283
эскиздер картасы және сызба кіреді.
Бағдарлы
картада
нақты
бұйымның
жасалуының
технологиялық үдерісі бар, барлық операциялар бойынша олардың
жылжу ретін ашады, қажетті құрылғылар мен жабдықтар, сонымен
қатар, материалдық және еңбек нормативтері туралы деректер бар.
Бұл карта міндетті құжат болып табылады.
Операциялық және бақылау карталарының
құрамында
құрылғыларға,
жабдықтарға,
құралдар,
материалдарға
қолданылатын жұмыс режимі көрсетілген технологиялық үдерістің
нақты операциясының сипаты бар. Операциялық картада аталған
операцияны орындау кезінде сақтауға тиісті сақтық шаралары,
өндіріс пен энергия тасымалдағыштар жағдайларына қойылатын
талаптар көрсетіледі, жұмыстың басталуы мен үзіліске жұмыс
орнының дайындығын сипаттайды, аталған операцияның өзіне тән
ерекшеліктері көрсетіледі (мысалы, тораптар мен тетіктердің
операция аралық сақталу мерзімі, химиялық өңдеу кезеңділігі және
т.б.).
Операциялық картаға операцияны толықтыратын және
түсіндіретін эскиздер мен сызбалар картасы, сонымен бірге,
технологиялық нұсқаулық, яғни жұмысты өзіне тән сипаттарының,
технологиялық үдерісті бақылау әдістемесі, құрылғыны немесе
құралды пайдалану ережелерінің сипаты қоса тіркеледі.
Технологиялық құжат уақытты, еңбекті, материалдарды
неғұрлым аз жұмсаумен бұйымды дайындауды қамтамасыз етуі
және өндірістің неғұрлым озық және үнемді түрде ақталған
әдістерін пайдалануды анықтауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: