49
Пневматикалық қол машиналарының көмегімен және электрлік балғалар
мен перфораторлардың көмегімен бетонды құрылыс негіздемелерінде атыздар
іріктеу (кесу) кез келген толықтырғышпен тереңдігі 60 мм және ені 7 мм
артық жағдайда жүзеге асырылады.
Тереңдігі 20 мм және ені 8 мм атыздарды (штроб) салу үшін жеңіл
қабырға материалдарында (кірпіш қабырғылар және гипстен құйылған
қалқалар), электр сымдарын жасырын түрде тарту үшін МВБ-3 (МВБ-2М
алмастырылатын) механизмін іске қосады. Аталған механизмнің өнімділігі
гипсолит бойынша 3,5 м/мин, кірпіш бойынша 2 м/мин, салмағы 5 кг. Тартпа
ретінде қосарлы оқшауланған ИЭ1023 электрлік бұрғысы қолданылады,
олардың жұмыс құралы – шеңбер бойымен дәнекерленген пластиналары бар
қатты балқымалардан дискілі фреза.
Пиротехникалық құралдар мен механизмдерде ұнтақты зарядтың жарылыс
энергиясы пайдаланылады. Оларға құрылыс-монтаждау тапаншалары
жатқызылады, олар бұйымдар мен бөлшектерді дюбельдер көмегімен бекітуге
арналады, бағаналар темірбетон плиталарда саңылаулар тесуге арналады,
тығыздамалар кабель ұштықтарын тығыздау үшін қолданылады.
Бір зарядты, өздігінен қуаттанатын, жанама әсерлі құрылыс-монтаждау
тапаншасының ПЦ52-1 негізгі бөлшектері (3.9 сурет) қысқыш 1, ұштық 2,
жалғастырғыш 3, тұтқасы бар қорап
4
және түсіру тұтқасы 5 болып табылады.
Дюбель піспек көмегімен қағылады, ұнтақты газдар әсерінен орын
ауыстырады, алдын ала тыныштық қалпынан үдеу алмайды. Бұл жағдайда
дюбель қауіпті энергия потенциялын иеленбейді, яғни, тоқпақтың патронға
соққысы кезінде ұнтақ тұтанады, ұнтақ газдары піспекті арна ішінде
қозғайды, ол дюбелді соғады және оны қағады.
Темірбетон тақташаларға саңылаулар қағу үшін піспекті тескішке
алмастырады.
Салмағының үлкен болуына байланысты қағылатын дюбельдің
жылдамдығы - 60...80 м/с. Жанама әсерлі тапаншамен жұмыс барысында
қауіпсіздік біршама артады және дюбельдің жанап тиюіне жол берілмейді,
негіздемені өтпелі тесуге мүмкіндік болмайды, шу деңгейі біршама
төмендейді. Беріктігі төмен негіздемені ату немесе қуатты патронды қате
Достарыңызбен бөлісу: