Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет104/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   256
8.5.
 
Жалпақ сымдарымен электр сымдарын монтаждау 
АППВС, АППВ және АПВ маркалы жалпақ сымдар тұрғын және 
қоғамдық 
ғимараттарында, 
сонымен 
қатар 
өндірістік 
кәсіпорындардың қызметтік және қосымша үй-жайларында 
жарықтандырудың топтық тораптарын тарту үшін қолданылады. 
Жалпақ сымдарды жасырын тарту арнаулы атызда сылау астында 
немесе атызсыз құрылыс негізінің бойында тікелей орындалады. 
Жалпақ сымдарды ағаш қабырғалары, аралықтар және төбе 
бойымен қалыңдыңы 5 мм кем болмайтын табақ талшықтасының 
тілкемдерінде ылғалды сылау қабатының астында да тартуға 
болады, бұл ретте асбест және сылау қабаты сымның әрбір жаңынан 
10 мм кем болмайтындай шығып тұруы керек.
Жалпақ сымдарды жасырын тарту үдерісін жабындардың 
темірбетонды 
аражабындары 
арасындағы 
саңылауларында, 
каналдарда және жанбайтын құрылымдарының қуыстарында, 
сонымен қатар, құрылыс индустриясының кәсіпорындарында 
құрылымдарды өңдеу кезінде оларды панель немесе қабырға ішіне 
құйып бекіту немесе еденді дайындау кезінде аражабын 
тақталарының үстінен салынған металды емес құбырларда 
орындауға рұқсат етілген. Жасырын тартуға электротехникалық 
ернеуліктерінде сымдарды тарту жатқызылады.
Жалпақ сымдарды ашық тарту жанбайтын қабырғалар мен 
аралықтардың бетінде тікелей, сыланған жер, жапсырылған және 
жапсырылмаған тұсқағаздар, сонымен қатар, қосымша оқшаулаусыз 
бетонды 
жабындардың 
бойымен 
іске 
асырылады. 
Ағаш 
қабырғалары, аралықтар және төбелер (жанатын) бойымен жалпақ 
сымдарды тарту кезінде табақ талшықтасынан жасалған төсем 
ретінде қосымша оқшаулау қажет. Одан басқа, ауылды мекендерде 
ағаш іргесі бойымен аунақшаларда тартуға арналған 660 В кернеуге 
есептелген, ажыратушы негізі және жанудың алдын-алатын 
рәзеңкелі оқшаулануы бар АППР маркалы жалпақ сым 
шығарылады.
Жарылыс қаупі бар аймақтарда, белсенді агрессивтік ортасы бар 
әсіресе ылғалды және ҚНжЕ орнатылған басқа да ғимараттарда, 
сонымен қатар, аспалы жарықтандыру темір арқауды қуаттандыру 
үшін жалпақ сымдарымен электр сымдар желісін тартуға рұқсат 
берілмеген.
Жалпақ сымдармен тарту монтажы оларды тартуға арналған 
трассаларды және МЭЗ алдын-ала дайындаудан басталады. 
Таңбалау монтаждау кезінде тікелей орындалады: алдымен 
қалқанды, шамдарды, сөндіргіштерді және ашалы розеткаларды
одан кейін сымдарды тартуға арналған трассаны орнату орындарын 
белгілейді. Трассаларды таңбалау кезінде келесідей нормативтік 
деректерді қарастырады. Қабырғалардың бойымен көлдеңен тарту 


241 
төбеден 100...200 мм немесе арқалықтан не ернеуден 50...100 мм 
қашықтықта, ал тігінен (сөндіргіштерге, ашалы розеткаларға және 
шамдарға түсе беріс және көтерілу) – есік және терезе ойықтарының 
бағытына, немесе олардан 100 мм дейінгі қашықтықта ғимарат 
бұрыштарына, немесе 300 не 800 мм қашықтықта топтық ашалы 
розеткаларына қатарлас. Қатарлас тартылатын сымдар арасындағы 
қашықтық 3...5 мм болуы шарт. Сымдарды пакеттермен немесе 
түйіндермен тартуға тыйым салынған.
Бір шамды орнату кезінде ғимараттың ортасын анықтау үшін 
ғимараттың екң қарама-қарсы бұрыштарынан еден немесе төбенің 
бойымен екң бауды айқыш-ұйқыш етіп тартады да, олардың 
қиылысу нүктесін табады. Екі шамды орнату орындарын табу үшін 
еден немесе төбеде ғимараттың орташа желісін шегіндіреді, оны 
өзара тең төрт бөлікке бөледі және оларды қабырғадан бөлме 
ұзындығының ¼ қашықтығында орнатады. Қалыптастырылған 
қашықтықтарды 
сақтау 
ғимараттың 
қолданысы 
кезіндегі 
сымдардың бұзылу ықтималдығын жоққа шығарады.
Жасырын тарту үшін атыздың өлшемі оларды зауыттағы 
панельдерде қалыпқа келтіру немесе объектіде тікелей тесіп өту 
кезінде қалыптастырылады, мысалы қимасы 2 х 2,5 немесе 3 х 2,5 
мм болатын АППВС маркалы бір сымды тарту үшін атыздың 
өлшемі 20 мм, ал қимасы 2х2,5 мм АППВС маркалы екі сымды 
тарту үшін – 30 мм, атыздың тереңдігі – 20 мм болуы тиіс.
Қабырғалар арқылы сымдардың өтуі тығындармен тұйықталған 
оқшаулаушы тұтқаларында орындалады, осы мезетте оқшаулаушы 
тұтқасы тығыннан 5...10 мм шығып тұруы керек.
Қабырғаларда сөндіргіштер мен ашалы розеткалар астына 
алебастр немесе цемент ерітіндісіндегі немесе сылау беті бар 
ерітіндісіз беттеуіндегі қораптар (ашық тарту үшін – ағаш 
қораптары) қойылады.
Шеберханада дайындау кезінде жоба бойынша үлгілі 
ғимараттардың санын анықтайды және әрбір ғимараттың түрі үшін 
сызбаны жинақтау және сымдарды пішу үдерісін іске асыратын, 
барлық өлшемдері бар тартудың толық картасын құрастырады. 
Тармақтаушы қораптарында қабырғалар және аралықтар арқылы 
өту есебімен, келешекте ғимараттарда электр сым жүйесін 
монтаждауды 
қиындатпайтын 
тартудың 
жалғасулары 
мен 
тармақталуларын 
орындайды. 
Қолданылатын 
қораптардың 
өлшемдері сымдардың санымен, олардың қималары және сылау 
бетінің қалыңдығымен анықталады. Сызбаны тексереді, нөлдік 
желісін белгілейді, дайындалған электр сымдарын орамдарға 
орайды, биркалармен таңбалайды және контейнерлерде монтаждау 
орнына жеткізеді.
Монтаждау орнында жеткізілген сым бухталарын тарқатады 
және дайындалған трасса бойынша таңбалауға сәйкес ажыратады. 


242 
Тармақтаушы 
қораптарды, 
сөндіргіштерді 
және 
ашалы 
розеткаларды 
бекітеді, 
сызбаның 
жеке 
учаскілеріндегі 
жалғасуларды орындайды, сымдарды бұрын орнатылған қалқандар 
мен шамдарға жалғайды.
Тармақтаушы қораптарындағы жалпақ сымдардың жалғасулары 
мен тармақталуын дәнекерлеумен, қысыммен немесе жапсырумен 
орындайды, 
осы 
кезде 
олардың 
ұштары 
полиэтилен 
қалпақшаларымен немесе оқшаулау лентасымен жекелейді. Жалпақ 
сымдардың өзара қиылысуынын алшақ болу тиіс, егер ондай 
мүмкіндік 
болмаса, 
онда 
қиылысу 
орнында 
сымдардың 
оқшаулануын поливинилхлоридтік лентаның үш-төрт қабатты 
орағышпен 
күшейтеді. 
Қораптарда 
жалғасуларды 
және 
сөндіргіштер мен ащалы розеткаларына қосымша жалғасуды 
орындау кезінде ұзындығы бойынша сымдардың артық көлемін 
қалдыру қажет.
Жасырын тарту кезінде жалпақ сымдарды бекіту алебастр 
ерітіндісін мұздатумен, дюбелдерде пластмасса қапсырмалармен, 
мақта-мата лентасымен (шегелермен бекітуге тыйым салынған), ал 
ашық тарту кезінде – шегелермен, пластмасса қапсырмалармен, 
металды тілкемдермен немесе жапсырумен іске асырылады. 
Ылғалды 
жылытылынбайтын 
ғимараттарда 
шегелер 
бүркеншіктерінің астына оқшаулау шайбаларын салып отыру 
қажет.
Егер тартуды даярлау монтаждаудың орнында тікелей іске 
асырылатын болса, онда жұмыстарды қол әдісімен келесідей 
тәртіпте іске асыратын болады. Ең алдымен сымдарды арнайы 
түзету құрылғысы немесе қолға киілетін қолғап арқылы қабықшаны 
желіден жылжытпайтындай етіп, аса күш салмай, өткізе отырып, 
оларды түзетеді. Одан кейін сымдардың өлшеулі бөлшектерін 
таңбалауға сәйкес жеке учаскілер бойынша кеседі және 
тармақтаушы қораптың топтық қалқанына жақын орналасқанынан 
бастап оларды тарта бастайды. Сымның ұштарында 75 мм 
ұзындығында ажыратушы қабығын кесіп алады, ал үш талшықты 
сымдарда екінші және үшінші желі арасында жалғастырғышты да 
кесіп тастайды, одан кейін ұштарды қорапқа кіргізеді.
ППВ және АВВП маркалы жалпақ сымдарды қырына иілу 
кезінде (мысалы, трассаны қабырғаның бойымен 90° бұру кезінде), 
40...60 мм ұзындығындағы желілер арасында ажыратушы 
қабықтарын (сымдағы қима және желі сандарына тәуелді) алдын-
ала кесіп тастап, иілу орнында ішкі желілерді бұрыштың ішіне 
майыстырады. Одан кейн сымдарды трассаның кейінгі бұрылысына 
дейінгі тура сызықты учаскісінде тартады және бекітеді 
(8.11сурет).
АПН маркалы сымдардың иілу үдерісі ППВ және АППВ 
маркалы сымдардың иілуінен біраз ерекшеленеді: иілу жеріндегі 


243 
ажыратқыш қабығы кесіледі, және бұрылыста желіні жасырын 
тарту кезінде бір жазықтықта әртүрлі жақтарға ажыратылады, ал 
ашық тарту кезінде ішкі желі бұрылыс жерінде сыртқысына қоса 
жалғанады. Жалпақ сымдардың желілерін өзара және бұрылыс 
бұрыштарында қиыстыруға тыйым салынған.
Тартылған жалпақ сымдары бар атыздарды өңдеу үшін 
оқшаулау және сымдардың алюминий желілерін бұзатын сақар 
және мылонафт қоспаларын қамтитын, сылау, цемент және басқа да 
ерітінділерін қолдануға рұқсат етілмеген. 
8.11 сур. Жазық сымдардың бұрылу түрлері БЖТ және АЖТБ 
Ғимараттардың 
құрылыс 
құрылымдарындағы 
тұйық 
каналдарында жасырын алмастырылатын электр сымдар желісі 
индустриялық монтаждаудың талаптарына сәйкес және сенімді 
болып табылады. Каналдық атауына ие болған осындай электр 
сымдарының желісі тұрғын үй құрылыстарында кеңінен қолдау 
тапты, мысалы, іріпанелді тұрғын және қоғамдық ғимараттарында. 
Ғимараттардың құрылыс элементтеріндегі сымдарға арналған 
каналдар, қуыстар, өткелдер және тарту тораптарының басқа да 
элементтері құрылыс индустриясының зауыттарында орындалады. 
Осындай каналдарда тігінен учаскілерді (тіреуіш), баспалдақ 
алаңын жарықтандыру желісін және басқаларын қоса алғанда 
топтық және қуаттандыру желілері тартылады, бұл ретте электр 


244 
сымдарының желісі алмастырылатын болып табылады, яғни, 
қолданыс үдерісінде сымдарды толық ауыстыру ықтималдылығы 
қамтамасыз етіледі. Каналдық электр сымдар желісі элементтерінің 
өлшемдері мөлшерленген: каналдардың диаметрлері сәйкес 
сымдарды тартуға арналып қолданылатын болат құбырларының 
диаметрінен 1,1құрау керек; созыңқы қуыс немесе қораптар 
арасындағы каналдардың ұзындығы 8 м дейін болуы қажет; канал 
бетіндегі қорғаныс қабатының қалыңдығы 10 мм кем болмауы 
шарт; жасырын қондырғысының сөндіргіштері мен ашалы 
розеткаларына тікелей бекіту үшін темірбетон панелдеріндегі 
орындар диаметрі 70 және 72 мм болатын қиықталған конус 
пішініне ие болуы керек. Қабырға панелдерінің түйіндесу 
орындарында созыңқы қуыстар радиусы 70 мм болатын жартылай 
цилиндр немесе радиусы 70 не 80 мм болатын жартылай конус 
түрінде орындалады.
8.12 суреті. Бөлме аралық (а) пәтер аралық қабырға темірбетонды 
панелдеріндегі созыңқы қуыстар
Аралық пәтерлердің қабырға панелдеріндегі осындай қуыстарының 
тереңдігі 50 мм артық болмауы шарт (8.12, б суреті).
Сымдарды тарту кезіндегі оқшаулауды бұзу ықтималдылығынан 
аулақ болу үшін тартуға арналған каналдар бүкіл ұзындығының 
бойында ешбір қатпарсыз және өткір шектерсіз тегіс бетті болуы 
керек. Каналдың қимасы ккалибрмен тексеріледі, оның диаметрі 
каналдың жобалау диаметрінен 0,9 құрауы тиіс.
Каналдардағы 
сымдар 
поливинилхлоридті 
тұтқалармен 
оқшаулануы тиіс санитарлық-техникалық кабиналарынан басқа 
жердлерде берілген бір оқшаулау құбырларынсыз тартылады. 


245 
8 . 2 к е с т е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет