Байланысты: Разработка проекта бурение шпуров перфораторами
Шпурды перфоратормен бұрғылаудың жобасын әзірлеу КІРІСПЕ Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеуде, барлауда және өндіруде бұрғылау жұмыстарының маңызы өте зор. Әсіресе сұйық және газ тәріздес пайдалы қазбаларды барлаудың, өндірудің тиімділігі бұрғылау жұмыстарының сапасымен тікелей байланысты. Ал бұрғылау жұмыстарының еңбек өнімділігін арттыру ең алдымен бұрғылаудың технологиялық процестерін жетілдіруге байланысты. Бұрғылаудың теориясы мен практикасына кейінгі жылдары көп жетістіктер енді. Ол жетістіктердің бұрғылау техникасына және технологиялық процестерге де қатынасы бар. Өндірісте кейінгі жылдары алмазбен бұрғылау, бұрғылаудың жаңа тәсілдері, жыныс талқандағыш жаңа құралдар, әр-түрлі жуғыш сұйықтар, ұңғы қабырғаларын бекіту әдістері және тағы басқа жаңалықтар кең орын алып келеді. Бұрғылау процестерінің теориялық негіздері де анықталып жатыр. Қазіргі кезде дүние жүзінде әртүрлі мақсаттарда бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Ұңғылардың ең көп көлемі пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, барлау мақсатында және кейбір жағдайларда кен орындарын өндіру мақсатында тау – кен және мұнай – газ өндірісіне тиесілі (сұйық және газ күйіндегі падалы қазбалар, жер асты сілтілендіру әдісімен өндірілетін қатты пайдалы қазбалар және т.б.). Техниканың дамуының қазіргі деңгейінде өндірістік мәселелерді шешудің негізгі шарты, ол мәселелерді ғылыми тұрғыдан қарау болып табылады. Сондықтан қазіргі заманның инженері бұрғылау процестерінің теориясын меңгере білуі керек. Халық шаруашылығында минералдық шикізат қорын көбейтуде геологиялық барлау жұмыстарының маңызы өте зор. Осындай зор міндетті орындау үшін барлама бұрғылау ұңғыларының санын көбейту керек. Және де бұл мақсатқа бұрғылау жылдамдығын көбейту арқылы жету керек. Барлама бұрғылаудың технологиясы мен техникасын ойдағыдай өркендету үшін тау жыныстарының оларды талқандағанда, әйтпесе ұңғымен тескенде қандай заңдылықтары кездесетінін жақсы білу керек. Олардың конструкциясын, қалай жұмыс істейтінін, қалай тозатынын өте терең білу керек.