6. Қажетті ресурстар Бағдарламаны іске асыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, қаржыландыру көздері ретінде тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор елдердің гранттары және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер пайдаланылуы мүмкін.
Бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы 355699 мың теңге қаражат бөлу көзделуде:
оның ішінде, республикалық бюджеттен – 355699 мың теңге, оның ішінде:
2011 жылы – 26 166,5 мың теңге;
2012 жылы – 27 363,5 мың теңге;
2013 жылы – 243 944,5 мың теңге;
2014 жылы – 29 112,5 мың теңге;
2015 жылы – 29 112,5 мың теңге.
Шығыстар сомасы толық емес және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Республикалық бюджет комиссиясы нақтылайтын болады.
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шараларды іске асыру бөлінген қаражат шегінде көзделеді.