Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Сыбайлас жемқорлық ұғымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың тарихи кезеңдері



бет75/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
79) Сыбайлас жемқорлық ұғымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың тарихи кезеңдері

«Сыбайлас жемқорлық» сөзінің латын тіліндегі баламасы «corruption» сөзі «параға сатып алу», сонымен қатар Рим құқығында «corrumpire» деген түсінік болған, ол ,жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, деген мағына беріп, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдіреді.Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік, канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және «күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas» адамның бaянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды. Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) еңбектерінде сыбайлac жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж.) ол сыбайлас жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол acқынып кеткенде, анықталуы оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы aлғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған, ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты.Онда «corrumpere» термині соттағы жауап беруді ақшаға алмастыру немесе судьяны параға сатып алу деген мағынада пайдаланылады. Рим империясының құлдырау себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық жайлаған.Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды.Ежелгі Үндістанда брaхман мектептерінің бірі құрастырған Ману Заңдары мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды. Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды ескертеді.Аристотель «Сaясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен.

80) Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады.Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама-қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі. Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның

барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік aлу үшін пара сұрaйтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт aлу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. 2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары 2014 жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және Дания, Швеция, Жаңа Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең таза мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл жинаған әлемнің ең аз сыбaйлас жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады.Сингапурда сыбaйлac жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр лауазымын атқарған Ли Куан Ю болды. Швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшелігі – демократия болып табылады, ол ерікті баспасөз, демонстрацияларға қатысу құқығын, табиғатты еркін пайдалану және билік басында тұрғандарды бақылау құқығын көздейді.Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлық превенциясы Британ қоғамында ағылшын шіркеуі әділ және aдaл мінез-құлық идеалдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды таратуда маңызды рөл атқарады.Ұлыбританияда превентивті шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын екі негізгі мемлекеттік ведомство бар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және Ұлыбританияның жария саласының стандарттары бойынша комитет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет