Сіби білім беру


Жарықтандыру шинасымдарының могнтажы



Pdf көрінісі
бет187/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   256
Жарықтандыру шинасымдарының могнтажы.
Шинасымдарды 
тартуға арналған трассаны даярлау үдерісі белгілеу, қадау және бекіту 
жұмыстарынан тұрады. 
Белгілеуді қалыптастырылған қашықтықтарды сақтай отырып 
орындау керек: тіреу құрастырылымдарынан төсемдеріне дейін – 700 
мм, тіреу құрастырылымдарынан таза еденге дейін – 2500 мм 
(электрлік - техникалық ғимараттарында мөлшерленбейді). 
Шинасымдары және қабырғалар немесе ғимараттың басқа да құрылыс 
құрастырылымдары 
арасындағы 
қашықтық 
қақпақтарды 
ашу 
қолайлығы үшін, сонымен қатар салқындату талаптары бойынша 50 мм 
кема болмауы шарт.
Шина сымдары жылуды тасымалдаушысына параллель тартқан 
кезде, олар арасындағы қашықтық 500 мм кем болмауы тиіс (жылуды 
тасымалдаушысының температурасы 70 °С жоғары болған кезде 
қашықтықты ұлғайтады немесе жылуды тасымалдауышын қосымша 
оқшаулайды). Ал олардың қиылысуы – 100 мм кем болмауы шарт 
(қашықтығы 500 мм кем болмайтындай шинасымдарынан екі жаққа 
қарай жылуды тасымалдаушысының қосымша оқшаулануы кезінде). 
Параллель тарту кезіндегі шинасымдар арасындағы қашықтық 50 мм 
кем болмауы керек.
Трассаның ұзындығы бойымен шинасымдарын бекіту нүктелері 
арасындағы қашықтық 3 м артпауы тиіс (шинасымы жинақталатын 
секцияның ұзындығына тәуелді).
Осы шартты орындай алу мүмкіндігі болмағанда, шинасымына 
параллель салынатын болатты тікбұрышты күшейткіш пішінін 
қолданылады (60х30х3 мм). Шинасым-пішін блогын жинау үдерісін 
жобалау ережесіне көтергенше монтаждау аймағында орындай.
Егер қатаң бекіту нүктелері арасындағы қашықтық 3 м асатын 
болса, онда секциялардың қосылу орындарында аспалар көмегімен 
шинасымды арқанмен аралық бекітуге рұқсат етіледі.
Шинасымдар остерінің белгіленуін гидростаттық деңгейді қолдана 
отырып, таза еден белгілері бойымен іске асырып отырады, ал одан 
кейін шинасымдардың осі мен тіреу құрастырылымдарын орнату 
орындарын аспа көмегімен бекіту орындарына жоғары қарай 
көшіреді. Тіреу құрастырылымдары құрылыс іргетастарына әртүрлі 
әдістермен бекітіледі (шинасымның салмағынан және материал 
негізіне тәуелді): кергіш немесе қағылатын дюбелдерімен, кіргізуші 
бөлшектерді немесе өтпелі бөлшектерді дәнекерлеумен, сыланған 
немесе өтпелі анкерлік істікпенен, бұрандамалармен және сомын 
және шайбалары бар тіреуіштерімен.


434 
Шинасымдарының және шамдардың аспасы мен бекітілуін 
жобаға және үлгіліг альбомына сәйкес орындайды. Шинасымды 
бекіту үшін арнайы қапсырмаларды, қамыттарды, діңгектерді және 
басқа да бекіту бөлшектерін қолданады.
Жарықтандырушы шинасымдарын қабырғаларда, колонналарда, 
фермдерде, төсемдерде, оларды үйлесе отырып тарту кезінде 
ажыратқыш шинасымдарының қораптарында, арқандарында, 
арнайы көтергіш құбырларында. Шинасымдар және шамдарға 
арналған 
тіреу 
құрастырылымдарын 
құрылыс 
жұмыстары 
аяқталғаннан кейін орнатады. Біруақытылы қуат желілері 
тораптарының монтажын іске асырады.
Шинасымдарының секцияларын, әрқайсысын жекелеп немесе 
блоктармен тіреу құрастырылымдарына көтеруге және орнатуға 
болады. Шинасым блоктарын дайындау үдерісін шеберханаларда 
арнайы технологиялық желілерінде орындайды. Ұзындықтары 9 
және 12 м болып келетін осындай блоктарды арнайы автотізбекте 
орнату орындарына тасымалдайды. Шинасым секцияларын жинау 
үдерісін объектіде тікелей орындауға болады, ол үшін оларды 
көтерілуі тиіс жерлерде еден үстінде орналастыру керек.
Секцияларды жалғау алдында (12.22, а суреті) жартылай 
жалғастырғыштарды бекітетін (жартылай жалғастырғыштар 
арасында 3...4 мм шамасындағы қуыс қалыптасуы тиіс) 3 төрт 
бұрандаманы босатады. Ары қарай ашалы розетканың 1 екі қысу 
бұрандамасы 1,5-2 бұралады және киілген жартылай 
жалғастырғыштары кезінде жанасып отырған секцияны жылжыта 
отырып, айырды розеткаға салады (12.22, б суреті). Розеткаға 
айырдың кіруі қысқыш бұрандаларының қалпы бойынша 
бақыланады: бұрандама мойынтіректерінің айырлары толық кірген 
кездерінде олар 2 төменгі жартылай жалғастырғышының сопақ 
12.22 сурет. ШОС67 шинасымдарының секцияларын даярлау (а) және 
жалғау (б)
1
— қысу бұрандамасы; 
2
— сопақша саңылауы; 
3
— жартылай жалғастырғышты бекіту 
бұрандамасы


435 
саңылауларына қарсы орналасуы тиіс. Осылайша кез-келген 
құрастырылым секциясының электрлік және механикалық 
жалғасуын орындайды (тура, бұрыштық, қосу және жұмсақ).
Шинасым қорабында және арқан аспасында шамдарды орнату 
кезінде секциялардың жанасу жерлерін қосымша аспалармен күшейтеді 
және шамдар саны мен массаларын ұлғайтып отырады (ШОС67 – 
шинасымның 1 м – 12 кг дейін, ШОС 73 3 м бекіту нүктелерінің 
арасында 20 кг дейін).
Нөлдк сымы бар әрбір секция қорабын оны даярлау үдерісінде 
жалғасуын шинасымның бүкіл трассасындағы жерге тұйықталуымен 
қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет