Сіби білім беру


( а ) және оның  саңылаусыздығын сынау сұлбасы  ( б



Pdf көрінісі
бет209/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   256
( а )
және оның 
саңылаусыздығын сынау сұлбасы 
( б
): 


490 
13.20 сур. Радиаторларды және 
желдеткіштерді орнату: 
1 — желдеткіш; 2 — радиатор; 
3
— радиатор-
лық шүмек; 4 — тіреуіш; 5 — тарату қорабы; 6 
—трансформаторбагы 
жылыстамайтындығын тексереді, радиаторлық шүмектер ернемектерін 
тазартады, оларды ауыстыру қажет болған жағдайда тығыздамалық 
төсемелерді (қалыңдығы 
10
мм болатын майға төзімді резеңкеден) 
тексереді. 
Радиаторды шаю және сынау тек зақымданулар анықталған кезде 
немесе саңылаусыздық бұзылған кезде орындалады. 
3.
Орнатуға дайындалған және сыналған тік құбырлық радиаторды
К-32 автокөлік кранымен (жүк көтергіштігі 3 т) жоғарғы бөлікте 
дәнекерленген 
қапсырмадан 
көтереді, 
оны 
жоғарғы 
радиаторлық 
шүмек 
түйреуіштеріне орнатады және 
бұрандамалардың 
бірнеше 
бұрандасына 
бекіткіш 
сомындарды бұрап бекітеді. 
Осындай 
жолмен 
радиаторды 
төменгі 
радиаторлық 
шүмек 
түйреуіштеріне орнатады. 
4.
Радиаторды 
жоғарғы 
және төменгі радиаторлық 
шүмектер 
түйреуіштеріне 
орнатқаннан кейін, біркелкі 
тығыздалуды қамтамасыз етіп, 
сомындарды 
біркелкі 
қатайтады. 
Осылайша 
кеңейткіш 
астында орналасқан бірнеше 
радиаторды орнатып, 
кеңейткіштің өзін және газдық 
реле бар байланыстырғыш 
құбыр желісін құрастырады. 
Құрастыруды бекіністерсіз 
кеңейткіш орнатылатын екі 
тіреуішті трансформатор қақпағында бекітуден бастайды. Кейін, 
байланыстырғыш келте құбырдан трансформатордың май кеңейткіші 
және багы арасында аралық буынды шығарып, оның орнына гливталь 
немесе бакелит лагымен қапталған клингерит төсемелерінде зертханада 
алдын ала тексерілген газдық релені орнатады. 


491 
Реле қатаң көлденең орналасу керек. Трансформатор кеңейткіші 
және багы арасындағы май өткізгіш бакқа қарай кем дегенде 
2
° 
көлбеулікте орналасу керек. 
Газдық релені орнатқаннан, май өткізгішті дәлдегеннен және 
бекіткеннен кейін кеңейткішті қамыттармен бекітеді. 
Құрастырылған газдық реле корпусында қалтқы жүйесін бекітеді
осы жағдайда оның қақпағындағы сілтеме трансформатор багынан 
кеңейткішке қарай май қозғалысының бағытын көрсетеді. 
Май деңгейінің релелерін кеңейткіш түбінің ернемегінде 
тығыздамалық төсемеде орнатады. Оның әрекетін шам көмегімен 
кеңейткішті саңылаусыздыққа қатысты сынау (маймен) кезінде 
тексереді, бекітілген май деңгейі асырылған кезде шам сөнеді, осыдан 
кейін оны ажыратады және бақылау шоғырсымын тығыздама арқылы 
шығыстар қорабына жалғайды. Кеңейткішке май құяды. Кейін қалған 
радиаторларды орнатады. Осы жағдайда бұрын орнатылған 
радиаторлар төменгі шүмек арқылы ауа шығаруға арналған тығын 
ашық болған кезде кеңейткіштегі маймен толтырылады. Ауа 
шығаратын саңылаудан майдың ағуының белгілері пайда болғаннан 
кейін оны тығынмен саңылаусыз жабады және радиатордың жоғарғы 
шүмегін ашады. 
Әр радиатор астында тіреуіштерде екі желдеткіштен құрастырады. 
Тораптық және таратқыш қораптарды орнатады және бак қабырғасы 
бойынша металл түтік құбырда АВРГ маркалы шоғырсымды өткізеді, 
оларды қапсырмалармен бекітеді. Кейін (желдеткіштерді автоматты 
басқару кезінде) ШД-2 типті басқару шкафын құрастырады. 
Желдеткіштердің электрлік қоректенуін құрастырғаннан кейін 
барлық электрлік тізбектер оқшауламасының кедергісін өлшейді 
(норма 10...30°С кезінде 0,5 МОм), электрлік қозғалтқыштар 
біліктерінің айналуын және желдеткіштер қанатшалары соққыларының 
жоқтығын тексереді. Электрлік қозғалтқышты үш фазалы желіге 
жалғап, қанатшалар айналуының дұрыс бағытын тексереді (егер 
қанатша жағынан қарасақ, сағат тіліне қарсы). 
Газ шығару құбырын трансформатор қақпағында орналасатын 
бітеуіш орнына жалғайды, жаңа тығыздағыш төсемде бекітеді және 
барлық бұрандамаларды біркелкі қатайтады. Үлкен төзімділікті 
қамтамасыз ету үшін құбырды кеңейткішпен немесе трансформатор 
қақпағымен арнайы тақтайшамен бекітеді. Термометрлік дабылдатқыш 
бак қабырғасына дәнекерленген арнайы тілімде құрастырады. 
Салқындату жүйесін құрастырғаннан кейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет