Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күресу қағидалар
Бтс “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Пара беру
Пара беру дегеніміз:
Заттар – ақшы, оның ішінде шетел валютасы, банк чегі және құнды қағаздар, бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомашина, азық-түлік, бейнетехника, тұрмыстық құралдар және басқа тауарлар, пәтерлер, саяжай, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телімдері және басқа жылжымайтын мүлік.
Қызметтер мен пайдалар – емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаториялық және туристік жолдамалар, шетелге бару, ойын-сауықты және басқа да шығындарды тегін немесе төмендетілген құнмен төлеу.
Параның бүркемелі түрі – банк қарызы немесе жоқ қарызды өтеу түрімен төмен бағамен сатып алынған тауарларды төлеу, жоғары бағаға тауар сатып алу, парақорға, оның туыстарына, достарына жалақы төлеуге арналған жалған еңбек шарттарын жасау, жеңілдікті несие алу, дәрістер, мақалалар және кітаптарға арналған қаламақыны көтеру, казинодағы «кездейсоқ» ұтыс, жалгерлік ақыны төмендету, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту
Пара беру:
Пара лауазымды тұлғаға жеке немесе делдал арқылы берілсе – жеті жүзден екі мыңға дейін айлық есептік көрсеткішке дейін немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде, немесе не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Пара лауазымды тұлғаға заңсыз әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін берілсе – бір мыңнан үш мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру – мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ретінде жазаланады.
Параны алғаны үшін кім қылмыстық жауапкершілікке тартыла алады?
Мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті лауазымдық тұлға және оған теңестірілген адам пара алушы ретінде танылуы мүмкін.
Жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар, мемлекет қызметтерін және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының конституциялық және басқа заңдарымен бекітілетін лауазымды тұлғалар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі парамен байланысты қылмыстың екі түрін қарастырады:
· пара алу (366 бап);
· пара беру (367 бап).
Бұл қылмыстың екі жағы: сөз пара жайлы болғанда, параны алатын адам (пара алушы), және оны беретін адам бар (пара беруші) деген сөз.
Пара алу – ең қауіпті лауазымдық қылмыстың біріне жатады, егер ол адамдар тобымен жасалса немесе заңды немесе заңсыз әрекет (әрекетсіздік) үшін лауазымды тұлға пайда мен артықшылық алу арқылы қорқытып алушылықпен қоса болса тіпті де ауыр қылмыс болып табылады.
Пара беру – лауазымдық тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекет (әрекетсіздік) жасауға итермелеуге, немесе берушінің пайдасына, соның ішінде қызметі бойынша жалпы қамқорлық пен жол берушілік үшін қандай да бір артықшылықтар ұсынуға, алуға бағытталған қылмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |