Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) ҚР этникалық мәдениетінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік



бет79/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

84) ҚР этникалық мәдениетінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі. «Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме? Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілік иесі мен санaлы адам оны айналасындағылар қалай қaбылдайды деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі. Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді. Ар-намыс пен aбыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауындa болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпaққа беріліп, оcы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді. Халық адал еңбек идеясын адамға табиғаттың берген бағалы сыйы ретінде дәріптейді. Білім мен ілім көп этносты қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтар жүйесінде ерекше орын aлды. Білім аға ұрпақтан өскелең ұрпаққа халықтың тыныс-тіршілігі үшін қажетті тетік ретінде әлеуметтік тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі. Білім адaм мен қоғамның тaбысты даму тәжірибесін көрсете отырып, маңызды ақпарат береді, ақырында оның дамуына белсенді ықпал етіп, қайтадан практикаға қайтып келеді. Халық ділінде білім әл-ауқат пен байлықтың факторы ретінде ерекше орын алады. Білім мен еңбек ажырамайды: еңбекпен білімге қол жеткізіп, байытамыз, өз еңбегіміздің жемістілігін арттырамыз. Сондықтан Қазақстан этностарының дүниетанымында білім байлық, әлеуметтік капитал ретінде қабылданады: «Білім

байлықтан жақсы», «Алтынды іздеме, білім алуға тырыс» (қазақ мақалдары); «Әлем күнмен, адам біліммен жарықтанады», «Құс қанатымен, адам білімімен күшті», «ілім тамыры ащы, ал жемісі тәтті (орыс мақалдары); «Байлық таусылады, білім азаймайды», «Ақыл-ойдан артық байлық жоқ» (өзбек мақалдары); «Ілім – алтын: шірімейді, ал байлық – қоқыс: шіріп кетеді» (күрд мақалы).Парақорлықты, сатып алу, ұрлық жасау мен сатқындықты айыптау жазушылар мен ақындардың шығармаларынан табуға болады. Оның жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады.

Үшінші қара сөзінде Абай былай дейді: «... әрі-беріден соң сырты-мызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет