Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері



бет5/5
Дата21.12.2023
өлшемі1,65 Mb.
#141983
1   2   3   4   5

Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына біртебірте кірігу жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстанда соңғы жылдары қалыптасқан біршама күрделі қоғамдық-экономикалық жағдай жас ұрпақ үшін бірсыпыра ауыр болды. Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз ықпалын жоғалта бастады және бұл жас азаматтардың ілгерінді құнды бағдарларының қалыптасуына әсер етеді. Бұл жағдайда жастар көбіне өз таңдауының дұрыстығына сенімділігін жоғалта бастайды, оған қоса сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне бейім бола бастайды. Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты дұрыс таңдау қажеттігі кезінде қиындық пайда болады. Осы орайда тұлғаның сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама – бұл адамның әрекетінен, іс-қимылы мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы тікелей қарым-қатынасының интеграцияланған көрсеткіші.

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру;
  • тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру;
  • қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту.
  • Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді. Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:

  • білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері жағдайларының болмауы;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі;
  • білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі проблемаларын шешу тәжірибесін алу;
  • білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет