Сіби білім беру


Өнім сапасын арттыру жолдары



Pdf көрінісі
бет129/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   256
Өнім сапасын арттыру жолдары.
Өнім сапасы көптеген 
факторларға тәуелді. Өнімнің жоғары техникалық деңгейі және 


301 
тамаша сапасы технологиялық үдерістерді жобалау мен жасау 
кезінде жинақталады. Бұйымды дайындау бойынша барлық 
операцияларды тамаша орындау егер жобаға немесе технологияға 
мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін ескірген шешімдер кірсе 
оған жоғары сапаны қамтамасыз етпейді. Алайда жақсы жобаның 
болуы да әлі де егер технологиялық тәртіп сақталмаса, өндірісті 
ұйымдастыру мен мәдениеті жетілмеген болса, өнімнің жақсы 
сапасына кепілдік бермейді. 
Өндірістің жоғары мәдениеті
– жақсы өнімді шығарудың 
міндетті шарты. Кейде кәсіпорындарда өндіріс мәдениетін оны 
тазалыққа, ақ халатқа, дұрыс жарықтануына келтіріп, тым таяз 
түсінеді. Мұның барлығы әрине маңызды, бірақ өндіріс мәдениеті – 
мағынасы кең түсінік, ол өндірістің техникалық деңгейін, еңбекті 
ұйымдастыруды, жұмысшыларды дайындауды қамтиды. 
Жақсы өнімді шығару үшін сәйкес техника қажет. Дегенмен 
де ең жетілген техника да уақыт өте келе дәлдіктің бастапқы класын 
жоюы мүмкін. Сондықтан да кәсіпорындарда құрылғының дәлдігіне 
жүйелі түрде зертханалық және басқа да бақылауды жүргізу, жүйелі 
түрде оны жаңғырту керек. Ескірген машиналарды жаңасымен 
алмастыру керек. 
Көптеген салаларда өнім сапасы шешуші түрде өндірістің 
таңдаған технологиясының дұрыстығына, оны дәл сақтауына, яғни 
технологиялық тәртіпке тәуелді. Химиялық үдерістерді, кептіру, 
бояу, шынықтыру, пісіру және басқаларды жүргізген кезде кішкене 
қателіктердің өзі үмітсіз материалды немесе тіптен дайын өнімді 
құртуы, көптеген адамдардың еңбегін еш қылуы мүмкін. 
технологиялық тәртіп еңбектің қарапайым тәртібінен, әрбір 
жұмысшының адамгершілігінен, тапсырылған іске жауапкершілік 
сезімінен ажырағысыз. 
Өндіріс 
мәдениетінің 
ажырамас 
элементі 
– 
оны 
ұйымдастырудың жоғары деңгейі. Әсіресе, басым рөлді айқын 
салынған 
материалдық-техникалық 
жабдықталуы 
мен 
кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімдерінің өзара әрекеті алады, 
ол стандартпен немесе басқа нормалармен қарастырылған шикізат, 
материал, жартылай дайын өнім түрлерін өндірісте пайдалануды 
қамтамасыз етеді. 
Өндіріс мәдениетіне сонымен қатар жұмыс орнындағы 
тазалық пен тәртіп, ыңғайлы жиһаз бен арнайы киім, оңтайлы 
жарықтандыру мен температура, ғылыми негізделген қабырғалар 
мен құрылғылардың бояуының түрлері кіреді. Мұның барлығы 
біріншіден, жұмысшылардың еңбегін жеңілдетеді, ауысымның 


302 
соңына дейін өндірістік операцияларды мұқият орындауға 
мүмкіндік бере отырып, шаршағыштықты төмендетеді, екіншіден, 
ұжымда селқос жұмыспен үйлеспейтін лайықты психологиялық 
жүріс-тұрысты береді, үшіншіден, бүкіл өндірістік кезеңде өнім 
сапасын қамтамасыз ету үшін аса маңызды еңбектің өңделетін 
заттарының тазалығын қамтамасыз етеді. 
Өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуді өндіріс 
технологиясын білетін, оның барлық талаптарын сақтай білетін, 
жүйелі түрде өз біліктілігін арттыратын, озық тәжірибелерді оқитын 
тек білікті жұмысшылар ғана жасай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет