Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет153/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   256
 
Сымдарды 
фазалау
.
Тұтынушыларды 
электрмен 
жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында, сонымен қатар, бір 
қуаттандыру сымының күші электр қондырғысының қалыпты 
жұмысына жеткіліксіз болғанда, бірнеше қатарлас салынған 
сымдарды қолданады. Осы кезде олар фазаларды алмастырудың 
тәртібін сақтай отырып электр құрылғыларына қосылуы тиіс. Егер 
осы шарт сақталмаған болса, онда қуатты қосу үдерісі қысқа 
тұйықталуға әкеп соғады.
Сымдарды қатарласа қосу кезіндегі фазаларды алмастыру 
тәртібін анықтау сымдарды фазалау деп аталады. 
Екі ажыратушы құрылғыларының шиналары (10.19 сурет) 1 
сымымен өзара жалғанған, ол бойынша электр қуаты РУ-1-ден РУ-
2-ге жеткізіледі. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру 
үшін қатарласа жұмыс істеп отырған сымға 2 сым тартылуы тиіс, 
оның желілері де өзара құрамалы шиналарына РУ-1 А шинасы РУ-2 
А шинасына жалғанатындай етіп қосылуы тиіс. Осы шарт В және С 
шиналарына да қатысты. 380/220 В кернеулі қондырғыларында В 
сымын вольтметрдің көмегімен фазалайды, ол желінің желілік 
кернеуіне есептелген, яғни, РУ-1 2 сымды шиналарға 
ажыратқыштың көмегімен қосады, ал РУ-2 вольтметрмен осы 
сымның бір желісі мен оны қосу болжамы бар шинасы арасындағы 
кернеуді өлшейді. Егер вольтметр желілік кернеуді көрсететін 
болса, онда сымның желісі және ажыратқыш құрылғысының 
шинасы әртүрлі фазаларға қатысты екендігін, және оларды жалғауға 
болмайтындығын білдіреді.


355 
Вольметрдің нөлдік көрсеткіші сымның желісі және шина бірдей 
потенциалға ие екендігін көрсетеді және ол, соған орай, бір фазаға 
қатысты болады, сол себептен олардың жалғануы ықтимал. Тура 
солай сымның басқа екі желісі де фазаланады. Вольметр болмаған 
жағдайда номинал кернеуі 220 В болып келетін кезектесе отырып 
жалғанған екі шамды қолдануға болады (желі және шина арасында 
қосу кезінде шам жанбаса, онда олар бір фазаға қосылған).
Сымдар аса мағынады сыйымдылықты білдіріп отырғанына 
қарай, фазалау, тарату және сынаудан кейін оның желілерінде 
қалдық сыйымдылықты зарядынан пайда болатын елеулі кернеу 
сақталатынын айта кету керек. Сондықтан сымға кернеуді берген 
сайын оны әрбір желіні жерге тұйықтау желісімен жалғау жолымен 
қуатсыздандыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет