Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ҰЕҰ, саяси партиялар мен бақ рөлі жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата15.11.2023
өлшемі8,54 Mb.
#122795
1   2
Байланысты:
Blue Illustration Sales Report Business Presentation

    Бұл бет үшін навигация:
  • Thank you!
Кеңес мынадай функцияларды
орындайды:
1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша, оның ішінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлықпен күрес нысандары мен әдістерін
жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және құзыретті органдарға енгізу;
2) қоғамдық мониторингті ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер
туралы заңнаманы жетілдіру бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту
бойынша ұсынымдарды әзірлеу және тиісті мемлекеттік, оның ішінде жоғары тұрған
органдарға енгізу;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анағұрлым жақын тұратын салаларды анықтау
мәселелері бойынша ғылыми ұсынымдарды қарау және олардағы сыбайлас жемқорлық
деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бағдарламалар мен жоспарларды
іске асыру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша
ұсыныстар енгізу, сондайақ оларды іске асырудың бірлескен мониторингі мен талдауын
жүзеге асыру;
5) қоғамдық мониторинг қорытындыларын, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған
қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша шараларды қарастыру;
6) халықты сыбайлас жемқорлық көздері мен теріс әсерлері, онымен күресу құралдары мен
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар туралы ақпараттандыру;
7) пасын жақсарту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратын тыңдау;


8) кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қорғаумен байланысты құқық
қорғау қызметін реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды
әзірлеу;
9) мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу және халыққа көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізу,
10) мемлекеттік органдар басшыларының, жауапты лауазымдық тұлғаларының
сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемлекеттік қызметтер ұсыну
сапасын жақсарту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратын тыңдау;
11) мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларын мпемлекеттік қызметтер
туралы заңнама талаптарын сақтамағаны, қоғамдық мониторинг нәтижелері
бойынша шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы
ұсынымдар әзірлеу. 


Уәкілетті орган 2014 жылы азаматтық қоғам
институтымен, «Нұр Отан» партиясымен және жергілікті
атқарушы органдармен бірлесіп 28 меморандумға қол
қойды, 35 кеңейтілген «дөңгелек үстелдер», 32 семинар,
5 форум, 37 ағартушылық және мынадай тақырыптарда
басқа да іс-шаралар өткізді: «Сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтың алдын алу – Профилактика
коррупционных правонарушений», «Қоғамдағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымды
қалыптастыру максатында азаматтардың құқықты ұғыну
деңгейін арттыру – Повышение правосознания граждан
в целях формирования антикоррупционного
мировоззрения», «Жастар сыбайлас жемқорлыққа
қарсы – Молодежь против коррупции» және «Сыбайлас
жемқорлықпен күрестің жаңа белестері – Новые
ступени в борьбе с коррупцией». Осы іс-шаралар жүйелі
түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Бұдан басқа «Нұр Отан» партиясының өңірлік
филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті
жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде,
азаматтық қоғамның әртүрлі топтарымен (жастар және
студенттік ұйымдар, этномәдени бірлестіктер,
кәсіпкерлердің өңірлік палаталары, бизнес-
қауымдастықтар) кездесулер ұйымдастырылуда.
Осындай кездесулерге жергілікті атқарушы
органдардың, сондай-ақ құқық қорғау және сот
жүйелерінің өкілдері қатысады. 


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
жанынан консультативтік-кеңесші орган мәртебесі
берілген Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі
қоғамдық кеңес құрылған. Кеңес қызметінің
мақсаттары: елдегі заңдылықтың жай-күйін арттыру,
мемлекеттік құқықтық саясатын жүргізуге
жәрдемдесу, прокуратураның үкіметтік емес
ұйымдармен және халықпен өзара қарым-қатынасын
дамыту және одан әрі жетілдіру болып табылады.
Осыған ұқсас кеңестер аумақтық прокуратураларда
да құрылған. Кеңестер құрамына «Нұр Отан»
партиясының өкілдері, депутаттар, белгілі ғалым-
заңгерлер, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес
ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері, прокуратура органдарының ардагерлері
мен басқа адамдар кірген. Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі жанынан ішкі істер органдары
қызметінің белгіленген саласына жататын
мәселелер, полиция қызметінің жариялығы мен
ашықтығы қағидатын өмірде ұстану, Қазақстан
Республикасы азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау бойынша қоғаммен өзара іс-
қимыл жасасу мақсатында Полиция қызметін
бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды,
осындай кеңестер Астана, Алматы қалаларындағы
және облыстардағы барлық қалалық және аудандық
бөлімдерінде құрылған. 
ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес 2007
жылы құрылған. Қоғамдық кеңес құрамына белгілі қоғам
қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, журналистер,
үкіметтік емес және ғылыми ұйымдар өкілдері кіреді. Ішкі
істер министрлігі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша 200-
ден астам үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ)
ынтымақтастықты жүзеге асырады. Әкімшілік полиция
комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты
жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде
отбасылықтұрмыстық қарым-қатынастар саласында, жол
қауіпсіздігін қамтамасыз ету


Қазақстанда қоғамдық бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар
болып табылады деген қорытынды шығаруға болады:
1. Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне төмендеген қызығушылығы. Азаматтық
белсенділіктің және қоғамдық бақылаудың жетіспеушілігінің негізгі себебі елдің
қоғамдық-саяси өміріне немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу
дағдыларды, ақша, уақыт талап ететіндігінен – мұны барлығы, яғни барлық үш
ресурстар азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы
келмейді.
2. Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі бойынша
келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың әлсіздігі. Осы әртүрлі
көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды орташа кластың болмауы.
3. Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс түсінудің болмауы,
сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын танымдылықтың болмауы.
Қазақстанда қарама қайшы жағдай қалыптасты: бір жағынан қоғамдық бақылау жүйесін
қалыптастыру процесі болуда, қоғамдық бақылаудың негіздерін бекітетін нормативтік
құқықтық базаны құруға талпыныстар жасалуда, қоғамдық бақылаудың (қоғамдық
палатаның) өзіндік институттары қалыптастырылуда; екінші жағынан азаматтардың
елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылығы жыл сайын төмендеп келеді, қоғамның
сұрауы жеткілікті түрде қанағаттандырылмайды. 


Thank
you!
Қолданылған әдебиеттер:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ https://ahpc.edu.kz/wp-content/uploads/%D0%A1%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%81-
%D0%B6%D0%B5%D0%BC%D2%9B%D0%BE%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D2%9B%D0%B0-
%D2%9B%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B-
%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B.pdf
https://emirsaba.org/lekciya-tezisi-tairibi-sibajlas-jemorli-fimi.html?page=27


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет