ШҚО мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» кмм


Сәулет және қала құрылысы ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5630
1   2   3   4   5   6   7

Сәулет және қала құрылысы ескерткіштері 

 

Кез келген қаланың өзіндік сәулеттік-көркемдік ерекшелігі тарихи-мәдени құндылықтарға 



ие объектілердің болуымен айқындалады. Бұл ретте өзекті мәселе -  оларға ұқыппен қарау, тиісті 

түрде  қолдау  көрсету  және  сақтау  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  тарихи-мәдени  мұра 

объектілерін  қорғау  мәселесі,  бір  жағынан  -  соңында  олардың  жойылуына  әкеп  соғатын  - 

жекешелендіру  және  меншік  иелері  тарапынан  олардың  бастапқы  сипатына  сай  қолданбауына 

байланысты болса, екінші жағынан – қаланың тиісті әкімшілік қызметтерінің тарапынан аталған 

объектілердің  сақталуын  қадағалайтын  тиісті  бақылау  жұмыстарының  жоқтығы  себеп  болып 

отыр. 

Қазіргі  заманғы  қала  құрылысының  дағдысы  -  көне  объектілердің,  тек  қана  қазіргі 



мақсаттағы  нысандардың  есебінде  пайдаланып  отырғандығын  емес  (мәдени  ағартушылық, 

әкімшілік,  сауда  және  т.б.),  сонымен  қатар  бүгінгі  таңдағы  объектілердің  түріне  және  қала 

бөліктерінде  орналасу  жағдайына  айрықша  әсер  етіп  отырғандығын  көрсетеді.  Маңызды  көне 

нысандар  (олардың  көбі  қазіргі  уақытта  -  сәулет  ескерткіштері)  және  қазіргі  таңдағы  қоғамдық 

ғимараттар қалалардың кеңістік композицияларын қамтиды. 

Архитектуралық  ескерткіштерді  тарихи,  ғылыми,  көркемдік  және  өзге  де  мәдени 

құндылықтарға  ие,  архитектуралық  пішіндерін  толық  сақтаған,  нақты  кеңістікте  қорғалуға 

жататын және өзінің пішіндерімен осы кеңістіктегі барлық болашақтағы қайта құру шараларын 

айқындай алатын сәулет өнерінің туындысы деп тану қажет.  

 

АРХИТЕКТУРА ЕСКЕРТКІШТЕРІН ЖІКТЕУ 



 

1.

 



Хронологиялқ белгісі бойынша. Ескерткіштер өздерінің құрылысын анықтап көрсететін 

жүзжылдықтар бойынша топтастырылады. 

2.

 

Аумақтық  белгісі  бойынша.  Ескерткіштер  елдер  және  аудандар  бойынша 



топтастырылады оның ішінде (облыс және ірі қалалардағы аудандар бойынша). 

3.

 



Тарихи-көркемдік  маңыздылығы  бойынша.  Федералдық  (республикалық)  және 

жергілікті  маңызы  бар  объектілерге  бөлінеді.  Федералдық  маңызы  бар  кейбір  ескерткіштер 

халықаралық  ұйымдармен  қорғалатын  және  жалпы  адамзаттық  мәдени  құндылық  болып 

табылатын Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне енгізіледі.  

4.

 

Ауқымы  бойынша.  Қалалар  мен  қорықтар,  қалалар  аудандары,  қалалық  ансамбльдер, 



сарай  мен  саябақ  кешендері,  көшелер  мен  жағалаулар  құрылысы,  жеке  ғимараттар  және  кіші 

пішіндегі қол өнер туындылары. 

5.

 

Стилистикалық  белгілері  бойынша.  Готика,  Ренессанс,  барокко,  классика,  модерн, 



және т.б. 

6.

 



Бастапқы  белгілеу  бойынша.  Бекіністік сәулет өнері, 

діни ғимараттар, сарайлар, ойын-

сауық  құрылыстары  (театралар,  цирктер),  қоғамдық  ғимараттар,  тұрғын  үйлер,  инженерлік 

құрылыстар және т.б. 

7.

 

Негізгі құрылыс материалдары бойынша. Тас, кірпіш, ағаш, металл, бетон және т.б.  



8.

 

Сақталу  деңгейі  бойынша.  Әдетте  бүліну  салдарының  пайыздық  өлшемі  бойынша 

анықталады: 5-тен 10%-ға, 10-нан 25%-ға, 25-тен 50%-ға, 50-ден 80%-ға, 80-нен жоғары. 

Кез  келген  ғимаратты,  объектіні,  қала  айналасыныдағы  элементтерді,  құрылыс 

нысандарын  қайта  жаңғыртудың  мақсаты  –  қайта  құрулар  арқылы  қызмет  ету  сапасын 

қамтамасыз ететін олардың тіршілік әрекеттілігін ұзарту болып табылады. 


30 

 

Қайта  құрудың  түрлері  –  консервация,  реставрация,  регенерация  (қалпына  келтіру), 



реаблитация (оңалту). 

1.

 



Консервация – сәулет өнері ескерткіштерін бұзылудан сақтайтын және қалыптасқан 

келбетін  өзгертпей  оның  конструкциялық  бөліктері  мен  сәндік  элементтерін  бекітуді  және 

қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. 

2.

 



Реставрация – ескерткіштің сақталуы мен пайдалануына аса қажетті, өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу арқылы жойылып кетуден сақтап қалатын іс-шаралар кешені. 



 

Реставрация қызметінің түрлері: 

-

 

ескерткіштің конструкциясын нығайту



-

 

анастилоз – құрылыстың бүлінген бөлігін бастапқы қалпына келтіру; 

-

 

ескерткіштің бастапқы келбетін кейінгі жүргізілген құрылыстардан, сылаудан және 



қаптаулардан тазарту

-

 



жоғалған  элементтерінің  орнын  толтыру  (кейінгі  пайда  болған  ойықтарды,    тас 

жақтауларды қалпына келтіру); 

-

 

жаңғырту. 



3.

 

Регенерация  –  ғимаратты  бастапқы  белгілеу  бойынша  пайдалану  күрделі  болған 

жағдайда, ғимараттың жаңа атқарымдар бойынша «жандануы». Мысалға, Калинградтағы екі ескі 

шіркеудің ғимараты концерттік зал және балалар театры ретінде пайдалануға берілген. 

4.

 

Реаблитация  –  ғимараттың  қолайлығы  мен  жайлылығын  арттыру  (санитарлық 



құралдар, жеделсаты, қоқыс салғыш және т.б. орнату). 

5.

 



Ревалоризация  – жаңа бағыттар бойынша қалыптастыру, қайта құру және жаңғырту 

жөніндегі  іс-шаралар  кешені.  Яғни,  аса  маңызды  ғимараттарға  немесе  олардың  бөліктеріне 

қатысты реставрациялық шектеулердің қатаңдығын сақтай отырып, бір мезгілде функционалдық 

талаптарды  орындаудың  тым  икемді  жолын  табу  кезінде  сәулеттік-көркемдік  және  пайдалану 

құндылығын қайта қалпына келтіру болып табылады. 

6.

 



Жөндеу  –  ғимараттардың  тұрақты  қызмет  атқаруын  қамтамасыз  ететін,  ғимараттың 

тозығы  жеткен  инженерлік  элементтері  мен  конструкцияларын  ауыстыру  немесе  қалпына 

келтіру. 

Тарихи  аймақтардың  жүйесі  олардың  пайдалану  тәртібіне  қарай  ажыратылатын  келесі 

аумақтардан тұрады: 

-

 



ескерткіштің аумағы, 

-

 



ескерткіштің қорғау аймағы немесе ескерткіштер тобы, 

-

 



құрылыс салуды реттеу аймағы, 

-

 



қорғалатын ландшафт аймағы, 

-

 



мәдени қабаттардың аймағы. 

Қорғау  аймақтарын  жобалау  кезінде  олардың  шекарасын  анықтаудың  белгілі 

әдістемелері  болады.  Ескерткіштің  әсері  және  оның  визуалдық  байланыстары  аса  маңызды 

ескерткіштер орналасқан көшелердің бойында, қорғау аймақтары ішкі тоқсандық аумақтарында 

ескерткіштің алаңымен шектеле отырып, барынша кең шекараларды қамтиды.  

Қала құрылыстық қайта құрулардың формалары: 

1)

 



қорғау (немесе қала құрылысын сақтау) қазіргі заманғы инженерлік құралдар мен 

абаттандырудың  жүйелерін  қолдана  отырып,  бүркемелі  жолмен  қолда  бар  сәулет 

ескерткіштерінің  және  тарихи  орталардың  жоғалған  элементтерін  мүмкіндігінше  қалпына 

келтіру; 



31 

 

2)



 

жаңарту  – ансамбль ғимараттар мен кешендер арасындағы өзара композициялық-

кеңістік  байланыстарды  жаңартып,  жойылғандарды  толтыратын  жаңа  элементтерді  пайдалана 

отырып, қолда бар тарихи-сәулет ескерткіштерін айрықша сақтап, қайта құру;  

3)

 



өзгерту  –  тарихи  жоспар  мен  ауқымды-кеңістіктің  ара  салмағының  негізін  сақтап 

отырған, сәулет өнері ескерткіштері үшін қолайлы орта жасау мақсатында, қайта құру;



 

4)

 



қайтадан  құру  –тарихи  және  көркемдік  мазмұны  жағынан  аса  маңызға    ие  емес 

қала  учаскелерінде,  орналасу  негізін  сақтай  отырып,  жүзеге  асырылатын  (қала  құрылысы 

тораптарының  орналасуы,  көше  тас  жолдарының  бағыттары)    қайта  құрудың  айрықша  толық 

деңгейі. 



 

Қала көркінің түгелдей бүлінуінің сипаттық дәлелді мысалы (Е.Пронин): 

а-жат элементтердің зәулім компоненттердің бұлдыр кескініне әсері; 

б-көркінің өзгеруі; г-көлік құрылыстарын салу кезіндегі аудандар жоспарларының қирауы 

 


32 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



33 

 

Ларионов М.М. , т.ғ.к. ШҚЭМҚ жетекші ғылыми қызметкері 

 

Шығыс қазақстан аумағы бойынша тарих және сәулет ескерткіштерінің анықтау, қорғау 

және насихаттау мәселелері.  

(облыс аумағында сәулет ескерткіштерін анықтау және қорғау бойынша жұмыс тобының 

материалдары) 

 

I. 



 

Қазіргі  уақытта  облыс  аумағында  аз  ғана  сақталып  қалған  тарих  және  сәулет 

ескерткіштерін анықтау және қорғау мәселесі саласында сын көтермейтін жағдай туындап отыр. 

Бұндай жағдай облыс пен аудандарда, қала мен ауылдарда  байқалуда. Көне жәдігерлерге деген 

осындай қатынастың салдарынан, олардың басым көпшілігі жердің бетінен біржолата жойылуда.  

Нәтижесінде  ғимараттардың  бүлінуіне  әкеп  соғатын,  көптеген  соғыстарды  дәлелдейтін 

қыруар  тарихи  дерек  көздері  бар.  Шығыс  Қазақстанның  аумағында    XVIII  ғасырдың  басынан 

соғыс  болған  жоқ.  Осы  кезден  бастап,  өздерінің  мәдени  дәстүрін  алып  келген  орыстар,  ертіс 

маңын  игеруді  бастады.  Көтерілістен  кейін  болған  азаматтық  соғыс,  ескерткіштердің  жаппай 

жойылуына  себеп  болмады.  Совет  үкіметі  жылдарында  КСРО  елдерінің  мәдени  дәстүрлеріне 

немғұрайдылық  танытылды.  Осының  салдарынан  православтық  мәдени  ғимараттардың  үздік 

үлгілері, көптеген мұсылман мәдениетінің ескерткіштері жойылды.  

ХХ  ғасырдың  ортасына  дейін  сақталған  Өскемен  қаласының  тарихи  келбеті  толығымен 

жойылды.  Кең  ауқымды  тұрғын-үй  құрылыстарын  салу  барысында  ағаш  сәулетінің  бірегей 

ескерткіштері,  кірпіштен  салынған  көптеген  құрылыстармен  қатар  көне  некропольдар  да 

жойылды.  Мұсылман  зираттарының  орнына  –  орталық  базар,  православ  шіркеуінің  орнына  – 

бұрынғы Ленин атындағы орталық алаң орын алды. 

Қазақстанның рухани және мәдени астанасы болып табылатын Семей қаласының тарихи 

бөлігі  түбегейлі  өзгерді.  Өскемен  мен  Павлодар  қалаларымен  салыстырғанда,  Семей  қаласы 

төңкеріске дейін тек әкімшілік орталық қана болып қоймай, қазіргі Қазақстанның аумағындағы 

ең  ірі  қалалардың  бірі  болды.  Дегенмен,  елеулі  бүлінулерге  қарамастан  қаланың  кейбір 

бөліктерінде  XIX –XX ғ. басындағы қала құрылысына тән келбеті сақталған. 

Ауылдық  жерлерде  ауылдық  елді  мекенің  көне  құрылыстары  салыстырмалы  түрде 

біршама  уақытқа  дейн  сақталған.  Кезінде  көп  болған  шіркеулер  мне  мешіттер  –  ауылдар  мен 

қалалардың  көркі  болғанымен,  Совет  үкіметі  жылдары  облыстың  барлық  аумақтарында  олар 

жабық болды.  

Құлшылық  жасау  рәсімдеріне  шектеу  қойылғаннан  кейін  олардың  тағдырлары  әр  қилы. 

Көп  бөлігі  қиратылды.  Аз  ғана  сақталғандар  талан-таражға  түсіп,  өздерінің  басты 

безендірулерінен айырылып клубтық мекемелерге айналды. Осындай жағдайлардың салдарынан 

олар XXI ғасырдың басына дейін сақталды.    

Енді  Қазақстан  республикасы  тәуелсіздігін  алған  уақытында  да  ескерткіштерді  сақтау  мәселесі 

әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Экономикалық дағдарыс салдарынана ауылдық елді мекендер 

бос  қалды.  Бұрын  адамдар  тұрған  үйлер  қирандыларға  айналды.  Әр  жердегі  мектептердің, 

емханалардың  және  клубтардың  жабылуы,  ғимарттардың  жеке  меншікке  өту  немесе  олардың 

иесіз қалу жайттары - облысымыздағы мәдени жәдігерлерден айырылу қауіпін туындатуда.       

 

II. 

 

Семей  қаласының  нышаны  болып  табылатын Ямыш  қақпалары  Семей  бекінісімен  қатар 



салынған  қала  мақтанышы.  Алайда  ол  қақпа  түпнұсқа  емес,  қазіргі  қалада  орналасқан  Ямыш 

қақпасы  ХХ  ғасырдың  70  жылдары  салынды.    Қақпа  шамдармен  безендірілген.  Екі  жағында 

зеңбіректер  орналасқан.  2004  жылдың  мамыр  айында  шамдардың  басым  бөлігі  қиратылып, 


34 

 

зеңбіректің біреуі құлатылған. Әрине бұндай олқылықтар қазіргі күні жойылған да шығар, бірақ 



бұндай жабайылық іс-әрекеттер қазіргі күні орын алуда  

 

1873  жылы  салынған  бұрынғы  әйелдер  гимназиясының  ғимаратытың  қазіргі  жай-күйі 



Семей қаласының және қала басшылықтары үшін масқараға айналды. 1987 жылы болған өрттің 

салдарынан  кезіндегі  әсем  сәулет  ғимаратының  қабырғасын  ғана  қалдырған.  Советтік  кезеңде 

бұнда зооветинституты орналасқан, ал тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау туралы заңы 

шықпас бұрын, бұрынғы Әйелдер гимназиясының жеке иеленушісі пайда болды – Р Доқожанова. 

Әлі күнге дейін аталмыш ғимараттың тағдыры шешілмеуде.  

 

1915  жылы  салынған  Найманбаева  116 мекен жайында орналасқан  тарих  және  мәдениет 



ескерткіші  болып  табылатын,  Орталық  телеграф  ғимаратының  қазіргі  жағдайы  да  алаңдатады. 

Ғимараттың  бір  бөлігінде  байланыс  мұражайы  орналасқанымен  қараусыз  қалып  жөндеу 

жұмыстарын талап етіп тұр.     

 

Келесі назар аудартқым келіп тұрған ғимарат 1911 жылы бекіністік құқықтың жойылуына 



50 жыл толуына орай салынған. Совет одағы кезінде бұл жерде № 5 спорт мектебі орналасқан. 

1996  жылдан  бастап  ғимарат  бос  тұрды.  Қазіргі  күні  жеке  меншікке  өтіп,  иелері  жағынан 

ғимараттың  тарихи-мәдени  маңызы  бар-жоқтығы  алаңдатпайды  да.  Қазіргі  күні  ғимарат 

бастапқы  көркемдік-сәулеттік  келбетін  жоғалтуда.  Атап  өтетін  жайт,  осындай  тарихи  мәдени 

мұра  болып  табылатын  ескерткіштің  бастапқы  келбетін  өзгертетін  жағдайларға  шет  елдерде 

мүлдем жол берілмейді.  

Сондай-ақ,  Мусин  көпесінің  наубайханасы  болған  ғимараттың  жағдайы  да  сын 

көтермейді.  Осылайша  Семей  қаласында  орналасқан    күйреу  алдында  тұрған  ғимараттардың 

тізімін жалғастыра беруге болады.  

Жаңартуларға аз ұшыраған қала бөлігі  - Татар слободасы. Бұл жерде қазіргі күнге дейін 

тастан  және  ағаштан  салынған  үйлер  құрылыс  үйлесімділігін  сақтап  тұр.  Алайда  ара-арасынан 

ескі терезе жақтаулары оюланған, фронтонды, декоративті мұнарашалары бар үйлердің орнына 

ақ кірпіштен салынған жаңа құрылыстар орын алуда.    

Енді  Семей  қаласының  орталық  бөлігі  бірыңғай  тарихи-сәулет  ансамблі  ретінде 

қарастырылмайды. Сақталып қалған жеке құрылыстарды атап кетпеуге болмайды, дегенмен олар 

қаланың қазіргі келбетімен үйлесі тауып тұрған жоқ.  

 

Қала  дамуының  жоспарында  бұрынғы  Казак  станицасының орнына  ірі  көлемді  құрылыс 



жоспарланған.  

 

Сонымен ескілікті одан ары қиратпай сақтап қалатын механизмдер жоқ.  



 

III. 

 

Шығыс  Қазақстанның  әр  бөлігінде  православтық  сәулетмәдениетінің  ескерткіштері 

сақталған.  Елеулі  маңызы  бар  ауыл  шіркеулері  Жарма  ауданының  Қалбатау  және  Қаражал 

(Покровка) мекендерінде сақталған.  

2003  жылдың  маусым  айында  Покровкадағы  католиктер  шіркеуі  өртеніп,  қазіргі  күні 

оның тек қабырғалары ғана қалды. Алайда облыс бойынша осындай   

бірегей сәулеттік келбеті бар шіркеулер мүлдем жоқ.   

 

IV. 

 

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай және Зайсан аудандарының тарихы өте бай. Бұл 



біздің  өңірді  мекен  еткен  көптеген  халықтардың  мәдени  дәстүрлері  тоғысқан  мекендер. 

Аудандарда әр дәуірдің археологиялық ескерткіштері өте көп шоғырланған.      

Х1Х  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  көптеген  сәулет  ескерткіштері 

сақталған  Зайсан  қаласы  –  облысымыздың мақтанышына  айнылып отыр.  Алайда  бұл  жерде  де 

мәселелер жоқ емес.       

Уан және Ерназар ауылдарының маңында тарих және сәулет ескерткішінің тамаша үлгісі 

–  Уан  хан  кесенесі  орналасқан.  Табиғаттың  әсерінен  құрылыстың  тозығы  әбден  жетіп, 


35 

 

ақырындап  қирап  бара  жатыр.  Өкінішке  орай  ескерткішті  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстарын 



жүргізген жағдайда абай болулары қажет.   

Базар  өзені  маңындағы  Көкжыра  ауылының  ортасында  екі  археологиялық  ескерткіш  – 

үлкен және кіші қорғандар орналасқан. Олардың айналасы ескі құрылыстармен қоршалған. Қазба 

жұмыстары жүргізілмегендіктен, ескерткіштер әлі күнге дейін сырларын бүгіп қалуда.    

Зайсан  қаласы  облысымыздағы  өзінің  тарихи  келбетін  сақтап,  ірі  масштабты  құрылыс 

жұмыстарына  душар  болмаған  жалғыз  қала.  Бұл  қаланың  сесмикалық  жағдайларымен 

түсіндіріледі.  Соған  қарамастан  қаланың  тарихи  орталығын  қорғау  және  насихаттау  мәселелері 

бар.  


Тарихи және сәулет ескерткіштері жеке тұлға иеліктеріне өтуде. Қаланың даму барысында 

ескі ғимараттарды құлату қауіпі туындап тұр. Жалпы алғанда Зайсан қаласы  – өлкенің танымал 

сәулетшісі Баязит Сатпаевтың көркемдік шығармашылығының ашық аспан астындағы мұражайы 

іспетті.  

Оның  шығармашылығының  мәйегі  Зайсанның  мәдени  құрылысы  –  Никола  шіркеуі  мен 

мешіт болып табылады. Қазіргі күні Никола шіркеуі жергілікті шекарашалар клубына, ал мешіт 

жергілікті  полиция  клубына  айналды.  Осы  жайттарды  ескере  отырып,  жергілікті  мәдениет 

қызметкерлеріне  ескерткіштерді  қазіргі  иелерінен  алып  және  Қазақстан  Республикасының 

«Мәдени  мұра»  бағдарламасына  сай  қолдану  мақсатында  аталмыш  ұйымдармен  іскерлік 

қатынастарды оңтайландыру қажеттілігін айтқым келеді.       

Дәл  осындай  жағдай  өзінің  басты  бөліктерінен  (күмбез  бен  көне  мұнара)  айырылған 

мешітте де орын алуда. Алайда құрылыстың жағдайы жақсы деуге болады. 

Н.М. Пржевальский тоқтаған және де Орталық Азияға саяхаты басталған. Бұрынғы кеден 

ғимаратының  техникалық  жағдайы  да  сын  көтермейді.  Дәл  осы  ғимаратта  Семёнов-Тянь-

Шанский, Потанин және басқа да өлкенің тарихымен байланысты адамдар тоқтаған. 

Бір  кездері  бұл  ғимаратта  Зайсан  қаласының  тарихи-өлкетану  мұражайы  орналасқан. 

Жергілікті  мәдениет  салысының  қызметкерлерінің  айтуынша  кеден  ғимараты  осы  күнге  дейін 

олардың  қарамағында  және  де  келісім-шарт  бойынша  уақытша  тұрғын  үйге  берілді.  Бұл  жайт 

1876 жылы салынған тарих және мәдениет ескерткішінің жағдайын одан ары қиындата түсті.       

Өкінішке  орай  төңкеріске  дейінгі  Зайсан  қаласының  кірпіш  құрылыстарының  көпшілігі 

сын  көтермейді  және  де  дереу  арада  қорғауға  алуды,  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстарын 

жүргізуді  талап  етеді.  Олай  болмаған  жағдайда,  біз  облыс  аумағындағы  біртұтас  тарихи-сәулет 

кешенінен көз жазып қалуымыз әбден мүмкін.    

 

V. 

 

Бүгінгі  таңда  Шемонаиха  қаласында  сәулет  өнерінің  кейбіреулері  сақталып  қалынған. 



Шемонаиханың тарихи орталығы – Советтік көшесі. Мұнда мезгілі бойынша ХIX ғасырдың соңы 

–  XX  басындағы  құрылыстарға  жататын,  ғимараттардың  басым  бөлігі  орналасқан.  Олардың 

ішіндегі ерекше күрделісі келесідей. 

Бұрынғы  көпес  Зеркалцевқа  тиесілі  болған  үй.  Қазіргі  таңда  теле-радиоаппаратура, 

сонымен  қатар  өндірістік  және  тұрмыстық  техникаларды  жөндейтін  шеберхана  ретінде 

пайдаланылады.  Шеберхананың  қожайындары  қабырғаның  сыртынан  ақ  силикат  кірпішпен 

қаптап, ғимараттың  көркін  кетірген.  Туындаған  мәселенің  ең  дұрыс  шешімі  ғимараттың  көркін 

қалпына  келтіру,  сондай-ақ  осы  және  басқа  жағдайларда  қабырғалардың  кескінін  бұзатын 

жарнамалық  қалқандарды  ілуге  тыйым  салу  болып  табылады.  Қаланың  әшекейі  болып  дүкен 

ғимаратына  жалғастыра  салынған  бұрынғы  көпес  Мұхамедчинның  үйі  табылады.  Ол  да  басқа 

ғимараттар  сияқты  ХIX  ғасырдың  соңы  –  XX  басында  тұрғызылған.  Кеңестік  жылдары  мұнда 

аудандық:  мәдениет  бөлімі, 

әскери  коммисариат  орналасты.  Қазіргі  уақытты  тұрғын  үй  және 

дүкен  ретінде  қолданылады.  Ескерткіштің  жағдайы  сын  көтермейді.  Мемлекетпен  қорғалатын 

ескерткіштердің  тізімінде  тұрған  ғимараттың  қожайындар

ы 

пайдаланудың  талаптарын  дұрыс 



орындамайды. 

 


36 

 

Жалпы, қалалар мен аудандар әкімдерінің назарына саны аз сәулет өнері ескерткіштеріне 



жеткіліксіз көңіл бөлініп отырғандығын сала кеткім келеді. Оларды тиісті деңгейде күтіп ұстап 

отыру  үшін,  қарапайым  косметикалық  жөндеулердің,  сондай-ақ  кейінгі  құрылыстар  мен 

талғамсыз  жарнамалардың  салдарынан  болатын  бұрмалауларға  жиі  тыйым  салып отыру  қажет. 

Жекелеген жағдайларда ғана шынайы реставрация жұмыстарын жүргізу қажет. Ескерткіштердің 

санына  байланысты,  аталған  жұмыстарды  орындау  қалалар  мен  аудандар  үшін  қиын  іс  болып 

табылмайды.  

Ашық  аспан  астындағы  ағаш  өнерінің  нағыз  мұражайы  болып  Бесқарағай  ауданындағы 

Канонерка  ауылы  табылады.  Семей  –  Павлодар  тас  жолының  бойына  дейін  таңырқатқыш 

бұрандалы  жақтаулармен  әшекейленген  сапалы  үйлер  жайғасқан.  Өкінішке  орай,  кемшіліктер 

бұл жерде де орын алып отыр. Ескі шіркеу және көпес үйі мүлде жойылып кеткен. 

Канонерка ауылынан бірнеше шақырым жерде, көлік тас жолының бойында шағын ғана, 

бес-алты үйден тұратын Ақкөл ауылы жайғасқан. Ауыл ортасындағы кішкене қыраттың үстінде 

өзінің  үйлесімділігімен,  мұнарасының  ұшын  маңғаздана  аспанға  сілтеп,  ғажап  мешіт  тұр. 

Алыстан  көз  тартатын  мешіт  ғимараты  жақын  арадан  қараған  кезде,  өзінің  сақталу  деңгейімен 

таң  қалдырады.  Алайда,  бұл  кереметтің  бұдан  әрі  тіршілік  етуіне,  егер  де  қауіп-қатерді 

болдырмау мақсатында ешқандай шара қабылданбаса, апат төніп тұрғаны рас.  

Кеңестік билік жылдары мешіт жабылып, әртүрлі қажеттіліктерге байланысты қолданыла 

бастады,  соның  ішінде  клуб  ретінде  де.  Қазіргі  уақытта  қараусыз  күйде  тұр.  Терезе  ойықтары 

бос, темірден жасалған жабқыштар, шатыр тіреуіші желмен ұшып кеткен.  

Ауыл  өте  шағын  және  жақын  арадағы  елді  мекендердің  жеткілікті  алыс  жерде 

орналасқанын ескеретін болсақ, бұл жерде мұсылман қауымның қайта жандануын елестету  өте 

қиын.  Шешім  тек  біреу  ғана  –  болашақта  экскурсиялық  объект  ретінде  пайдалана  отырып, 

мемлекет  қаржысы  есебінен  реставрация  жұмыстарын  жүзеге  асыру  керек.  Мешітті  сақтап 

қалудың  екінші  жолы  –  оған  біздің  облыстағы  мұсылмандар  өмірінің  барлық  жағынан  сыр 

шертетін  мұражайлық  экспозицияларды  орналастыра  отырып,  ескерткішті  облыс  орталығына 

көшіру болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет