Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшы, фольклоршы,
этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқан Уәлиханов
Өмірбаяны
Шоқан қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген.
Туған жері: Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Күнтимес ордасы
Ұлты: қазақ
Қайтыс болған күні: 10 сәуір 1865
Қайтыс болған жері: Көшентоған, Жетісу
Әкесі: Шыңғыс Уәлиханов
Анасы: Зейнеп Шорманова
Жұбайы: Айсары Уәлиханова
Балалары:жоқ
Отбасы
Әкесі: Шыңғыс
Шешесі: Зейнеп
Атасы: Уәли
Арғы атасы: Абылай
Әжесі: Айғаным
12 жасына дейін жеке меншік мектепте оқыған.ол мектепте жүріп өлең, жыр, аңыз, әнгімелерді оқып үйренеді. Шығыс тілдерінен араб, парсы, орыс, тілін кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. 1847 жылдың күзінде оны әкесі кадет корпусына оқуға береді.
Кадет корпусы
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты.
«Корпуста ой-өрісі, білім жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды.Оған талайлар – ақ назар аударды.Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің қласындағыларды да білім , идея жағынан басып озды»,-деп жазды бірге оқыған досы,этнограф-ғалым Т.Н. Потанин.