Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет161/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   256
а
— КН-16 ілгегі; б —КВ-22 ілгегі; 
в
—ШН 
немесе ШУ түрлі болатты істік 
Мыс.
Соғыс 
алдында 
құрастырылған желілерде негізінен 
жоғарғы электрлік өткізгішіне ие мыс 
сымдары қолданылып келген болатын. 
Осындай сымдар 39 кг/мм
2
үзйлуіне 
уақытша кедергісіне ие болатын 
диаметрі 2...3,5 мм сымынан жасалады.
Мыс сымдары дәнекерлеу және 
жапсыруға оңай ұшырайды. Мыс 
атмсофералық әсер етулеріне төзімді, 
бірақ ол тотыға алады, әсіресе 
атмосфераның 
құрамында 
күкірт 
немесе оның қоспалары бар болған 
кезінде. 
Тазартылған 
электротехникалық 
мыс өте қымбат әрі тапшы болып 
келеді, сол себепті мыс сымдарын 
қазіргі кезде арнайы әуе желілерінде 
(мысалы, электлендірілген көліктің 
байланыс желісін монтаждау үшін) 
және атмосфераның құрамында басқа 
өткізгіш материалдарын тез арада 
бұзатын қышқылдар, сілтілер, теңіз 
суының 
тұздары 
бар 
аймақтарда 
қолданылады.
Алюминий сымдарында мысқа қарағанда кедергі 1,6 ретке артық 
болып келеді, сол себепті бірдей қашықтыққа бірдей электр қуатын 
тасымалдау үшін мыс сымдарынан тура сол есе үлкен болатындай (ең 
кіші мәні 16 мм
2
) қимасы бар алюминий сымдары қажет. Бірақ, егер 
желілердің ұзындығы бойынша монтаждауға жұмсалған бірдей мыс және 
алюминий сымдарының салмақтарын және олардың өткізгіш қабілеттігін 
салыстыратын болсақ, онда алюминий сымдарындағы қимасы үлкен 
болғандықтан олардың салмағы мыс сымдарына қарағанда екі есе кем 
(алюминийдің тығыздығы мысқа қарағанда үш еседен артық кем болып 
келеді) екендігі анықталады. Сондықтан, және алюминий сымдарының 
бағасы төмен болғандықтан және химиялық белсенді заттардың 
әрекеттеріне қажетті төзімділікті таныта алатындығынан олар мыс 
сымдарын айтарлықтай ығыстырып тастады.
Алюминий сымдары диаметрі 1,7...4,2 мм, үзілуге кедергісі 15... 16 
кг/мм
2
болатын сымнан даярланады.
Қола және мыспен салыстырғанда алюминий сымының үзілуге 
шағын төзімді болуы оның сымды дарлау материалдарын даярлаудағы 
басты жетіспеушілігі болып табылады және желі аралықтарының 
ұзындығын қысқарту қажеттілігін талап етеді, соның салдарынан оның 
құны арта түседі.


370 
Болат 
сымдары жоғары механикалық төзімділіктері кезінде 
ауқымды электрлік кедергісіне ие, сол себепті шағын қашықтықтарға 
кіші электрлік қуатын тасымалдау кезінде қолданылады (шағын қалалар 
мен кенттерде).
ӘЖ үшін диаметрі 3...5 мм болып келетін болатты бір сымды (ПСО) 
және мыс қоспасы бар болатты көпсымды (ПС- 
0, 2
% немесе ПМС - 
0,4%) сымдарын қолданады. Бірсымды сымдарына қарағанда мыс 
болатты сымдары диаметрлері бойынша емес, қимасы бойынша 
ажыратылады (мысалы, ПС-50, ПСМ-7С сымдары).
Бірсымды сымдарын әуе желілері үшін қолдану олардың төменгі 
сенімділігімен шектеледі. Сымды даярлау кемшіліктері, артылған 
механикалық 
жүктемелер 
мен 
діріл 
бірсымды 
сымдарының 
төзімділіктеріне елеулі ықпал етеді. Қимасы ауқымды болып келетін 
бірсымды сымдар шығарылмайды.
Көпсымды сымдары бір немесе бірнеше металдар сымдарының 
әртүрлі санын қамти алады. Орталық сымы бар көпсымды 
сымдарындағы 

сымдар санын сымдар қабаттарының саны арқылы 
көрсетуге болады
n: N = 3n (п -
1) + 1. Үш орталық сымдары бар 
сымында 
N = 3п
2

Сымдар орамасының шиыршығы оң (сымдарды жоғарыға қарай сол 
жақтан он жаққа орайды) немесе сол жақты бола алады. Аралық 
орамаларды шиыршықтау әртүрлі бағыттарда іске асырылуы мүмкін, ол 
сымның дөңгелек пішінің сақтауды қамтамасыз етеді және ауырлық 
күшінің әрекетінен тарқатылуына кедергі болады.
Көпсымды сымның уақытша кедергісі тұтастай оның сымдарының 
уақытша кедергі сомасынан 85.90 % құрайды, ол әртүрлі 
орамаларындағы сымдардың әртүрлі жұмыс істеу тәртіптерімен 
сипатталады.
Көпсымды сымдарының ерекше түрі құрамдастырылған сымдар – 
болатты қола және болатты алюминий сымдары болып келеді. Осындай 
сымдарының ішкі ормасы жоғарғы төзімді болат сымдарынан, ал 
сыртқы орамасы – қола немесе алюминий сымдарынан жасалады. 
Болатты білік сымның төзімділігін күшейте түседі. Болатты алюминий 
сымдарында болаттың аса жоғарғы механикалық төзімділігімен 
алюминийдің қажетті шамасындағы жоғарғы өткізгіштігі сәтті үйлеседі. 
Болатты алюминий сымдары қазіргі кезде желілерді құрастыру кезінде 
қолданылатын сымдарының негізгі түрі болып келеді.
Сымдарды таңбалау кезінде олар дайындалған материал және 
оларды өткізу бөліктерінің бастапқы қимасы көрсетіледі. Мыс сымдары 
М әрпімен, алюминий сымдары – А әрпімен, болатты алюминий 
сымдары – АС, АСО, АСУ (қалыпты, жеңілдетілген, күшейтілген 
сәйкесінше, бір-бірлерінен алюминий және болаттың қимасының 
қатынасымен ажыратылады) әріптерімен таңбаланады.
1 кВ дейінгі кернеуі бар әуе желілері үшін механикалық төзімділік 
шарттары бойынша қималары келесідей мәндерден кем болмайтын 
бірсымды және көпсымды сымдар қолданылады: алюминий - 16 мм
2



371 
болатты алюминий және биметалды - 10 мм
2
, болатты көпсымды - 25 
мм
2
, сонымен қатар диаметрі 4 мм болып келетін болатты бірсымды 
сымдары.
Тарқатылған сымдар, сонымен қатар диаметрі 5 мм жоғары болып 
келетін бірсымды болат сымдары және диаметрі 6,5 мм жоғары болатын 
бірсымды биметал сымдарын қолдануға тыйым салынған.
Найзағайдан қорғау арқандары жалпы арқанға біріктірілген 
мырышталған жоғарғы сұрыпты болат сымдарынан даярланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет