Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет185/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   256
Магистралды 
шинасымдарының 
монтажы. 
Магистралды 
шинасымдары еденде орнатылған ферм, колонналар, қабырғалар және 
бөренелер немесе діңгектер бойынша төселеді немесе төсеу астында 
ілінеді.
Қабырғалар мен төбе бойымен шинасымдарын салу үшін бекіту 
қысқыштарымен жабдықталған кронштейнерлер қолданылады (12.18, а 
суреті). Қабырғаларға кронштейндер кергіш сомынның дюбельдерімен, 
ал колоннаға – қаптама қамыттарымен бекітіледі. Егер колонналардың 
арасындағы қашықтық 3 м асып кететін болса, онла шинасымдардың 
монтажы кезінде тігінен орналасқан еңістер немесе тартқыштар 
көмегімен төбе немесе фермге бекітілетін аспалар қолданылады (12.18, 
б суреті). Кез-келген бағытта монтаждау және жөндеу жұмыстарына 
қолайлы биіктікте шинасымын тартуға мүмкіндік беретін діңгектеріне 
(12.18, в суреті) ол М16 бұрандамаларында, есік жақтауында және т.б. 
бекітіледі.
Монтажды 
күрделі 
тораптардан 
бастайды: 
топтамадағы 
трансформаторлық шағын станцияларына өту кезіндегі жалғанатын 
секциялар немесе тігінен орналасқан учаскілерінде. Тігінен орналасқан 
учаскілерді төменгі бұрыштың секциясынан бастап монтаждай 
бастайды, шинасымын жоғарғы көлдеңен учаскісінің белгісіне дейін 
жоғары қарай арттырады. Шинасымдардың көлдеңен (тура)учаскілері, 
компенсаторы бар секциялары мен келтірілетін секцияларын соңғы 
кезекте жонтаждайды. Әдетте, цехте бірнеше КТП орнатады және 
магистралды шинасымдары арқылы олардың арасында секциялық 
автоматтық сөндіргіштерін жалғайды. Жалғанатын шинасымдарының 
фазалануын және фазалардың КТП өтуінде орнатылған арнайы 
секцияларының көмегімен алмастырылуы аса маңызды.


3
 
429 
Ұзындығы 7,5 м жететін блоктар һды арнайы матауыш 
көмегімен көтереді, ал ұзындығы жоғары блоктарды көтеру үшін 
траверсаны қолданады (12.19 сурет), ол швеллер немесе 2 тұрақты 
арқандары бар 1 болат құбырынан тұрады.
Автогидрокөтергішті қолдану кезінде фермнің төменгі белдігіне 
монтаждау аунақшасын бекітеді, ол арқылы жүкшығыр арқанын 
өткізеді. Арқанның ұшына қарай онда бекітілген блогы бар 
траверсаны бекітеді. Жүкшығырды еденнен басқарып отырады. 
Блоктың ұштарын бұрылыстан жіп тартқыштарының көмегімен 
ұстап отырады.
Көпір кранынан монтаждау кезінде оның төсемінде қоршауы бар 
монтаждау алаңын жабдықтайды. Төсеу фермдеріне монтаждау 
аунақшасын бекітеді, ол арқылы электр жүкшыр арқанын өткізеді, 
ол кранның көпірінде орнатылады. Егер шиносымын төменгі ферм 
белдігінен төмен орналастыратын болса, онда монтаждау 
аунақшасын осы белдіктің торабында бекітеді.
12.18 сурет. Магистралды шинасымдарыга арналған тіреу 
құрастырылымдары:
а
— кронштейн; б — арқан аспасы; в — діңгек 


430 
12.20 сурет. Дәнекерлеуге арналған шинасымдардың тіреу бұрыштарын даярлау 
сызбасы(а) және тіреу бұрышы мен жалғастырушы бөгеттің тақтайларын кесіп 
алуға арналған бөлшек
( б )
:
1 — шинасым секциясының тіреу бұрышы; 2 — бөгет 
12.19 сурет. Шинасымдарының секцияларын көтеруге арналған траверса: 
1 — болат тұтқасы; 2 — тұрақты арқан 
Блоктарды көтергеннен және орнатқаннан кейін аралық 
секциялардың жанасуын іске асырады. Осы кезде нөлдік сымдар дәне 
металды қораптың жерге тұйықтаушы магистралі болып табылатын 
секциясының тіреу бұрыштарын өзара дәнекерлейді, солайша жерге 
тұйықтаудың және нөлдеудің үзілмелі тізбегі қалыптастырылады.


3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет