Сіби білім беру


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет82/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
I.
1.Электр желілерінің жолдарын дайындауға қандай операциялар 
кіреді? 
2.
Электр желілерінің қандай түрлерін білесіздер? 
3.
Ашық электрсымды жолдарды белгілегенде қандай аспаптар 
қолданылады? 
II.
1. Жолдарды белгілеу қандай құралдармен жүргізіледі? 
2.
Көлденең ағынның орнату орындарын қалай белгілейді? 
3.
Түреуіш құрылымдарын орнату орындарын қандай реттілікпен 
білгілейді? 
4.
Жолдарды белгілегенде қандай құжаттар қолданылады? 
III.
1. Қорғалмаған ашық электр желілерін қалай орналастырады? 
2.
Әртүрлі электр желілерін белгілеу ерекшеліктерін атаңыз. 
3.
Жолдарды белгілегенде қандай талаптарды ескеру қажет? 
4.
Сіз тұрған бөлмеге енгізу орны мен электр желісінің жолын 
орнатыңыз.


191 
Бекіту бөлшектерін орнату барысындағы тесужұмыстары 
Тесу жұмыстарының көлемі және оны орындауға еңбек шығыны 
заманауи индустриялық монтаждау әдістердің болуы кезінде, құрылыс 
негіздерінің бекіту бөлшктерінің үдемелі әдістері мен құрылымдарды 
қолданудың арқасында күрт қысқарады. 
бекіту дюбелдерін қағу және атып кіргізу
қосымша бөлшектерді орнату; 
әзірлеу барысында құрылыс құрылымдарында арналарды, қарықтарды, 
ойықтарды, өтпелі тесіктердің түзілуі; 
электр желілерінің және электр қондырғы бұйымдарын жапсыру. 
Мүлдем 
болдырмау 
мүмкін 
емес 
тесу 
жұмыстары 
механикаландырылған әдіспен орындалуы тиіс, бұл еңбек шығындарын 
қысқартады және құрыолыс құрылымдарының минималды бұзылуымен 
тесілетін тесіктердің дұрыс геометриялық көлемдерін алуға мүмкіндік 
береді. 
Тесу жұмыстарын механизациялаудың негізгі құралдары электрлік 
бұрғылау машиналары, қатты төзуге бейімді қорытпа пластинкаларымен
(негізінен ВК маркалы металлокерамикалық қорытпалардан – металл 
кобальтпен цементтелген вольфрам карбидінің түйірлері) жұмыс 
құралдарымен жабдықталған (бұрғы, бура, шлямбур, коронка) электрлік 
және пневматикалық балғалар мен перфораторлар. 
Ұяшықтар мен тесіктерді бұрғылау негізінен кірпіш қабырғаларда 
жүргізіледі, себебі қаттылығы төмен бетондар үшін де ол тиімсіз. Бұл 
жағдайда өнімділік минутына 10 мм құрайды, ал бұрғы қатты толтырмаға 
түскен жағдайда, бұрғылау жылдамдығы күрт төмендеп, қатты қызып 
кету, тез тозу мен қатты пластинкалардың түсінің кетуі орын алады. 
Темірбетонда тесік бұрғылау үшін екпінді-бұрғылау қондырмалары 
бар электрлік бұрғылау машиналар мен екпінді-айналмалы құралымен 
электрлік балғалар қолданылады, олар қарапайым бұрғылаумен 
салыстырғанда, бұрғылаудың ұсақ-түйектерін тиімдірек жою салдарымен 
және оларды ұстау үшін аз күшті талап ететін үлкен өнімділікке ие. 
Үлкен көлемді тесіктерді тесу үшін желінің қысылған ауасы болған 
жағдайда (әсіресе бетондық негіздерде) пневмоқұрылқыларды — екпінді 
және екпінді-бұру әрекет ететін балғаларды (перфоратор) қолдану 
ұсынылады, 
олар 
жеңіл, 
құрылымының 
қарапайымдылығымен, 
сенімділігімен және салыстырмалы қауіпсіздігімен ерекшеленеді. 
Кірпіш және бетон негіздеріндегі керме дюбелдерге арналған 
тесіктерді арнайы түскішпен қол немесе механикаландырылған әдіспен 
теседі. Қол әдісі кезінде тескіштер арнайы жақтауға салынып, 
механизацияланғанда – балғаның электрлік немесе пневматикалық 
төлкесіне өтеді. Тескіштің цилиндрлік жұмыс бөлігі бұрғылаудың ұсақ-
түйегін жою үшін 55 мм үш көлденең жырашықтан тұрады. 
Қол тескіштері екі түрде ғана шығарылады: ПО-1 ұзындығы 90 мм 
және диаметрі 4,8 мм және ПО-2 ұзындығы 90 мм және диаметрі 7,8 мм. 


192 
Олар жақтаумен ойғыштарды шығару үшін арналған сыналы ОПКМ типті 
жақтаумен қолданылады. 
Тесіктерді қолмен тесу балғамен ойғышты жайлап ұру арқылы 
жүргізіледі,ол жақтауға нық бекітіліп, қабырғаға перпендикулярлы 
бағытталады. Әр соққыдан кейін ойғыш оңай бұрылады. Ойғыш диаметрін 
дюбельдің диаметріне 0,5 мм кішісін таңдайды, себебі ою кезінде 
қабырғадағы тесік 0,5....1 мм үлкен болады. Тесіктің тереңдігі дюбелдің 
ұзындығына сәйкес келуі тиіс. 
Қабат аралық жабындардың көп қуысты тақталарда тесік тесу үшін
УК-2М пиротехникалық соққылы баған қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет