434
Шинасымдарының және шамдардың аспасы мен бекітілуін
жобаға және үлгіліг альбомына сәйкес орындайды. Шинасымды
бекіту үшін арнайы қапсырмаларды, қамыттарды,
діңгектерді және
басқа да бекіту бөлшектерін қолданады.
Жарықтандырушы шинасымдарын қабырғаларда, колонналарда,
фермдерде, төсемдерде, оларды үйлесе отырып тарту кезінде
ажыратқыш шинасымдарының қораптарында, арқандарында,
арнайы көтергіш құбырларында. Шинасымдар және шамдарға
арналған
тіреу
құрастырылымдарын
құрылыс
жұмыстары
аяқталғаннан кейін орнатады.
Біруақытылы қуат желілері
тораптарының монтажын іске асырады.
Шинасымдарының секцияларын, әрқайсысын жекелеп немесе
блоктармен тіреу құрастырылымдарына көтеруге және орнатуға
болады. Шинасым блоктарын дайындау үдерісін шеберханаларда
арнайы технологиялық желілерінде орындайды. Ұзындықтары 9
және 12 м болып келетін осындай блоктарды арнайы автотізбекте
орнату орындарына тасымалдайды. Шинасым
секцияларын жинау
үдерісін объектіде тікелей орындауға болады, ол үшін оларды
көтерілуі тиіс жерлерде еден үстінде орналастыру керек.
Секцияларды жалғау алдында (12.22, а суреті) жартылай
жалғастырғыштарды бекітетін (жартылай жалғастырғыштар
арасында 3...4 мм шамасындағы қуыс қалыптасуы тиіс) 3 төрт
бұрандаманы босатады. Ары қарай ашалы розетканың 1 екі қысу
бұрандамасы 1,5-2 бұралады және киілген жартылай
жалғастырғыштары кезінде жанасып отырған секцияны жылжыта
отырып, айырды розеткаға салады (12.22, б суреті). Розеткаға
айырдың кіруі қысқыш бұрандаларының қалпы бойынша
бақыланады: бұрандама мойынтіректерінің айырлары
толық кірген
кездерінде олар 2 төменгі жартылай жалғастырғышының сопақ
12.22 сурет. ШОС67 шинасымдарының секцияларын даярлау (а) және
жалғау (б)
1
— қысу бұрандамасы;
2
— сопақша саңылауы;
3
— жартылай жалғастырғышты бекіту
бұрандамасы
435
саңылауларына қарсы орналасуы тиіс. Осылайша кез-келген
құрастырылым секциясының электрлік және механикалық
жалғасуын орындайды (тура, бұрыштық, қосу және жұмсақ).
Шинасым қорабында және арқан аспасында шамдарды орнату
кезінде секциялардың жанасу жерлерін қосымша аспалармен күшейтеді
және шамдар саны мен массаларын ұлғайтып отырады (ШОС67 –
шинасымның 1 м – 12 кг
дейін, ШОС 73 3 м бекіту нүктелерінің
арасында 20 кг дейін).
Нөлдк сымы бар әрбір секция қорабын оны даярлау үдерісінде
жалғасуын шинасымның бүкіл трассасындағы жерге тұйықталуымен
қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: