Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет211/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   256
Трансформаторды іргетасқа орнату.
Жинағаннан кейін транс-
форматорды биіктігі 0,7 м болатын шпал төсемесіне көтереді, оның 
астына арбашаларды жақындатып, шүберіндерді бак түбіне 
дәнекерленген арқалық саңылауларына енгізу арқылы оларды 
орнатады, және арқалыққа әрқайсысын төрт бұрандамамен бекітеді, 
олардың әрқайсысын арбашалар тілімдері арқалықтарға толық 
жанасқанға дейін қатайтады, бірақ тірелгенше қатайтпайды. 
Трансформаторды шпал төсемесінен көтеріп, оны алып тастайды. 
Кейін оны арбашалар шығыршықтарымен қосалқы стансаның темір 
жолына түсіреді және арбашалардың бұрандалы бекіністерін түпкілікті 
қатайтады. 
Бактағы 
арнайы 
керек-жарақтардан 
арқандарды 
бекітіп, 
трансформаторларды іргетасқа жеткізу рельстік жол бойынша меншікті 
арбашаларда 
жүргізіледі. 
Электрлік 
жүкарбаларды 
немесе 
тракторларды және полиспасттарды пайдаланып, оны баяу, 
серпілістерсіз, 
8
м/мин аспайтын жылдамдықпен жылжытады. Осы 
жағдайда тартым күштерінің бағыты қозғалыс бағытымен сәйкес келуі 
тиіс. 
Жылжыту бағытын өзгерту келесі жолмен жүргізіледі: 
трансформаторды гидравликалық көтергіштермен көтереді; 
түп 
арқалықтарындағы 
тілімдерге 
арбашаларды 
бекітетін 
бұрандамаларды бұрап алады, және арбашаларды бұрады. Осы 
жағдайда шығыршықтар ребордаларын өлшемді сызбаларға сәйкес 
орнатады; 
трансформаторды арбашаларға түсіреді және арбашаларды 
бұрандамалармен бакқа бекітеді; 
меншікті шығыршықтарды шешпей, трансформаторды іргетасқа 
орнатады. 
Трансформаторды іргетасқа дейін жылжытады, оған қарсы рельс 
жолында табан ағаш орнатылады. Трансформаторды жолда төрт 
арбашаның 
әрқайсысының 
ортасы 
рельстер 
қиылысында 
орналасатындай тоқтатады. Екі арбашаны бұру мүмкіндігіне ие болу 
үшін көтергіштермен оны рельстер үстінде бір жағынан көтереді. 
Сақтандыру тіректерін орнатып, оны шүберіндер айналасында 90° 
бұрайды және екі арбашаны қайтадан бекітеді. Осы арбашаларды 
іргетастың рельстік жолына түсіріп, сонымен қатар трансформатордың 
қарама-қарсы жағынан екі арбашаны бұрайды. 
Құрастыру ережелері бойынша трансформатор оның қақпағының 
көлбеулігі газдық реленің сенімді жұмысын қамтамасыз ететін 


495 
жайғасымда орналасуы тиіс. 
Кеңейткішті трансформатордың тар жағында орналастырған кезде, 
көлбеулік 
1
% (немесе 
1
°) құрау керек, ал ол кең жақта орналастырылған 
кезде — 1,5°. Көлбеулік жасау үшін арбашалар шығыршықтары астына 
кеңейткіш жағынан қалыңдығы b = 
cl
болатын болат төсемелерді 
төсейді, мұндағы 
с =
0,01 немесе 0,015 — нормаланған көлбеуліктің 
салыстырмалы мәні; l — көлбеулік бағытындағы көршілес арбашалар 
шүберіндері арасындағы қашықтық, мм. Кез келген жағдайда әр 
шығыршық арасындағы төсеме қалыңдығы кем дегенде 10 мм болу 
керек, ал ұзындығы — кем дегенде 150 мм. Рельстегі шығыршықтарды 
тіреулермен бекітеді, ал трансформатор багын жерге тұйықтайды. 
Осыдан кейін трансформатор шығыстарына сыртқы тізбектерді 
жалғайды. 
Трансформаторды шиналау 
фарфорда және кірістердің басқа 
бөлшектерінде механикалық кернеулер жасалмайтындай орындалады. 
Шиналау үшін трансформаторлар кірістерінің мыс түйреуіштеріне 
мыс-алюминий ұштықтар немесе өтпелі тілімдер арқылы жалғайтын 
алюминий шоғырсымдарды және шиналарды қолданады. Сонымен 
қатар тілімді лакталған алюминийден жасалған өтпелі тілімдерді 
пайдаланады. 
Шағын қуатты трансформаторларда төмен кернеулі кірістер және 
тарату қалқаны арасындағы ұстатқыш әдетте АПРТО немесе ПРТО 
маркалы сымдармен жасалады, оларды трансформатор багының 
қақпағына бұрандамалармен бекітілетін болат жолақ бойынша өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет