529
14.1 сур. күштік трансформатордан 2,
жоғары кернеулі кірістер
шкафынан
3
және төмен кернеулі тарату құрылғысының шкафынан 1
құралатын ЖТҚС-630/6-10/0,4 жиынтықты қосалқы стансаны жалпы
көрінісі көрсетілген.
Жоғары кернеулі кіріс трансформатор
багында арнайы болат
қаптамада орналастырылады. Жоғары кернеулі өтпелі оқшаулағыштар
май багынан қаптама ішіне кіреді. Қаптамада күштік шоғырсымдардың
екі ұштық бітеме орналастырылуы мүмкін. Түйіспелік құрылғы әр
фазаға екі шоғырсым тарамдарын жалғауға мүмкіндік береді, бұл
бірнеше ЖТҚС тізбекпен немесе сақинаға жалғау мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
Трансформатор багының қақпағында деңгейдің май көрсеткіші, ауа
кептіргіш және газдық реле бар кеңейткіш бак орнатылған.
Трансформатордың май багының қарама-қарсы
тар жағы қаптама
арқылы төмен кернеулі тарату құрылғысының блогымен жалғанады.
Қаптама ішінде шиналар арқылы оның кірісінің автоматты ауа
ажыратқышымен (автомат) жалғанатын
трансформатордың төмен
кернеулі шығыстар орналасады.
14.3 сур. Сыртта орнатылатын жиынтықты трансформаторлық қосалқы
станса сұлбасы