Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Пән: Құқықтық сауаттылық және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Жоспар - 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- 2. Жемқорлыққа қарсы қабылданған заңнаманың қалыптасу кезеңдері
- 3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу
- 4. Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдарымен ынтымақтастық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 2) қоғамдық бақылау институтын енгізу; 3) квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты ескерту; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Жемқорлыққа жол жоқ!
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» бойынша жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей
қатер болып саналады және мемлекет пен қоғам осындай жағымсыз
құбылысқа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының
XVI съезінде сөйлеген сөзінде, «Меритократия қағидаттарын қорғау
және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты
жолға қою маңызды» деді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама кезеңдері:
- 1992-1997 жылдар
- 1999-2000 жылдар
- 2001-2004 жылдар
- 2005-2014 жылдар
- 2014 жыл тамыздан басталады
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР
КОДЕКСІ
1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексте
17 жеке құрам болды.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде
сыбайлас жемқорлыққа 21 қылмыс құрамы жатқызылды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 1131 қаулысымен,
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған
немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен
жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
2004 жылғы 14 желтоқсандағы кеңестік тобының бірауыздан қабылдаған
шешімімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына енгізілді. Халықаралық ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдері еліміздің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы саясатын оң бағалады, сондай-
ақ республиканың халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы атап өтілді.
Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдарымен ынтымақтастық
Қорытынды
"Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр ".
Нұрсұлтан Назарбаев
пайдаланылған әдебиеттер
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz/rus/docs/
Z1500000410.
2. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. http://www.akorda.kz/ru/page/ page_poslanie-
prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu- kazakhstana-14-
dekabrya-2012-g_1357813742.
Достарыңызбен бөлісу: |