II. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы №436 «Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұра
ескерткіштерінің жағдайын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы»
Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің жағдайын одан әрі
жақсарту жөніндегі шаралар туралы мәселесін қарастыра келе, «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27 –бабы 1-тармағының 18-1 тармақшасына, «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және
пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 1488-ХII Заңының
18-бабына, «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009 - 2011 жылдарға арналған
тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 1016
Қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы (М.Ч.Тойкенов) :
1)
Тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтау, есепке алу, қорғау, пайдалану және ғылыми-
қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын;
2)
Тиісті аумақтардағы Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін
пайдалану және күтіп ұстау тәртібіне, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-қалпына келтіру
жұмыстарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырсын;
3)
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс аудандары мен қалаларында тарихи-мәдени
мұра жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы халықты тұрақты түрде хабарландырып отырсын.
2.
Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері:
1)
Жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткіштерін қамқорлыққа
алуларын ұйымдастыруға көмектессін;
2)
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және насихаттау жөнінде іс-шаралар өткізуге
жұртшылықты тарту жұмыстарын жалғастырсын;
3)
Уәкілетті органның ұсынысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштеріне қауіп
төндіретін құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, тиым салу туралы мәселені шешсін;
4)
Өздерінің құзыреті шегінде тарих және мәдениет ескерткіштеріне төнген бұзылу, бүліну
қауіптерін жою жөнінде ұсыныстар енгізсін;
Облыс әкімі
Б.Сапарбаев
20
III. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау
және пайдалану жөніндегі заңнамалық актілері
N 1044
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы Қаулысы
2. Ескерткіштерді қорғау және күтіп-ұстау тәртібі
2. Ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушылар олардың сақталуын қамтамасыз
ету жөнінде мынадай шаралар қабылдауы тиіс:
1) зақымданудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін
айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан
қорғау;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының
болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар ету;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау
жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі
уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган), жергілікті маңызы бар ескерткіштерде -
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
органдарымен келісу;
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы
шарттарда белгіленетін тәртіппен және шекте ескерткішке ғылыми, мәдени және өзге де
мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету.
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы
органдары ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушыларға осы құжатты ресімдеу
сәтіндегі ескерткіштердің жай-күйі және оларды күтіп-ұстау шарттары тіркелетін қорғау
міндеттемесін береді.
4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
органдары әрбір ескерткішке ескерткіш туралы негізгі деректер және ескерткіштің мемлекеттің
қорғауында екендігіне нұсқама қамтылған қорғау тақтасын орнатады.
N 207
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N Заңы
9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының
құзыретi
Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы:
2) жергiлiктi маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн
есепке алу, қорғау және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
21
№ 1032
««Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан
айыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2
қарашадағы Қаулысы
3.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мәртебе беру мен одан айыру ережесі
10. Тарихи-мәдени мұра объектісі тарих және мәдениет ескерткіші деп танылғаннан кейін
жергілікті атқарушы орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспортты
ресімдейді.
19. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру және
жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімнен шығарып
тастау үшін жергілікті атқарушы орган арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды
ұсынады:
1) паспорттың көшірмесі;
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
4) қорғау міндеттемесінің көшірмесі;
5) объектінің толық түгел жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы
туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы.
21. Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
мәртебесінен айыру әрі республикалық және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімнен шығарып тастау үшін уәкілетті орган мен жергілікті
атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын мынадай құжаттармен
қоса Қазақстан Республикасыныѕ Үкіметіне ұсынады:
1) паспорттың көшірмесі;
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
3) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті;
4) қорғау міндеттемесінің көшірмесі;
5) объектінің толық нақты жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы
туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы;
6) уәкілетті органның арнайы комиссиясы отырысының Тарих және мәдениет ескерткішін
мемлекеттік тізімнен шығарып тастау туралы шешімі бар хаттамасы.
№ 1218
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу
аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидаларын
және оларды пайдалану режимiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011
жылғы 28 қазандағы № 1218 Қаулысы
2. Тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң қорғау аймағын айқындаудың тәртiбi
3.Тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң қорғау аймағының шекарасын тиiстi жергiлiктi
атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiтедi.
3.
Тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң құрылыс салуды реттеу аймағын және
қорғалатын табиғи ландшафт аймағын айқындаудың тәртiбi
22
8. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын
табиғи ландшафт аймағының шекараларын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың ұсынуы
бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi
органдары бекiтедi.
4.
Тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу
аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын пайдалану режимi
13. Құрылыс салуды реттеу аймағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қалаларды, елдi
мекендердi, табиғат көрiнiстерiн жоспарлаудың және салудың тарихи қалыптасқан жүйесiндегi
кеңiстiктiк, композициялық рөлiн сақтау үшiн, тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қазiргi
заманғы қала құрылысы немесе табиғи ортамен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн белгiленедi.
Қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын
әзiрлеу және бекiту кезiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi атқарушы органдары тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану
жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып, барлық санаттағы тарих және мәдениет
ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет
тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi.
N 219
«Тарихи-мәдени
сараптама
жүргізудің
ережесін
бекіту
туралы»
Қазақстан
Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы
Бұйрығы
2. Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары
5. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе тарих және мәдениет ескерткіштеріне
сараптама уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде тарих және
мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-жаңғырту жұмыстарын
жүргізу лицензиясы бар сарапшыны (сарапшыларды) тарту арқылы жүргізіледі.
5.
Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган сарапшыға (сарапшыларға)
мынадай материалдар ұсынады:
1) тарихи-мәдени мұра объектісіне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру
мақсатында:
сипаттамасы, орнатылған уақыты мазмұндалған мәлімет;
тарихи-мәдени мұра объектісінің фотосуреті;
2) тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру мақсатында; тарих және мәдениет
ескерткішінің төлқұжаты, есеп карточкасы; тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау
міндеттемесі.
9. Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдарға және
басқа ұйымдарға сұрау салулар жіберу жолымен сарапшыға (сарапшыларға) қосымша
материалдар мен ақпарат алуға жәрдем көрсетеді.
11. Сараптама жүргізу барысында сарапшы (сарапшылар):
1) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қойған мәселелер бойынша дәлелді,
объективті және толық сараптамалық қорытынды дайындайды;
23
2) сараптама жүргізу үшін ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар
туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ оларға жария баға беруден тартынады.
N 1045
«Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы Қаулысы
2. Қорғау міндеттемелерін ресімдеу және беру тәртібі
3. Ескерткіштің меншік иесі немесе пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі - жергілікті атқарушы
органдар) ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтарының болуы мүмкін немесе болған
өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.
4. Жергілікті атқарушы органдар хабар алған сәттен бастап не тарихи-мәдени мұра
объектісіне ескерткіш мәртебесін берген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қорғау
міндеттемесін ресімдейді.
5. Қорғау міндеттемесінде:
оны ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйі;
меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ескерткішті күтіп-ұстау шарттары тіркеледі.
Қорғау міндеттемесін ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйін тіркеу үшін жергілікті
атқарушы органдар меншік иелерімен немесе пайдаланушылармен бірлесіп, ескерткішке
техникалық байқау жүргізеді, оның деректері қорғау міндеттемесіне енгізіледі.
7. Ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтары ауысқан кезде жергілікті атқарушы
органдар осы Ережеде көзделген тәртіппен қорғау міндеттемесін қайта ресімдеуді жүзеге
асырады.
8. Қорғау міндеттемесін беруді оны ресімдегеннен кейін үш күннің ішінде жергілікті
атқарушы органдар жүзеге асырады.
N 311
«Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi
мемлекеттiк комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1
наурыздағы Қаулысы
2. Комиссияның негiзгi функциялары мен өкiлеттiктерi
3. Комиссия жергiлiктi атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және
қоғамдық ұйымдардың ескерткiштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды
және:
1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткiзу;
2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс
шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудiң басқа да түрлерiн беру;
4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу;
5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың
сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшерiндегi мүсiн моделiн, құрылыс
материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегiндегi аумақтың
көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау
жөнiнде ұсынымдар бередi.
24
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердiң тiзбесiн түсуiне қарай жергiлiктi
атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары
бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
№214
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы
33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау
2) жобалау қызметi.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-
реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын
қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:
ғимараттар мен құрылыстар үшiн сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау
жұмыстары үшiн жобалау құқығымен)
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнаулы бiлiм беруге, интернаттарға, кадрлар
даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда
(дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың
профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет
көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс
пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы
ғимараттар мен кешендерге арналған;
№ 242
«Сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 1 маусымдағы Заңы
3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
қызметтiң негiзгi бағыттары
2) қоғамдық мүдделердi - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар (селолар) мен
басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын,
экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауiптi
(зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың
инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн, табиғат құндылықтарын
сақтауды қамтамасыз етудегi мүдделерiн.
5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi
1.Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады:
7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет,
табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi
6-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы
регламентациясының объектiлерi
25
2. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы
регламентациясының аумақтық объектiлерi
4) тарихи-мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын бiрегей және сирек
кездесетiн ландшафтық объектiлерi бар аумақтар
4. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы
регламентациясының жылжымайтын мүлiк объектiлерiне:
1) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен олардың ансамбльдерi
5. Ерекше реттеу режимi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң
актiлерiмен белгiленедi
26
IV. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мәселелері жөніндегі
семинар материалдары
Алтаев Б.Е., ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің мәдениет Комитетінің
тарихи-мәдени мұра басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау,
пайдалану, насихаттау
Біріншіден, бүгінгі қозғалып отырған мәселенің - Қазақстан халқының тарихи-мәдени
мұрасын қорғаудың маңыздылығын атап өткім келіп отыр.
Өздеріңіз білетіндей, 2003 жылы бізге Ел басымен орташа мерзімді «Мәдени мұра»
бағдарламасын әзірлеу және де жалпы мәдени мұраны сақтау, тиімді пайдалану аясында
туындаған ахуалға белсенді әрі конструктивті кірісу қажеттілігін талап ететін тапсырмасы
берілді.
Уақыт өте келе «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық руханилықтың дамуына, болашақ
ұрпағымызға бай тарихи-мәдени мұрамызды, ата-бабаларымыздың материалды және
интеллектуалды құндылықтарының сақталып қалуына күшті импульс бергендігі анықталды.
Нәтижелерді қорытындылай келе, мәдени мұраны ұғынуда мынадай маңызды
жаңалықтарды атап айтуға болады:
Біріншіден, 105 тарих және мәдениет нысандарында қайта қалпына келтіру жұмыстары
жасалды, оның ішінде 75% жұмыстар толық аяқталды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына
Сирия, Мысыр, Монғолия елдерінен және бүкіл Қазақстаннан мамандар жұмылдырылды.
Шет елдік нысандардан Дамаскдегі Әл-Фараби көпфункционалды тарихи-мәдени мұра
орталығын атап өту керек. Аталмыш орталық қазақ және сирия елдерінің тарихы мен
мәдениетіне, жеке ұлы ғалымға арналған экспозициялық залдардан, сондай-ақ кішігірім
мешіттен, Интернет-кафесі мен оқу залы бар кітапханадан, конференц-залдан, қонақ үйден және
дәмханадан тұрады.
Екіншіден, ұлттық мұраны насихаттау әрі қазақ және жалпы түркі мәдени мұрасын
ғылыми қоғамдастықтың айналымына енгізу мақсатында, халықаралық дәрежедегі іс-шаралар
ұйымдастырылды.
Үшіншіден, шет елдерден Қазақстанның тарих, этнография, мәдениеті бойынша жазба
және мұрағаттық дерек көздерін табу үшін кеңмасштабты жұмыстар жүргізілді.
Төртіншіден, 37 көне қала, мекендер мен қорғандар бойынша жаппай археологиялық
зертеулер жүргізілді. Бұл ғылымға мыңдаған артефакттарды ұсынып, ата-бабаларымыздың
тарихы жайлы түсінігімізді байытқан Ақмола облысында –Бұзоқ; Алматы облысында – Қойлық,
Талғар, Есік; Атырау облысында – Сарайшық, Оңтүстік Қазақстан облысында – Жуан төбе,
Қараспан тобе, Шымкент, Сауран, Сидақ, Отрар; Шығыс Қазақстан облысында – Берел, Шілікті;
Жамбыл облысында – Ақыртас; Батыс Қазақстан облысында – Қырық оба; Қарағанды
облысында - Айбас дарасы, Кент, Талдысай және тағы басқалар сияқты.
Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті және Берел қорғандарынан табылған алтын
бұйымдар, Қарағанды облысындағы Талды-2 мекені, Арал маңындағы оғыз шіркеуі және т.б.
әлемдік жаңалық болып табылды.
Бесіншіден,Тәуелсіздік алған жылдарымызда отандық ескерткіштер бойынша бірінші рет
кең көлемде инвентаризация жүргізіліп, республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және
мәдениет ескерткіштерінің тізімдері бекітілді.
Қазақстанның 6 облысы (Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар,
Ақтөбе облыстары) және Алматы қаласы бойынша 7 энциклопедиялық тарих және мәдениет
ескерткіштерінің тізімі дайындалып баспаға ұсынылды.Таяу жылдары басылым аяқталатын
болады.
Алтыншыдан, Қожа ахмет Яссауй кесенесі және Тамғалы археологиялық кешені сияқты
екі бірегей ескерткіш, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды, және де бұл жалпы
адамзаттың тарихында ерекше маңызға ие екендігінің көрсеткіші. Бұдан басқа бүгінгі күні, Ұлы
27
Жібек жолын Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ұсыну бойынша ҚХР, Қырғызстанмен және
Өзбекістанмен бірігіп дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Тарихи мұраны халыққа жетімді болуын қамтамассыз ету мақсатында, заманауй форматта
«Мәдени мұра», «Қазақстанның электронды кітапханасы» және «Ұлттық мұра» веб-порталдары
құрылды.
Осылайша бағдарламаны жүзеге асыру барысында, отандық мәдениет пен ғылымды жаңа
деңгейге көтеретін, Қазақстанның халықырылық имиджін асқақтататын баға жетпес тәжірибе
алғанымыз сөзсіз.
Айта кететін жайт, бүгінгі күні мәдени мұра мәселелері тиімсіз әрі жергілікті билік
жағынан тиісті деңгейде шешілмеуде. Сондай-ақ материалды мәдениет ескерткіштерін тізімге
алу, қалпына келтіру, қорғау және насихаттау мәселелерімен айналысатын ұйымдар мен
мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі де жағдайды
ушықтыруда.
Қазақстан аумағында жалпы есеппен 25000 жылжымайтын ескерткіш анықталуда, олар
негізінен археологиялық нысандар – көне қалалар, ескі мекендер, қорғандар, жерлеу орындары,
тұрақтар, сонымен қатар Қазақстанның ортағасырлық архитектуралық мәдениетінің нысандары –
кесенелер, некропольдар, көне мешіт-медреселер, сарай кешендері және т.б.
Алайда осы мақсатқа бөлінентін қаражаттың аздығынан, мәдени мұраны зерттеу жұмысы,
қажетті жобалау-сметалау құжаттамасын құрастыру, консервациялау, реставрациялау,
музейлендіру, олардың аумақтарын абаттандыру жұмыстары толық ауқымда жүргізілмей отыр.
Қазақстанның ұлттық тарихында үлкен маңызға ие көптеген тарихи, археологиялық және
сәулет нысандары әлі де шығыл көмекті қажет етіп тұр.
Ата кететін жайт, еліміздің мәдени мұрасы заманауй индустриалды өндірістің,
урбанизациның басқа да антропогенді және табиғи факторлардың құрбаны болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
туралы» Заңына сәйкес облыстың жергілікті орындаушы органдары (республикалық маңызы бар
қалалар, астаналар) тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтауды қамтамассыз ету, есепке алу,
қорғау, пайдалану және тарих және мәдениет ескерткіштеріне қайта қалпына келтіру
жұмыстарын қамсыздандырады.
Шындағана келгенде жергілікті атқаруша органдары ескерткішті қорғау және пайдалану
аясында өздерінің қызметін толық орындамай отыр. Сондай-ақ ескерткіштерді заңсыз
жекешелендіру және құлатулар анықталуда, сондай-ақ жерді пайдалануға беру кезінде аумақты
алдын-ала мәдени мұраның бар-жоқтығына зерттелмейді, соның салдарынан археологиялық
ескерткіштердің және құнды табиғи ландшафтардың біржола жоғалуына әкеп соғады.
Қала құрылысы және шаруашылық әрекеттері мәселелерін қарастыруда, орындарда әлі де
тарихи-мәдени мұраны біржола жоятын шешімдер қабылданатыны анықталуда. Нысандарды
салу барысында ескерткіштердің қорғау аймақтарын анықтау шаралары орындалмайды және де
сол аймақтардың шекералары шаруалардың жер пайдалану карталарына және облыстың
дамуының бас жоспарына түсірілмейді.
Республиканың бас прокуратурасының мәлімдеуі бойынша, өңірлерде тарих және
мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік қорғау жұмысы тиісті деңгейде қамтамассыз етілмей отыр.
Осылайша 2010-2011 жылдары Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл
және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ескерткіштерді қорғау инспекцияларымен, жергілікті
маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, пайдалану, күтіп ұстау бойынша
тексерістер жүргізілмеген. Республиканың басқа аймақтарында тексеру іс-шаралары
жоспарланғанымен, көбіне нәтижесіз өткізіледі.
Инспекциялармен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану
саласындағы заңбұзушылықтар анықталған болса да, құқықтық ықпал шаралары қолданылмады.
Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген облыстық инспекцияларға ескерткіштерге
жоспарлы тексеріс жұмыстарын жиі жүргізулері қажет және де заңбұзушылықтар анықталған
жағдайда ішкі істер органдарына, прокуратура мен сотқа жүгінулері керек.
28
Монументалдық өнер ескерткіштерін орнату мәселесінде де үлкен проблемалар жоқ емес.
Бір қатар облыстарда жаңа монументалды ескерткіштерді өз бетінше орнату мәселесі бар. Бұл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 "Қазақстан
Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия
құру туралы" қаулысымен бекітілген ережеге: «Комиссия жергiлiктi атқарушы органдардың,
шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткiштер мен монументтер орнату
туралы ұсыныстарын қарайды және ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына
конкурстар өткiзу, ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн,
тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшерiндегi мүсiн моделiн,
құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегiндегi
аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын
қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi» қайшы келеді.
Мысалы 2011 жылы Қазақстан бойынша 20-дан артық ескерткіш өз бетінше тұрғызылды,
олар Ақтау қаласында Құрманғазы ескерткіші, ОҚО Созақ ауданында А. Сүлейменовке арналған,
ШҚО Абай ауданында Анет бабаға арналған, Павлодар қаласында П.Васильевке арналған
ескерткіштер.
Соңғы жылдары Үкіметпен Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра
нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Заңын жетілдіру шаралары қолға алынуда.
Осылайша жеті нормативтік құқықтық акт қабылданып, Республикалық және жергілікті маңызы
бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі қайта бекітілді. Сондай-ақ
қолданыстағы Заңға жеке кәсіпкерлік, мемлекеттік мүлік, нұқсан жұйесін жетілдіру мәселелеріне
қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар Заңды қолдану барысында, оның жеке ережелерінде кейбір олқылықтар
анықталғандықтан оларды жетілтіру қажет. Бұған байланысты бір қатар шаралар қолдану
жоспарлануда.
Біріншіден, «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Заңында
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруде заң
механизімінің жоқтығына байланысты, аталмыш Заңның 17 баб 8 тармағына өзгертулер мен
толықтырулар енгізіледі.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1044
Қаулысымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау»
ережесінің қорғау міндеттемелерін талдап тексеру және ескерткіштерді күтіп ұстау
шараларының тізімі бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
Алайда, осы мәселе бойынша жаңа қаулы қабылданбас бұрын, қорғау міндеттемелерін
рәсімдейтін ескерткіштерді қорғау инспекциялары, жоғарыдағы Ережелерде көрсетілген
ескерткішті күтіп ұстау және қорғау нормаларының аясынан шықпаулары қажет.
Заңда жоғарыда аталған мәселелерді жою үшін, таяу жылдарда еліміздің бірқатар
Заңдарында өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен, тарихи-мәдени мұра нысандарын
қорғау және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша кешенді іс-шаралар
жүргізілетін болады.
Бұдан басқа «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Заңына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу барысында, мемлекеттік бақылау жүргізуде өкілетті және
жергілікті атқарушы органдардың алатын орыны және жауапкершілігі жайлы ережелер
күшейтілетін болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмысты істер заңдар
жинағының, тұрғындардың тарихи-мәдени мұра саласындаға заңбұзушылықтары үшін
жауапкершіліктерін арттыру бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар бойынша шаралар
қолданылатын болады.
29
Сәулет өнерінің кандидаты, профессор, ҚР Сәулетшілер одағының вице-президенті М.В.
Козлов.
Достарыңызбен бөлісу: |