Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет155/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   256
Елді мекен
қалалардың, кенттердің, ауылдардың, өндірістік және 
ауылшаруашылық 
кәсіпорындардың, 
кемежайлардың, 
айлақтардың, 
теміржол 
станцияларының, 
саябақтардың, 
желекжолдардың, 
жағажайлардың 10 жылға шыңайы дамыту келешегі бар территориялары 
болып табылады.
Елсіз аймақ
көлік және ауылшаруашылық машиналарына қолжетімді, 


358 
адамдар келіп отыратын құрылыс салынбаған мекендер, сонымен қатар, 
бақшалар және жеке құрылысы мен уақытша ғимараттары бар басқа да 
учаскілер болып келеді.
Жетуге қиын аймақтар
көлік және ауылшаруашылық машиналары 
үшін қолжетімсіз мекенді атайды.
Мекеннің әрбір түрі үшін ЭҚЕ жер үстінен сымдарды көтерудің 
мөлшерленген қашықтықтары, сонымен қатар сымның габариттерімен, 
қиылысу габариттерімен және жанасу габариттерімен сәйкесінше аталатын, 
олармен қиылысатын немесе олармен қатарласа орналасқан объектілер 
орнатылған.
ӘЖ сым габариті
жерге дейінгі оның салбырлаудың ең үлкен 
нүктесінен тігінен бойынша қашықтықты атайды.
Қиылысу габариті
дегеніміз сымнан онымен қиылысатын объектіге 
дейінгі тігінен бойынша ең қысқа қашықтық. Әуе желісінің астында 
орналасқан (жолдар, өзендер) объектілермен қиылысу кезінде қиылысу 
габариті төменгі сымнан қиылысу объектісіне дейінгі қашықтықпен, ал ӘЖ 
жоғары орналасқан объектілермен (көпірлер, кернеуі одан да жоғары электр 
тарату желілері) қиылысу кезінде – жоғарғы сымнан қиылысу объектісіне 
дейінгі қашықтықпен анықталады.
Жанасу габариті
желілердің төменгі сымдарынан объектілерге дейінгі 
(ғимараттар, эстакадалар, жер үсті коммуникациялар және т.б.) рұқсат 
етілген ең қысқа қашықтық болып табылады.
ӘЖ қалыпты жұмысы мен қауіпсіз қызмет атқаруына ЭҚЕ орнатылған 
тәртіпті сақтау міндетті болып келеді. Мысалдар келтірейік.
Сымдардан жерге немесе көшенің жүру бөлігіне дейін қашықтық 
салбырлаудың ауқымды жебесі кезінде 6 м кем болмауы керек. Жетуге 
қиын аймақтарда оны 3,5 м дейін, ал қолжетімсіз аймақтарда (жартас, құз) – 
1 м дейін кішірейтуге рұқсат етілген. Егер ӘЖ тармақталу тротуар немесе 
жаяужолын қиып өтсе, онда сымнан жерге дейінгі қашықтық 3,5 м дейін 
қысқартылуы мүмкін (егер осы талапты орындау мүмкіндігі болмаса, онда 
ғимаратқа не қосымша тіреуді, не бекіту құрастырылымын орнатады).
Кеме қатынасының өзендері мен каналдары, әдеттегідей, әуе 
желілерімен қиылыспайды, бірақ егер желі кішігірім өзенді, тоған немесе 
көлді қиып өтетін болса, онда габарит судың ең жоғарғы деңгейінен 3 м кем 
болмауы керек, ал мұз бетіне дейін кем дегенде 6 м болуы шарт, тіреу оның 
биіктігіне тең немесе одан да жоғары болатын қашықтықта су бетінен 
орналастырылуы тиіс.
Темір жолдарын қиып өткен кезде, ӘЖ өтпелі аралығын анкерлік 
тіреулерде монтаждайды, осы аралықтағы сымдардың қимасы 70 мм
2
кем 
емес, ал мыс сымдары - 35 мм
2
кем болмауы шарт; жалпы қолданыстағы 
емес темір жолдарды (зауыттық, тар жолдар) қиып өту кезінде тура сол 
сәйкес шарттарды сақтай отырып, әуе желілерін аралық тіреулерде орнатуға 
рұқсат етілген (тартумен тіреулерді орнатуға тыйым салынған). ӘЖ тіреуі 
және құрылыс немесе байланыс желісінің тіреу арасында тіреу биіктігінен 
кем болмайтын шамаға 3 м қоса алғанда қашықтық сақталуы шарт (ең 
болмағанда тар жағдайда – 3 м кем емес). Сымдарды тіреуге бекіту 


359 
еселенген болуы керек.
Әуе желілерімен автомобиль жолдарын қиып өткен кезде келесідей 
ережелер сақталуы тиіс. Автожолдың үстіндегі бірінші дәрежелі өтпелі 
аралығы анкерлік тіреулерде монтаждалады, ал қалған жағдайларда аралық 
тіреулерді қолдануға рұқсат етілген. Өтпелі аралықта қимасы 35 мм
2
кем 
болмайтын алюминий сымдарын және 25 мм
2
кем болмайтын болатты 
алюминий сымдарын қолдануға рұқсат етілген, ал қиылысу габариті 7 мм 
кем болмауы қажет. Өтпелі аралықтың тіреулері жер төсемінің жиегінен 
кем дегенде өз биіктігінің шамасында жойылуы тиіс (тар жағдайларда 5 м 
кем емес).
Егер ӘЖ трассасы елді мекен бойынша өтетін болса, онда сымдарды 
терезелерден, терассалар мен балкондардан 1,5 м жақын емес және 
саңылаусыз қабырғадан 1 м жақын емес қашықтықта тартады. Ғимараттар 
үстінен сымдардың өтуіне (станция маңындағы қызметтік құрылыстар мен 
жол шолушы үйлерін есепке алмағанда) тыйым салынған. Тіреулер құбыр 
жолдары мен сымдардан 1 м, жер асты канализация құдықтарынан және су 
бөлінетін құдықтарынан 2 м, бензин колонкасынан 10 м шамасында жақын 
орналаспауы керек. Байланыс және дабылдың жер асты сымдарынан ӘЖ 
тіреуін мүмкіндік болғанша алыстырақ оррналастырған жөн, тар жағдайдың 
өзіндще, тіреу және сым арасындағы қашықтық 0,5 кем болмауы керек.
ӘЖ қиылысуын дұрыс орындау аса маңызды болып табылады. 1 кВ 
дейінгі кернеуі бар екі желіні қиып өтуді айқасқан тіреулерде өте жиі 
орындайды (ауа температурасы желсіз +15 °С болған кезінде маңындағы 
сымдар арасындағы қашықтың 1 м кем болмайтын жағдайда аралықта 
қиылысуға рұқсат берілген).
Әртүрлі санатты ӘЖ қиып өту кезінде кернеуі 1 Кв жоғары болып 
келетін желілердің сымдары 1 кВ төменгі кернеуіне ие желілердің сымдары 
астында орналастырылуы шарт. 6...10кВ кернеуі бар желілер үшін 
маңындағы қиылысатын сымдар үшін қашықтық кем дегенде 2 м, 35...110 
кВ кернеуі бар желілері үшін – кем дегенде 3 м құрауы тиіс. Қиылысу орны 
мүмкіндік болғанша жоғарғы желінің тіреуіне жақын орналасуы керек, 
бірақ осы тіреу және төменгі желінің сымдары арасындағы қашықтық 6 м 
кем болмауы қажет (сымдардың ең үлкен ауытқуының есебімен).
ӘЖ байланыс желісімен қиылысқан кезінде олардың сымдары 
арасындағы тігінен қашықтық кем дегенде 1,5 м құрауы керек (байланыс 
желісінің сымдары ӘЖ сымдарынан төмен орналасады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет