Шөгінді тау жыныстар және оның құрлымы


ПИРОКЛАСТОЛИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ



бет3/3
Дата02.12.2022
өлшемі4,31 Mb.
#54352
1   2   3

ПИРОКЛАСТОЛИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

  • Пирокластардың құрамына қарай литокластық, кристаллокластық, витрокластық құрылымдар бөлінеді.
  • Литокластық құрылымда таужыныс негізінен эффузиялық таужыныстардың пирокластарынан тұрады.
  • Кристаллокластық құрылымда таужыныс негізінен магмадағы /лавадағы/ кристалдардың сынықтарынан тұрады.
  • Витрокластық құрылымда таужыныс жанартаулық шынылардың сынықтарынан тұрады.

Химиялық таужыныстардың құрлымдары

  • Химиялық шөгінді таужыныстардың құрылымдары минералдар түйірлерінің пішіні, өлшемі бойынша сипатталады. Минерал түйірлерінің жəне агрегаттарының пішініне қарай төмендегідей құрылымдар бөлінеді.
  • Идиоморфтық құрылым, мұнда таужыныстар дұрыс кристаллографиялық пішінді түйірлерден тұрады .
  • Гипидиоморфтық құрылым, онда таужыныстарды құратын минералдар идиоморфизмі əрқилы болып келеді.
  • Аллотриоморфтық құрылым, онда минералдардың түйірлері пішінсіз келеді. Егер түйірлердің шеті кедір-бұдырлы келсе, құрылымды тісті деп атайды.
  • Колломорфтық құрылым. Олар өте ұсақ домалақ пішінді түйіршіктерден тұрады.
  • Оолиттер домалақ пішінді центрлес қабатшалардан тұрады. Олардың диаметрі 2 мм-ден кіші болады
  • Ооидтар да домалақ пішінді келеді, бірақ қабаттастық болмайды.
  • Сферолиттер сəуле сияқты тарамданған ине, жапырақша тəрізді кристалдардан тұратын агрегаттар.
  • Инкрустациялық /əшекейлік/ құрылым көбінесе қуыстарда, жарықтарда қайта кристалдану процесінде пайда болады. Онда сəулеше тарамданған кристалдар пайда болады.

Биогендік шөгінді таужыныстардың құрылымдары

  • Биогендік таужыныстардың құрылымдары организмдердің сауыттары мен қаңқаларының сақталу дəрежесіне қарай жіктеледі. Осыған қарай биоморфтық жəне детритустық құрылымдар бөлінеді.
  • Биоморфтық /органогендік/ құрылымда таужыныс организмдердің жақсы сақталған сауыттары не қаңқаларынан тұрады.
  • Детритустық құрылымда таужыныс организмдер денелерінің сынықтарынан тұрады. Ұсақ детритустық құрылымды шламдық деп атайды.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет