Сіби білім беру


ҚҚБЖ және ТҚБЖ жалпы ережелері



Pdf көрінісі
бет117/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   256
9.2. ҚҚБЖ және ТҚБЖ жалпы ережелері 
 
Қазіргі жағдайда өндірісті дамытудың және экономиканы 
жетілдірудің аса маңызды міндеттерінің бірі жаңа техниканы жасау 
мен меңгеру мерзімін қысқарту, сонымен қатар, оны дайындаудың 
бейнеттілігін төмендету болып табылады. Біршама дәрежеде осы 
міндетті табысты шешу дайындаманың нормативті-техникалық 
және ақпараттық жабдықтамасына және өндірісте өнімді қоюға
сонымен қатар, жалпы техникалық жүйелердің мемлекеттік 
стандарттарының, мысалы, Құрылымдық құжаттың бірыңғай 
жүйесінің (ҚҚБЖ) және Техникалық құжаттың бірыңғай жүйесінің 
(ТҚБЖ) талаптарын айқын сақтауға тәуелді 
ҚҚБЖ елдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың құрылымдық 
құжаттарды жасау, рәсімдеу және қараудың бірыңғай ережелері мен 
тәртіптерін белгілейтін мемлекеттік стандарттарының кешендерін 
көрсетеді. Бұл бірыңғай ережелер құрылымдық құжаттардың 
барлық түрлеріне, есептік-тіркеу, нормативті-техникалық және 
технологиялық құжаттарға, сонымен қатар, ғылыми-техникалық 
және оқу әдебиеттеріне таратылады. 
Қазіргі таңда ҚҚБЖ - өнеркәсіптің түрлі салаларында және жеке 
кәсіпорындар арасында құрылымдық құжаттарды өзара алмасу 
мүмкіндігі мен өзара байланысын қамтамасыз ететін үнемі 
қолданылатын техникалық және ұйымдастырушылық талаптардың 
маңызды жүйесі. Ол құрылымдық жасау кезеңінде өнеркәсіптік 
бұйымдарды біріздендіруге, құжаттар санын жеңілдету мен 
қысқартуға, сонымен бірге, бірыңғай графикалық суреттерді 
енгізуге, 
құжаттарды 
жасауды 
механикаландыру 
мен 
автоматтандыруға, сәйкесінше неғұрлым қысқа мерзімде кез келген 
кәсіпорында кез келген бұйымды жасауды ұйымдастыруға 
өнеркәсіптің дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


279 
Құрылымдық құжаттың бірыңғай жүйесінің стандарттар кешеніне 
екінші мемлекеттік стандарт нөмірі берілген және ол Т52 
көрсеткішінің бірінші жіктеуші тобына жатады. 
ҚҚБЖ кіретін стандарттар құрамы белгіленген тәртіпте Ресейдің 
Мемстандартымен жарияланатын сәйкес тізіммен анықталады. 
ҚҚБЖ стандарттары келесі жіктеуші топтарға бөлінеді: 
1.
жалпы ережелер; 
2.
негізгі ережелер; 
3.
құрылымдық құжаттарда бұйымдардың жіктелуі және 
белгіленуі; 
4.
сызбаларды орындаудың жалпы ережелері; 
5.
машина жасау мен құрал жасаудың бұйымдарының 
сызбаларын орындау ережелері
6.
құрылымдық құжаттарды пайдалану ережелері (есептеу, 
сақтау, өзгерістер енгізу); 
7.
пайдалану және жөндеу құжаттарын орындау ережелері; 
8.
сызбаларды орындау ережелері; 
9.
8, 9 — басқа да стандарттар. 
Мысалы, «Өзгерістерді енгізу ережелері» ҚҚБЖ стандарты МЕМСТ 
2.503-90 ретінде белгіленеді. Бұл белгі келесі түрде түсіндіріледі: 
90 — стандартты тіркеген жыл; 03 — топтағы стандарттың реттік 
нөмірі; 5 — стандарттың жіктеуші тобы; 2 — стандарт класы; 
МЕМСТ — нормативті-техникалық құжат категориясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет