ШҚо жарма ауданы «Қызылағаш орта мектебі» кмм



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі314,17 Kb.
#752

 

ШҚО 

Жарма ауданы 

«Қызылағаш орта мектебі» КММ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Исбаева Құралай Дүйсенқызы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 – 2016 оқу жылы 

 

Тақырыбы: Отбасы жарастығы. 

Мақсаты: 1Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтарын түсіну. 

                   2. Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру. 

                   3. Ӛзара сыйластыққа тәрбиелеу. 

Көрнекілік: сӛз жұмбақ, сандықша, мақал – мәтел. 

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс. 

І. Ұйымдастыру кезеңі: 

- Сәлеметсіздер ме, балалар! 

Керемет кӛңіл – күймен қауышып отырғаныма қуаныштымын. 

 

1.



 

Шаттық шеңбер. 

Оқушыларды шеңберге тұрғызып. М.Қуанышбековтың «Сен бақытты 

ұлансың» ӛлеңін бірге оқу 

Сен бақытты ұлансың! 

Анаң – күнің, жүрегің, 

Әкең – ӛмір тірегің. 

Сен бақытты ұлансың, 

Бәрі саған қуансын! 

Әжең – асыл ардағың, 

Атаң – дана қарғанын. 

Сен бақытты ұлансың, 

Бәрі саған қуансын! 

Ағаң – қамқор асқарың, 

Інің – мӛлдір аспаның. 

Сен бақытты ұлансың, 

Бәрі саған қуансын! 

Қарындасың – қанатың, 

Ел Отаның – жаннатың. 

Сен бақытты ұлансың, 

Бәрі саған қуансын! 

-Балалар, шынында да сендер де, үлкендер де бақытты ӛмір сүрудеміз. 

-Неге?  Ӛйткені  әке  –  шешеміз,  туған  –  туыстарымыз  жанымызда.  Бейбіт 

ӛмірде ӛмір сүріп   

Сабақты бастар алдында «Ӛзін – ӛзі тану» сабағының «5 - т» ережесін еске 

түсірейік. Бұл – тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық. 

-Енді тақтаға назар аударайық. Мына Сӛзжұмбақты шешейік. 

 

2. Сөзжұмбақ шешу. 

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын тауып, 

жазасыңдар. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



1.

 

Жүрген жерін жалмайды, 

Тастан басқа қалмайды. (от) 

2.

 

Отыз екі батыр, 

Екіге бӛлініп, 

Қамалып жатыр. (тіс) 



3.

 

Сынаптай жылтырап, 

Биіктен сырғиды, 

Ән салып былдырлап, 

Іздейді ылдиды. (бұлақ) 

4.

 

Қолыменен қаламы жоқ, 

Бірақ сурет салады кӛп. (аяз) 

5.

 

Жұқа тақтай бӛлшегі, 

Ұзындықтың ӛлшемі. (сызғыш) 

6.

 

Мӛлдіреген жүзімді, 

Ұстап едім үзілді. (шық) 

Осы сӛзжұмбақта боялған бӛлігінде қандай сӛз шықты? 

-Ендеше, балалар біз сендермен «Отбасы жарастығы» туралы әңгіме 

қозғаймыз. 



 

3. «Ойланайық, пікірлесейік» айдары. 

-Қазір сендерді үш топқа бӛлейін. Әр топ ӛзіне берілген тапсырманы 

орындайды. Тақырыбымызда «Отбасы» және «Жарастық» деген сӛздер бар. 

Осы сӛздердің мағынасын ашу барысында 1 – топ «Отбасы» сӛзінің 

мағынасын ашады. 2 – топ «Жарастық» сӛзінің мағынасын ашады. 3 – топ 

осы сӛздерді жинақтап қорытындылайды. 

 

4. Мәтінмен жұмыс. 

Оқулығымызды ашайық. «Отбасы татулығы» деген аңызды оқиық. 

3 – топ оқиды. 

2 – топ түсінгендерін айтады. 

1 – топ Отбасының татулығын ұстап тұрған қасиеттерін айтады. 

Қорытындылайды. 

 

5. Тыныштық сәті. (Баяу әуен ойнайды) 

-Ыңғайланып отырыңыз, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Қолымызды 

тіземізге немесе үстелге қоюға болады. Кӛздеріңізді жұмуларыңызды 

ӛтінемін.  

Елестетіп кӛріңіздер. Күн нұры сіздің тӛбеңізден ӛтіп, кеудеңізге қарай 

бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің 

түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр 

ойыңызды, әр сезіміңізді оятып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі 

сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды 

қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бӛленіп, сәуле шашуда. 

Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді. Нұр аяқтарыңызға тарады. 


Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін 

жақсы жерлерге апарады. 

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және 

жақсы ізгі сӛздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз. 

Құлақтарыңыз тек жақсы сӛзбен, әсем әуенді ғана естиді. Нұр кӛзімізге де 

жетті, кӛзіміз жақсылықты ғана кӛреді. Нұр бірте – бірте қарқын шұғылана 

бастайды. Сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы 

нұрды отбасыларыңызға, туыстарыңызға, достарыңызға бағыттаңыз, 

олардың да жүрегі нұрға толсын. 

Ойша айтыңыз «Мен нұрмын ... Нұр менің ішімде ... Мен нұрмын» 

Осындай жарасымдылық және тыныштық күйде отыра тұрыңыз. 

Оны осындай әсем қалпында сақтаңыз. Жаймен кӛзіңізді ашыңыз. Рахмет. 



 

6. Шығармашылық жұмыс 

Сандықшада тапсырманы орындайық. Сандықшада мақал – мәтел жазылған 

біреуін таңдап, жатқа айту және мағынасын түсіндіру. 

1.

 



Ана – асқар тау, 

Ана  - бауырыңыздағы бұлақ, 

Бала – жағаңыздағы құрақ. 

2.

 



Ата – бәйтерек, 

Бала – жапырақ 

3.

 

Ананың құшағы жылы, 



Күннің шуағы жылы. 

4.

 



Әкеден – ақыл, анадан – мейір. 

5.

 



Ағайын – алтау, 

Ана – біреу. 

6.

 

Ана сүтін ақтағанды, 



7.

 

Ешкім мақтамайды. 



Анаға баланың алалығы жоқ.  

 

7.

 

Қорытынды. Мұғалім. 

Адамға ең қымбат – отбасы. 

Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік 

болады. Бір – бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. 

 

8.

 

Үйде «Отбасы жарастығы» Эссе жазу. 

 

9.

 

Жүректен жүрекке. 

А) Осы сабақтан алған әсерлеріңізді айтсаңыздар. 



Ә) «Әкем - әнім» әнін айтсақ.    


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет