымалдамайды 
Сөз өсіреді де, өшіреді де 
Аузыңыздағы сөзіңізге абай болыңыз 
Даусы қарлыққан мұғалім 
Ғазиз жанмен қалай тікелей байланысқа қалай шығуға болады? 
Байланыс әдістері 
Саусақ белгілері 
Енді іске кірісейік 
Маятник тербеліс әдісі 
Сұрақтарды қалай қоюға болады? 
Өзіңді-өзің қайта құрудың сызба жоспары 
Ғазиз жанға қайта бағдарлама беру әдісі бойынша, асқазанды емдеу 
Өзіңіздің жеке тарихыңызды қайта төңкеріп қарау 
Мүсіркеме сорлыны, мүсіркесең сорлыны, өтер онда қорлығы 
Бала таппай түсік тастау –  баланы құрту бағдарламасының бір көрінісі 
Танауынан ағатын ірің – іштегі өксік, білінбеген сағыныш 
Ұлы мен немересін мүсіркеп, жүрегі ауырған ана 
Тарихыңды төңкеріп қайта қараудың әдістері 
Бейнелерді өзгерту 
Ғазиз жанның тұңғиығына барудың әдістері 
Әкесіне, күйеуіне өкпелеп – жатырынан қан аққан әйел 
Ғазиз жаныммен байланысқа шығуым. Әруақтардың түсіме кіруі 
Өзін азат етіп, қинамауды өтінген әруақ 
Құран дәметкен әруақ 
 
III ТАРАУ.   АДАМДАР ӨЗДЕРІНЕ ҚАЛАЙ АУРУ ТАУЫП АЛАДЫ 
Ауру дегеніміз не? 
Емделерден бұрын, ауруға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз 
Қазіргі қалыпты медицинада өте қызық жағдай қалыптасқан 
Ауру – біздің санамызға теп-теңдіктің бұзылғаны жайлы хабар 
Бастығымен жанжалдасып жаны қалған адам 
Адамның ой-өрісінің алапат күші 
Бұрынғы  АҚШ-тың  Орталық  барлау  басқармасының  және  саяси  барлаудың 
директоры Аллен Далестің құпия нұсқауы: «Американың СССР-ге қарсы күресінің 
негізі» 
Ойдың құдіреті:  ащы судың тұщы суға айлануы 
Қортынды 

Қазіргі қалыпты медицинадағы қалыптасқан көзқарастар 
Бұрынғы ата-бабаларымыздың, бақсы-балгерлердің көзқарастары 
Жазылу жолына түсу 
Сіздің ауруыңыз не жайында хабар беруге тырысады? 
Қалтарыста жатқан қалауың 
Жалғыздықтан құтылған кемпір 
Ауру – адамның қалауын қанағаттандыратын қарапайым әдіс 
Ауруымыз – қара ниетіміздің, жаман ойларымыздың жемісі 
Ой қалай өзінің талқандау әсерін іс жүзіне асырады? 
Жатыры ісіген әйелдің жазылуы 
Өткен күндерің өшпес із қалдырып, ауру туындатады 
Тоты құсты таптап кетіп «жынданған» қыз бала 
«Қызтекеліктен» құтылған бозбала 
Адам ауырсынғанын Ғазиз жанның тұңғиығына тұншықтырып тастайды 
Танаудан ағатын су – булығып жатқан сағыныштың көз жасы 
Аурулардың туындайтын негізгі себептері 
Қысқаша қортындыласақ 
 
IV  
ТАРАУ.         АДАМНЫҢ ТӘНІ 
Адам анасының жатырында қалай дамиды? 
Әйелдің жүкті болуы 
Жүкті болған кездегі улану 
Түсік тастау 
Түсік тастаған келіншектің өмірден алған сабағы 
Бала көтермеу 
Екі қабат баласын алдырып, екі қабат бала жатырынан тыс біткен 
Кей кезде бала көтермеуге әйелдің қара ниеті себеп болады 
 
V  
ТАРАУ.          АУРУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 
Бізде артық мүше бар ма? Біреуін алып тастаса не болады? 
Балалар аурулары 
Қызғаншақтықтың, жауыздықтың зардабы 
Баласын алдырып тастауды ойлаған әйел 
Қорқыныштан кімді емдеу керек? 
Кішкентай қыздың қорқынышы 
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің 
Әйелдердің аурулары 
Жатыр 
Эндометриоз 
Менің күйеуім керемет күйеу, менде оған деген сүйіспеншілік жоқ 
Жатырдың ісігі – фибромиома 
Дұрыс әйел де, дұрыс күйеу де болады 
Жатыр мойнының таттануы (эрозия шейки матки) 
Өзімді сүйікті әйел, аяулы жар ретінде қалай сезіне аламын? 
Жыныс мүшелерінің сыртының қабынуы, вагинит, ақуыз 
Маған ылғи қаққан-соққан еркектер кездеседі 
Дисменорея – етек кірдің жүйелі келуінің бұзылуы 
Айлық етеккір айналымы неге бұзылады? 
Өткен өмірінде еркек болған әйел 
Аменорея – етек кірдің келмеуі 
Жыныстық жетілуі тоқтап қалған бойжеткен 
Жатырдан қан ағу 

Күйеуі басқа қатынға барып жүр деп күдіктенген әйел 
Ет өсу және жұмалақтардың қабынуы (киста и воспаление яичников) 
Еркекшора бойжеткеннің арманы, ауруының себебі 
Қозу, төсек ләззатын алмау, қанағаттанбау 
Өзін қоздыра алмайтын жас келіншек 
Қозбайтын әйел, жыныстық қатынас рахатына шомыла алмайды 
Қандай ойларым, қылықтырым, төсек ләззатына  бөгет жасап жүр? 
Сүт бездері 
Сүт бездерінің аурулары 
Ет өсу мен беріштену (кисты и уплотнения) 
Баласының еркін өмір сүруіне мүмкіншілік бермеген ана 
Емшектен сүт шықпау (мастит) 
Баламды дұрыс күте алмаймын деп ойлайтын әйел 
Емшегі ісіп, қатып, ысып кеткен келіншек 
Емшек бездерінің жетілмеуі 
Еркектердің аурулары 
Жұмалақ, еркектің сайманы (яички, член и предстательная железа) 
Қанды ірің – гонерея  әйелімен және ойнастарымен байланысты 
Шыжың ауруы қазіргі медициналық әдістерге көне ме? 
Жеті жылға созылған аурудың  үш айға толар-толмаста жазылуы 
Қара нар шөгіп қалар бел кеткен соң 
Белсіздік (импотенция) 
Еркектік сайманы өзінен анағұрлым ақылды адамның «жорығы» 
Еркектердің жыныс мүшелерінің аурулары 
Сифлис, гонорея, гениталды герпс, трихаминоз, СПИД 
Ішкі даусына құлақ аспай,   ат» болып сорлаған еркек 
Ғазиз жаныңа: әйелге дұрыс қарау үшін жіберген ауруы үшін алғыс айт 
 
VI ТАРАУ. МАСКҮНЕМДІК, ТЕМЕКІ ШЕГУ, СЕМІЗДІК 
Маскүнемдік 
Маскүнемдік дегеніміз не, оның себептері? 
Өліп барып тіріліп,   өзіне-өзі жоқтау айтқан адам 
Біреу: өмірге, үкіметке, саясатқа өкпелеп апталап жатып ішеді 
Маскүнем ұлын емдеуге әкелген әйел 
Қысқаша қортындылайық 
Темекі шегу 
Сіз шылымға қалай байланғансыз? 
Өзіңізге таңдау жасаңыз! 
Семіздік, артық салмақ, қомағайлық, мешкейлік 
Қалай арықтауға болады? 
Семіздікке жетелейтін кейбір ойлар мен сезім құбылыстары 
Өз басындағы отты көрмей, елдің басындағы шоқты көру 
Науалы тұрғыны Нұртаза Абылхан ақсақалдың әңгімелері 
Найманның тажалы 
Өзінен әрқашан кінарат іздейтін семіз  келіншек 
Ішкі ашу-ыза, кешіре алмау да семіздікке ұрындырады 
Емші, мені қомағайлықтан құтқарыңызшы! 
Кедейдің бір тойғаны, шала байығаны 
Салауатты өмір салтына қалай көшуге болады? 
Әсеттің 104 жасаған Саңқайбай атасының әңгімесі 
 
 

VII ТАРАУ.   СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІҢ – ІШКІ АҚИҚАТЫҢ 
Әрбір пенде өз өмірін, өз әлемін – өзі құрайды 
Ойымыз фәни-заттық әлемде іс жүзіне асып, нақтылы затқа айланады 
Сөз деген сиқырлы таяқша 
Үш күн қой бақаннан ақыл сұрама. 
 
Н. С. Хрущевтің қазақ ұлтына жасаған жақсылығы 
Бақыт пен сәттілік, молшылық пен табыс қалай келеді? 
Сіз жетілгеннің бәрісіз деп не себепті айтамыз? 
Біздің іс-әрекетіміз сөзден, қозғалыстан басталмайды 
Әркім өзінің әлемі жөніндегі жауапкершілікті өзіне жүктей алады 
Қарымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңы 
 
VIII 
ТАРАУ.      ЖАРАТУШЫ ҒАЛАМНЫҢ ІШІНДЕ 
Бір тұтастық заңы. Өмірдің мағынасы мен мәні неде? 
Алла тағаланың тұтас  «бiр» болуы 
Жайлы жағдай заңы 
Өз ауруыңызға, кедейшілігіңізге сүйіспеншілікпен қараңыз 
Басқа бәле тілден, талқандайтын ойлар 
Ойға қонбайтын Ақиқат 
Қанша адам болса, сонша әлем 
 
IХ ТАРАУ. СЕЗІМДЕР 
Сезім мүшелерінің сүзгісі (Нейрофизиологиялық) 
Әлеуметтік сүзгі 
Жеке бастың сүзгісі 
Ақиқат 
Сезімнен де жоғары адамның ақылы тұрады 
Ақылдан жоғары ес тұрады 
Адамның есінен жоғары оның «мені» тұрады 
Нәзік денелер дегеніміз не? 
Жек көрушіліктен сүйіспеншілікке апаратын үш қадам 
Жылы, жылы сөйлесең жылан інінен шығады 
Қорқыныш 
Реніш 
Ойнас жасаған күйеуін кешіріп, оған алғысын жаудырған әйел 
Екі сопының әңгімесі 
Өзін кінәлі сезіну 
Жақтырмау сезімі, күйгелектену, ашу-ыза 
Күйеуім маған тіпті жақын, қымбат адам болады 
Көре алмаушылық сезімі 
Қызғаншақтық сезімі 
Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың өмір өткелдеріне қысқаша шолу 
Қорытынды 
Пайдаланған кітаптар 
  
 
Кіріспе 
 
 
«Әрбір кісі жақсылық үшін жаралған, сол жолды ұстаса бәле жаладан аулақ болады».   
      
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 

 
Жаратушы  қиямет  қайымда  бүкіл  пенделерін  жинап  алып,  Ғарыштың 
заңдылықтарын  бұзғандары  үшін  жаза  тағайындап  жатыр  екен.  Дәрігерге  ең  ауыр  жаза 
бұйырыпты. Дәрігер шамданып: 
–          
Мен  дәрігермін.  Адамдарға  көмектесемін.  Олардың  қасіретін,  азабын, 
күйзелісін жеңілдетемін. 
Жаратушы былай депті: 
– 
Мен  пенделеріме  істеген  күнәлары  үшін  ауру  жіберемін,  олар  осыдан  кейін 
ойланып барып, түзу жолға түсуіне сен кедергі жасайсың. 
 
«Бір  сағат  білім  іздеу,  үйрену  түні  бойы  намаз  оқып  шыққаннан  артық.  Бір  күн  білім 
үйрену үш ай ораза тұтқаннан да артық».   Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)          
 
Құрметті  оқырман!  Бұл  кітап  Сізді  адам  ағзасының  Ғазиз  жанының  тұңғиығына  батып 
кеткен ауруларының, санасына сіңіп алған кедейшіліктерінің себептерімен таныстырады. 
Өз  бетіңізше  ауруыңыздың  себебін  анықтап,  көп  жағдайларда  дәрі-дәрмексіз  жазылып 
кетуіңізге және аурудың алдын алуға септігін тигізеді. 
 
Қазіргі  қалыпты  медицина  аурудың  қалай  пайда  болу  себебін  білмейді.  Себебі, 
институтта болашақ дәрігерлерді – науқасты емдеу үшін аурудың түрін анықтап, осыны 
жою  жолдары  мен  әдістерін  ғана  оқытады.  Аурудың  пайда  болу,  туындау  себебі 
оқытылмайды.  Аурудың  туындау  себебін  іздейді,  өкінішке  орай  әлі  күнге  таба  алмай 
келеді.  Таңқаларлық  жағдай!  Қандай  жағдай  болмасын,  науқасты  емдеу  үшін  аурудың 
пайда  болу,  туындау  себебін  анықтап  алу  керек  қой.  Алдымен  осы  себепті  жою  қажет 
емес  пе?  !  Диалектикалық  философияның  негізігі  заңдарының  бірі:  «Себепсіз  салдар 
болмайды».  Ақиқатқа  жүгінсек  –  аурудың  туындау  себебі  қазіргі  қалыпты  медицинаға 
белгісіз. 
Қазіргі кездерде салауатты өмір туралы көптеген оқулықтар, кітаптар жарық көріп жатыр. 
Бірақ, солардың бірсыпырасы адам өміріндегі құбылыстардың себептерін түсіндіре алмай, 
тек  қана  оның  пайда  болу  салдарын  ғана  қарастырады.  Сондықтан  мұндай  кітаптарда 
түрлі  реттегіш  тәртіптер:  медицина,  дене  шынықтыру,  тыныс  алу,  аштық  ұстау,  иога 
әдістері  т.б.  тәрізді  тек  қана  тәнді  бір  қалыпта  ұстау  жөнінде,  әрі  кетсе  адамның 
психологиялық  сипаттары  қарастырылады.  Адамның  адамдығын  дұрыс  қалыпта 
қалыптастыру  одан  әріден,  рухани  деңгей:  жүрегіндегі  Жаратушының  қуаты,  бөлігі  – 
Ғазиз жанынан басталады. Бұны түсінбеген жағдайда адамшылықтың құлдырауының тек 
салдары  ғана  көрініп,  ал  оның  түпкі  мәні,  негізгі  себебі  сол  салдардың  астында  қалып 
көрінбей  қалады.  Түпкі  себепті  түсініп,  соған  әсер  еткенде  ғана  олардың  себептерінен, 
яғни қарымтасынан арылуға болады. Түпкі себебін түзетсе, оның түрлі салдары өздерінен 
өздері жоғалатыны белгілі. Бірақ бұл үшін рухани білім керек. Адамның түпкі болмысы – 
Ғазиз жанын тани білу! Қазіргі дәрігерлер адамның тәнін ғана оқиды. Олар Ғазиз жан – 
жүректегі Жаратушының қуатын, ақыл, ой, зерде, ес, сезім құбылыстарын және адамның 
өзінің шыбын жанын,  рухын, нәзік денелерін есепке алмайды. Нақтылы ем –  бұл біздің 
табиғатпен  үйлесімділікте  және  табиғи  қалыпта,  Табиғатпен  үйлесімділікте  өмір  сүру 
салтымыз: қалғанының бәрі де 2-ші, 3-ші, 4-ші орындарға сырғиды. 
 
Шартты  түрде  бәріміздің  де  ұзақ  өмір  сүргіміз  келеді,  ал  іс  жүзінде  өзіміздің 
өмірімізді  барынша  қысқартамыз.  Мұнда  қандай  мағына  бар?  Таңқаларлық  жұмбақ 
мынада, адам жаратылысының керемет құрылымы, ең кішкентай бөлшегінің өзі жетілген, 
Құдайдың  санасына  ұқсас  сана,  мүсіншілер  еліктейтін  тұлға,  осыны  адам  өзі  аяусыз 
жоюда! Бұған ақталу жоқ!      Барлық дұрыс ойлы адамдар бақытты, ұзақ, пайдалы өмір 
қалайды. Ол үшін ұзақ ғұмыр, сенімді денсаулық ережесі болуы тиіс-ақ, өкінішке орай – 
бәрі  керісінше!  Қазіргі  медицинада  химияның,  хирургияның  дамуы,  сәулелерді  т.б. 
қолдануы  –  керемет  жетістіктер!  Бірақта  неліктен  адамдар  дені  сау  болудың  орнына  

ауруының үстіне аурулар жамауда және жаңадан аурулар түрлері пайда болуда? Өзінен-
өзі заңды сұрақ туындауы мүмкін – өзін өте тамаша сезінетін адамдар бар ма екен? Әрине, 
сіздің  айтуыңыз  мүмкін:  «осы  аурулар  үнемі  болған,  бірақ  олар  жайлы  білмеген, 
анықтамаған  сондықтан  да  емдемеген».  Кейбір  жерлері  шындық,  бірақ  толықтай  емес. 
Көпшілік  сияқты  бәлені  –  ауаның,  судың,  қоршаған  ортаның  ластануына,  дұрыс 
тамақтанбауға  толықтай  жабуға  болмайды.  Көкөністердің,  жемістердің  химиялық 
тыңайтқыштар  мен  дәрілер  қолдану  арқылы  өсірілетіні,  зауыттардың,  автокөліктердің 
қоршаған  ортаны  бұзып  ауаны,  суды  лайлайтыны,  осылардың  салдарынан  өсімдік  майы 
мен  сары  майдың,  нанның,  көкөніс  –  жемістердің  т.б.  азық-түліктердің  уланатыны  бәрі 
шындық. Бірақта бұның бәрі шырғалаңдардың заттық (материалдық) көрінісі; аурулардың 
негізгі  себептері  –  Ғазиз  жаныңызда  жазылған  бағдарламадағы  ойлау  жүйеңізде,  сезім 
құбылыстарыңызда,  тәртібіңізде,  осыған  орай  қылған  іс-әрекетіңізде!  Бұл  жөнінде 
ешуақытта,  ешбір  жерде  айтылмайды.  Кейбір  ойлар  адамды  аздырып  –  улап  та 
жіберетінін көпшілік білмейді. 
Осындай  кемшіліктердің  орнын  дәрі-дәрмектермен  алмастыруға  тырысамыз.  Тек 
соңғы 20-30 жылда ғана психосоматикалық медицина (жан мен тәннің өзара байланысын 
зерттейді)  адамның  мінез-құлқы,  санасы,  пайымдауы,  қылған  қылықтары  адамның 
денсаулығына тікелей әсер ететінін ұға бастады. Олар адамның Ғазиз жаны мен шыбын 
жаны,  рухының,  нәзік  денелерінің,   бар  екенін  амалсыз  мойындап,  осыған  араласуға 
тырысуда. Бірақта, осы Ғазиз жан мен шыбын жан, рух, нәзік денелер әрқашанда болған 
ғой!  Ғазиз  жанның,  өз  жанының,  рухтың,  нәзік  денелердің  бар  екенін  біле  тұра  неге 
дәрігерлер ауруларды фәнилік-заттық (материя) , тәндік тұрғыдан ғана қарайды? 
 
Мамыражайлыққа, демалуға, ұйықтауға қабілетті болу үшін, әр күніңізді – демалуға, 
көңіл  көтеруге,  дене  шынықтыруға  және  жақсы  ұйқыға  уақыт  қалатындай  қылып 
жоспарлауыңыз керек. Егер сіз тамаққа тойып алғаннан кейін, таза ауада жаттығу немесе 
бақшаңызда  жұмыс  жасамай,  не  3  шақырым  жүріп  қайтпасаңыз  рахаттанып  ұйықтай 
алмайсыз.  Үй жұмыстары және күнделікті күйбің тіршіліктеріңіз денеге көп күш түсіреді 
деп ойламаймыз. Таза ауада жұмыс істеу, қыдыру, жүгіру, суға малту, терең тыныс алу, 
дене шынықтыруын жасау қажетті нәрселер. Сіз өз денеңізді табиғи тамақпен, таза сумен, 
таза  ауамен,  күн  шуағымен  қуантуыңыз  керек.  Тамақтануда,  демалғанда,  ұйықтағанда 
және  өмірдің  қарапайым  әдеттерінде  табиғатқа  неғұрлым  жақын  болуға  тырысыңыз. 
Табиғаттың  қалауы  бойынша  өмір  сүре  бастаңыз,  сіз  шексіздіктің  бір  бөлшегісіз. 
Тағдырыңызды табиғаттың қолына тапсырыңыз, оған сеніңіз. 
Аздап сырқаттанса болды адамдар дәрі-дәрмектерге ұмтылады. Неге табиғи әдістерді 
қолданбасқа?  Мысалы,  сіз  қатты  жаурап  қалшылдап  келсеңіз,  шешініңіз  де  құрғақ 
сүлгімен, не болмаса жылқының қылынан жасалған қолқаппен өн-бойыңызды тез-тездетіп 
ысқылай бастаңыз, сонан кейін құрғақ киініп, ыстық су ішіп, жылы оранып жата қалыңыз. 
Сіз  терлеп  қолма-қол  сауығып  кетесіз.  Ауырғаныңызды  күтпеңіз.  Кез  келген  нәрсені 
ауызға  салып  қылғытып  жұта  бермеңіз.  Дәрі-дәрмектерді  қолданбауға  тырысыңыз. 
Омыртқаңызға,  оның  түзулігіне  басты  назар  аударыңыз.  Көптеген  аурулар  омыртқаның 
қисаюынан,  жұлынның  қысылып  не  жаншылып  қалуынан...  болады.  Жүйке  жүйесі 
мүшелерді қоректендіретіндіктен – алдымен жүйкені емдеу қажет. Адам егер өзін тәнімен 
ғана  балап,  тек  нәпсісінің  ықпалымен  өмір сүретін  болса,  онда  ол надандық  ықпалынан 
шыға  алмай,  жан  ауруына  ұшырайтын  болады.  Жан  ауруына:  дөрекілік,  ашу, 
көрсеқызарлық,  қызғаншақтық,  мансапқорлық,  сараңдық,  өзімшілдік,  көре  алмаушылық, 
өсек,  немқұрайлылық,  күйзеліс,  қорқыныш,  сенімсіздік,  уәдеде  тұрмау,  алдау  тәрізді 
келеңсіз  қасиеттер  жатады.  Ал  ондай  аурудан  аман,  жаны  таза  адамның:  сыпайылық, 
шыдамдылық,  тазалық,  мейірімділік,  шыншылдық,  жомарттық  тәрізді  рухани  қасиеттері 
болады. Олар өмірде аз қателіктер жіберіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Оларға 
жоғарыда  айтылған  қиыншылықтардың  әсері  көп  болмайды.  Осылай  жан  саулығы 

адамның денсаулығының негізі екенін көреміз. Адамның тәні, психикасы және жаны сау 
болғанда ғана ол толық сау бола алады. 
Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  үшін  әуелі  Ғазиз  жан  –  адамның  жүрегінде 
орналасқан Жаратушының кішкентай ғана бөлшегін, қуатын: адам болмысын танып, оның 
бүкіл  Әлеммен,  Ақиқатпен,  Ғарышпен,  Табиғатпен,  Жаратушымен  тікелей  байланысын, 
әлемдегі адамның алатын орнын, тіпті адам өмірінің негізгі мақсатын анықтап алу керек. 
Өмірдің  осындай  түпкі  сырларын  өзіміздің  хакім  –  Абай  бабамыз,  әулие  –  Шәкәрім 
атамыз тәрізді халқымыздың ұлы тұлғалары ашып, беріп кеткен. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет