Пирокластардың құрамына қарай литокластық, кристаллокластық, витрокластық құрылымдар бөлінеді.
Литокластық құрылымда таужыныс негізінен эффузиялық таужыныстардың пирокластарынан тұрады.
Кристаллокластық құрылымда таужыныс негізінен магмадағы /лавадағы/ кристалдардың сынықтарынан тұрады.
Витрокластық құрылымда таужыныс жанартаулық шынылардың сынықтарынан тұрады.
Химиялық таужыныстардың құрлымдары
Химиялық шөгінді таужыныстардың құрылымдары минералдар түйірлерінің пішіні, өлшемі бойынша сипатталады. Минерал түйірлерінің жəне агрегаттарының пішініне қарай төмендегідей құрылымдар бөлінеді.
Идиоморфтық құрылым, мұнда таужыныстар дұрыс кристаллографиялық пішінді түйірлерден тұрады .
Гипидиоморфтық құрылым, онда таужыныстарды құратын минералдар идиоморфизмі əрқилы болып келеді.
Аллотриоморфтық құрылым, онда минералдардың түйірлері пішінсіз келеді. Егер түйірлердің шеті кедір-бұдырлы келсе, құрылымды тісті деп атайды.
Колломорфтық құрылым. Олар өте ұсақ домалақ пішінді түйіршіктерден тұрады.
Оолиттер домалақ пішінді центрлес қабатшалардан тұрады. Олардың диаметрі 2 мм-ден кіші болады
Ооидтар да домалақ пішінді келеді, бірақ қабаттастық болмайды.
Сферолиттер сəуле сияқты тарамданған ине, жапырақша тəрізді кристалдардан тұратын агрегаттар.
Инкрустациялық /əшекейлік/ құрылым көбінесе қуыстарда, жарықтарда қайта кристалдану процесінде пайда болады. Онда сəулеше тарамданған кристалдар пайда болады.
Биогендік шөгінді таужыныстардың құрылымдары
Биогендік таужыныстардың құрылымдары организмдердің сауыттары мен қаңқаларының сақталу дəрежесіне қарай жіктеледі. Осыған қарай биоморфтық жəне детритустық құрылымдар бөлінеді.
Биоморфтық /органогендік/ құрылымда таужыныс организмдердің жақсы сақталған сауыттары не қаңқаларынан тұрады.
Детритустық құрылымда таужыныс организмдер денелерінің сынықтарынан тұрады. Ұсақ детритустық құрылымды шламдық деп атайды.