Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет192/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   256
3
— ТК орама; 4 — 
магнит өткізгіш 
Трансформатордың негізгі құрылымы 
белсенді бөлік
болып 
табылады, ол магнит өткізгіштен 4 (13.6 сур.), онда орналасқан төмен 
кернеулі 3 және жоғары кернеулі 2 орамалардан, бұрулардан және 
ауыстырып қосу құрылғыларынан құралады. Бір-бірінен оқшауланған 
электрлік-техникалық болаттың жеке жұқа тілімдерінен жиналған 
магнит өткізгіш жоғарғы және төменгі жармамен жалғанған тік 
өзектерден құралады. Осындай құрылым құйынды тоқтарға қарсы 
шығындардың және шамадан тыс магниттелуге қатысты шығындардың 
(гистерезис) азаюйына жәрдемдеседі. 
Трансформатор орамаларын тік бұрышты немесе, сирек, дөңгелек 
қималы алюминий немесе мыс сымдардан жасайды. Айрықша 
жағдайларда күшейтілген немесе жылуға төзімді оқшауламасы бар 
өткізгіштер қолданады. Үлкен диаметрлі өткізгіштерді әдетте 
параллель жалғанған шағын диаметрлі бірнеше өткізгіштермен 
алмастырады. Бұл олардың икемділігін арттырады және құйынды 
тоқтарға қатысты шығындарды төмендетеді. 
Өзек білікшелерінде орамаларда әдетте шоғырлас орналастырады: 
алдымен білікшелерге ТК орамалары бар шарғыларды кигізеді,


447 
а х

13.7 сур. Екі қабатты 
цилиндрилік орама: 
13. 8 сур. Үзіліссіз орама: 
1
— сым; 
2
— оқшаулағыш төсем 
(электрлік картон); 
3
— теңестіру 
сақинасы; 4 — ішкі қабат; 5 — 
төрткілдеш; 
a, 
x
— ТК орамалар 
шығыстары 
1 — реттеу тармақталымы; 2 — шарғы; 
3 — электрлік картоннан жасалған 
дистанциялық төсеме; 4 — тіректі 
оқшаулағыш сақина; 5 — қағаз-
бакелитті цилиндр 
ал олардың үстінен ЖК орамалары бар шарғыларды орнатады. 
Орамалардың осындай орналасуы трансформатордың белсенді 
бөлігінің 
элементтері 
арасындағы 
потенциалдар 
айырмасын 
төмендетеді және оқшаулама құрылымын жеңілдетуге және оның 
қалыңдығын азайтуға мүмкіндік береді. 
Белсенді бөліктің механикалық беріктігін арттыру үшін және өтпелі 
қысқа тұйықталу тоқтарына қатысты орамалардың динамикалық 
төзімділігін жоғарылату үшін магнит өткізгіш білікшелері және ТК 
шарғылар арасындағы, сонымен қатар ЖК және ТК шарғылар 
арасындағы аралықтарға ағаш сыналар қағады. 
Цилиндрлік және үзіліссіз орамалары бар трансформаторлар кең 
тараған (13.7 және 13.8 сур.). 
Орамалар ұштарынан және олардың тармақтарынан бастау алатын 
және кернеуді реттеуге арналған байланыстырғыш сымдарды бұрулар 
деп атайды. Оларды оқшауланбаған мыс сымдардан немесе шоғырсым 
қағазымен немесе гетинакс түтігімен оқшауланған сымдардан жасайды. 


448 
Гетинакс — қалыңдығы 0,1...0,12 мм болатын, лакпен сіңдірілген қағаз 
тілімдерімен толтырылған қабатты материал. 
Гетинаксты өндіру процесі қағазды бакелитті лактармен сіңдіруде және 
оны белгілі бір өлшемді тілімдерге кесуде негізделеді, кептіргеннен кейін 
тілімдерді салмағы және қалыңдығы бекітілген пакеттерге жинайды, 160 
°С дейін қыздырылған гидравликалық сығымдағыштың болат тақталары 
арасында сығымдап, салқындатады. Осындай сығымдау кезінде 
балқытылған шайыр сіңдірілген қағаз тілімдерін жабыстырады және 
балқымайтын күйге ауысады. 
Гетинакс жоғары механикалық беріктікке ие және 105 °С аспайтын 
температура кезінде қолданылады. 
Трансформатор орамаларының ауыстырып қосу құрылғылары 
белгілі бір шектерде кернеуді сатылы өзгерту үшін, сонымен қатар 
біріншілік орамада кернеу өзгерген кезде екіншілік орама 
қысқыштарында номиналды кернеуді сақтау үшін арналған. 
Осы мақсатта трансформаторлардың ЖК орамаларын ауыстырып 
қосқыштарға жалғанатын реттеу тармақталымдарымен жабдықтайды. 
Кернеу реттеу қажеттілігі энергиялық жүйелерде электр қуатымен 
жабдықтаудың қалыпты режимінен әр түрлі ауытқулардың орын 
алуының 
мүмкіндігімен 
тудырылған, 
осы 
ауытқулар 
қабылдағыштардың үнемсіз жұмысына, мерзімінен бұрын тозуға және 
олардың қызмет ету мерзімдерінің қысқаруына алып келеді.
Трансформаторларда тармақталымдарды жалғаудың екі түрі болуы 
мүмкін: жүктеме астында (ЖАР – жүктеме астында реттеу) және 
трансформаторларды желіден сөндіргеннен кейін жүктемесіз (ҚсызАҚ 
— қоздырусыз ауыстырып қосу). ЖАР және ҚсызАҚ көмегімен 
трансформаторлардың екіншілік орамаларындағы кернеуді номиналды 
кернеуге жақын сақтауға болады. 
Ауыстырып қосу орамалардың реттеу тармақталымы көмегімен 
орамалар санын өзгерту, яғни трансформация коэффициентін өзгерту 
есебінен жүзеге асырылады, аталған коэффициент ЖК орама 
кернеуінің ТК орама кернеуінен қанша есе үлкен немесе ЖК 
орамасының орамдар санының ТК орамасының орамдар санынан 
қанша есе үлкен екендігін көрсетеді. 
Трансформациякоэффициенті 
К =
,
Мұндағы 
1 , 
2
— біріншілік және екіншілік орамалардың орамдар 
саны; Е
1
Е
2
— біріншілік және екіншілік орамалардың ЭҚК; U
1
U
2
— 
тұйықталмаған екіншілік тізбек кезінде біріншілік және екіншілік 
орамалардың шығыстарындағы кернеулер. 


449 
13.9 сур. ТПСУ типті ауыстырып 
қосқыш: 
1 — түйіспелік бұрандама; 2 — түйіспелік 
сегмент; 
3
— түйіспелік білік; 4 — біліктің 
оқшауламалық білігі (бакелитті түтік); 5 —
цилиндр ернемегі; 6 — қағаз-бакелитті 
цилиндр; 7 — тығыздағыш резеңке сақина; 
8
— трансформатор багының қақпағы; 9 — 
ернемек; 10 — тоқтатқыш бұрандама; 11 — 
жетек қалпағы (тұтқа) 
Трансформация коэффициентін 
тұйықталмаған екіншілік орама 
кезінде (бос жүріс кезінде) 
орамалар 
шығыстарына 
жалғанған 
вольтметрлер 
көмегімен анықтауға болады. 
Әр түрлі трансформаторлар 
үшін 
екіншілік 
кернеулерді 
реттеу шектері әр түрлі: 
±10
%-
ғабұл 1,67 %-дан
12
саты немесе
1,25%-дан 
16 саты ЖАР 
көмегімен; ±5 %-ға —2,5 %-дан 
төрт сатымен ҚсызАҚ көмегімен. 
Ауыстырып қосқыштарда әр 
түрлі құрылымдық орындалу бар, 
бірақ оларда әрекет ету қағидаты 
бірдей: 
жылжымайтын 
түйіспелерді және белгілі бір 
жылжымайтын 
түйіспелерді 
жалғайтын 
жылжымалы 
түйіспелер жүйесін орамаларлың 
реттеу 
тармақталымдарымен 
жалғау; 
осы 
жағдайда 
ауыстырып 
қосу 
бактың 
қақпағында 
немесе 
қабырғасында орналастырылған 
жетекпен жүзеге асырылады, ал 
ауыстырып 
қосқыш 
трансформатордың 
белсенді 
бөлігінде орнатылады.
Қуаты 1000 кВ-A дейін болатын 
трансформаторларда ТПСУ-9-120/11 және ТПСУ-9-120/10 маркалы 
ауыстырып қосқыштарды құрастырады (13.9 сур.). 
ЖАР құрылғысы тармақталымдар ауыстырып қосқышынан, 
контакторлық топтан, тоқ шектейтін элементтер, жетектен және 
көмекші аппаратурадан (автоматика, дабылдама және т.б.) құралады. 
Ауыстырып қосулар тоқ тізбегін айырусыз жүзеге асырылады. 
Тармақталымдар ауыстырып қосқышы оның тізбегінде тоқ болмаған 
кезде жаңа жайғасымға аударылады. 
Контакторлар тоқтары бар тізбектер коммутациясы үшін арналған 
және электрлік доғаларды сөндіру құрылғыларымен жабдықталады. 
Тоқ шектейтін элементтер (дроссель, резистор) үзіліссіз ауыстырып 
қосу кезінде ораманың реттеу сатысының қысқа тұйықталуы сәтінде 
тоқтарды шектеу үшін арналған. Дроссель қолданылатын ЖАР циклы 
бірнеше секунд жүреді. Резисторлары бар жылдам әрекет ететін ЖАР 
құрылғысы секундтың бөлшек үлестері кезінде іске қосылады,


450 
сонымен қатар, ол шағын өлшемдерге ие және трансформаторда 
қарапайым құрастырылады, бірақ ол жоғары дәлдік санатына ие 
жоғары сапалы материалдардан жасалады. 
Трансформатордың белсенді бөлігі трансформатор майымен 
толтырылған, сопақ пішінді болат сұйыққойма болып табылатын бакқа 
батырылады. 
Трансформатор майы сұйық диэлектриктер тобына жатқызылады, 
олардың негізгі тағайындалуы — электрлік жабдықтардың қызатын ішкі 
беттерінен жылуды бұрып жіберу, майлы ажыратқыштарда электрлік 
доғаны сөндіру, қатты оқшауламаның электрлік беріктігін күшейту және 
электрлік аппараттарды саңылаусыздандыру. 
Май бірқатар талаптарға сәйкес келу керек: электрлік беріктік 
(минималды тесу кернеуі) 20 °С және 50 Гц тоқ жиілігі кезінде 15 кВ төмен 
болмау керек; қышқылдық саны — 1 г майға шаққанда 0,05 мг аспайды; бу 
жарқылының температурасы — +135 °С төмен емес; қату температурасы—
-35 °С аспайды; күл қалу — 0,005 % аспайды. 
Трансформатор майы құрамында суда еритін қышқылдар, сілтілер және 
механикалық қоспалар болмау керек. 
Май, қоршаған орта болып табылып, орамаларда және магнит 
өткізгіште бөлінетін жылуды бұрып жібереді, және оны бак 
қабырғалары және қақпағы арқылы қоршаған ортаға береді, сонымен 
қатар, ол тоқ өткізгіш бөліктер және жерге тұйықталған бак 
арасындағы оқшаулама дәрежесін жоғарылатады. 
Трансформатордың салқындату бетін арттыру үшін бактарды 
қырлы ретінде жасайды, оларға құбырларды дәнекерлейді және алмалы 
радиаторлармен жабдықтайды. Тек қуаты 25 кВ-А дейін болатын 
трансформаторларда бак қабырғалары тегіс. Радиаторлар бак 
қабырғаларына арнайы радиаторлық шүмектермен жалғанады. 
Жоғарғы жиекте бак қабырғаларына бұрыштық немесе жолақты 
болаттан жасалған жақтауды дәнекерлейді, оған майға төзімді 
резеңкеден жасалған қақпақты бекітеді. 
Бактың төменгі бөлігінде кез келген типті трансформаторларда 
сынама алуға және май ағызуға арналған шүмек бар, ал қуаты 100 кВ-А 
жоғары болатын трансформаторлар түбінде – шүмек арқылы май 
ағызғаннан кейін тұнбаларды түсіруге арналған тығын. Бак қақпағында 
орнатылған екінші шүмек арқылы оған май құяды. Екі шүмек те бір 
уақытта оларға май тазарту аппараттарын жалғау үшін арналған. 
Салмағы 800 кг астам трансформаторлар багының түбіне бұрылыстық 
шығыршықтары 
бар 
арбашаны 
дәнекерлейді. 
Шығыршықтар 
құрылымы трансформаторлар қозғалысының бағытын өзгертуге 
мүмкіндік береді. Трансформаторды көтеру үшін бакта төрт сақина 
(көз) 
бар. 
Белсенді 
бөлік 
магнит 
өткізгіштің 
жоғарғы 
консольдарындағы қапсырмалардан көтеріледі. 
Бак қақпағында кірістер, кеңейткіш және қорғаныс құрылғылары 
(сақтандырғыш газ шығару құбыры, қысым релесі, газдық реле, теспелі 
сақтандырғыш) орналастырылады. Бак қабырғаларына көтергіш 


451 
ілмектерді дәнекерлейді, манометрлік дабылдағышты бекітеді (қуаты 
1000 кВ-A астам трансформаторларда) және сүзгілерді орнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет