заманымыздан бұрын 23 – 21 ғ-лар) жаңа Шумер жазуы жылы (біздің заманымыздан бұрын 21 ғ.); кейінгі Шумер жазуы жылы (біздің заманымыздан бұрын 2-мыңжылдықтың бас кезі).
Шумер жазуын зерттеген ғалымдар И.М. Дьяконов оның аккад тілімен қатар кітаби тілдің негізін қалағанын, график., лексик. және грамматикалық ерекшеліктері болғанын анықтаған. Ғалым шумерлік 100-ден аса сөздерді алып, олардың грамматикалық құрылымын, сөз таптарының мағынасы мен қызметін, сөздердің орын тәртібі мен синтагмат. ерекшеліктерін көрсетті. Шумер жазуы жылдарын Хоммельден кейін түркі тілдерімен салыстырған О.Сүлейменов ұқсас сөздердің кездейсоқ еместігін дәлелдеді. Ол Шумер жазуы жөн түркі терминдерімен салыстыра отырып, сәйкес келетін сөздердің дені: 1) Тәңірге; 2) адамға; 3) табиғатқа; 4) мәдениетке қатысты екенін зерделеп, ондағы жүйелілікті анықтаған. Ол шумер және түркі жазуларының жақындығын нақты тілдік деректер арқылы негіздей келіп, оның генетик. жақындық емес, мәдени жақындығының болуында деп, мағыналық, тұлғалық, ұғымдық жағынан жақын шумер мен түрік сөздерін салыстырады. мысалы , ада – ата; ама – аба, ана; амар, мар – мара, мала, бала; ер – ер; думу – тума, од – от, уш – үш, т.б. Автор Шумер жазыу жылдарындағы материалдар арқылы ежелгі замандағы түркі тілінің сөзжасамдық жүйесінің кейбір сызбалық жүйесін анықтауға болатындығын, шумерлердің дайын