Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет32/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   256
а )
б )
3.30сурет. ТПБ типті 
( а )
жинақты электр құрылғыларын тасымалдау үшін және 
ТГБ типті арбашалар
( б )
кабель барабандарын тасымалдау үшін 


73 
сымды (арқандар) болуы мүмкін. Кендір арқандар әдетте шағын жүк көтеру 
механизмімен (200 кг аспайтын), ал болаттар неғұрлым мықты ретінде 200 кг 
асатын жүктерді көтеру мен жылжыту үшін қолданылады. Матауыштар (3.31 
сурет) көтергіш механизмің ілмегіне жүкті ілу қызметін атқарады. Олар 
әмбебап, сақинасы бар жеңілдетілген және ілмегі бар жеңілдетілген болуы 
мүмкін. Такелаждық жұмыстары кезінде сондай-ақ түрлі механизмдер мен 
құрал-жабдықтар қолданылады: блоктар, жүкарбалар, полиспасттар, жүк 
көтергіштер, домкраттар және т.б. 
Блоктар
арқанның бағытын өзгерту және жүкті көтеру және жылжыту 
кезінде тарту күшін кеміту үшін қызмет етеді. Дөңгелекшелер саны бойынша 
блоктар бір дөңгелекті, екі дөңгелекті, үш дөңгелекті және т.с.с бөлінеді. 
3.32.-сурет. Полистпасттар сызбасы 
Арқанның бағытын өзгертуге арналған бір дөңгелекті блоктар бұратын 
деп аталады. Бұл блоктарда дөңгелекшелер қозғалмайтындай арқан 
бағытының өзгеру орнына таңылады. Арқанның ұзын ұшын лок арқылы 
тасымалдауды болдырмау үшін оларды қайырмалы тетіктермен орындайды. 
Бұратын блоктар ілмектің орнына жүкті асу үшін шығыршықпен 
жабдықталады. Блок дөңгелекшесінің диаметрі кендір арқанның 10 еселік 
3.31сурет. Әмбебап матауыштар (а), сақинасы бар жеңілдетілген (б), ілмегі 
бар жеңілетілген (
в
), матауыштары бар құлыптың жалпы түрі (г), басқару 
станциясының шкафын көтеру
(д)


74 
диаметрінен немесе тростың 18 еселік диаметрінен кем болуы тиіс. 
 
Полиспасттар 
жоғарғы жылжымайтын және төменгі жылжитын бір 
дөңгелекті немесе көп дөңгелекті жүк блоктарынан тұрады. Бірдей жүк 
кезінде арқандағы тарту күші полиспасттағы арқан жіптерінің санымен 
анықталады. 3.32 суретте полиспаст сызбалары келтірілген; цифрлар 
арқандағы бірдей тарту күші кезінде бір дөңгелекті блок көтеретін жүк 
салмағымен салыстырғанда полиспаст көтеретін Р жүктің салмағы неше рет 
артатынын көрсетеді. 
Тали
қолмен және электрлік болады. Қол талі шынжырлы полиспаст және 
тежегіш құрылғысы бар жетекті механизмнен тұратын қозғалмалы жүк 
көтергіш механизмді көрсетеді. Құрылымы бойынша тали екі типті болады: 
бұрамдықты және тістегеріш берілісті. Кең таралған тали бұрамдықты 
берілісті (3.33 сурет). 
Талиді жылжытпастан жұмыс орнына іледі және тарту тізбегінен 3 қолмен 
астынан тартып әрекетке келтіреді, осы кезде тарту дөңгелегі 2 айналады, 
оның осі бұрамдық болып табылады. соңғысы жүк тізбегін 5 қармау үшін 
жұлдызшамен бұрамдық дөңгелекті 1 айналымға келтіреді. Бір ұшы талидің 
жоғары бөлігіне бекітілетін жүк тізбегі оны кіріспе қозғалысқа келтіріп, 
төменгі жүк блогының дөңгелегін 4 айналдырады, нәтижесінде жүк көтеріледі 
немесе түсіріледі. Талидің тежегіштік құрылғысы автоматты түрде көтерілетін 
жүктің қысымымен әрекет етеді. Тежегіш тек тартылу тізбегіне әсер ету 
кезінде жүретін жүкті жайлап түсіруді қамтамасыз етеді. 


75 
3.33сурет. Бұрамдықты 
берілісті таль: 
1 — бұрамдықты дөңгелек; 2 — 
тарту дөңгелегі; 3 — тарту тізбегі; 
4 — төменгі блок дөңгелегі; 5 — 
жүк тізбегі 
Қолмен жасалатынға қарағанда 
электрлік тали (тельфер) екі электрлік 
қозғалтқышпен жабдықталады, оның 
бірі 
жүкті 
тарту, 
ал 
екіншісі 
монорельс 
бойынша 
көлденең 
жылжыту үшін қызмет етеді. 
Жүкті көтерген кезде тісті беріліс 
жүйесі арқылы сәйкес электрлік 
қозғалтқыш 
полиспасттың 
болат 
арқаны 
оралатын 
барабанды 
айналымға келтіреді. Жүкті көтеру 
механизмінің электрлік магниттік 
тежегіші бар. 
Домкраттар
аздаған қашықтыққа 
көтеру, 
жылжыту 
немесе 
ауыр 
құрылғыны немесе басқа жүкті 
көлденең жазықтықта бұру үшін 
қолданылатын 
қозғалмалы 
механизмдерді береді. Домкраттар 
құрылымы 
бойынша 
жақтаулы, 
бұрандалы 
және 
гидравликалық 
болып бөлінеді. 
Жақтаулы домкрат (3.34 сурет, 
а)
ішіне болат тісті тақтайша 2 орналасатын, жүк тірегі үшін жоғарында 
бұрылатын бастиегімен 1, ал төменгі жағында төмен орналасқан жүктің 
қармау және көтеру үшін табанымен аяқталатын ағаш немесе болат корпустан 
3 тұрады. Тақтайша тұтқышпен 4 айналымға келтірілетін тегершік тістерімен 
ілініседі. Тіреуіш механизм көтерілетін жүктің салмағының әсерінен 
тақтайшаны түсірудің алдын алады. 
Бұрандалы домкрат (3.34 сурет, б) болат корпустан 3 тұрады, оның жоғары 
бөлігінде жүкті тірек үшін 1 және храповигі бар иінтіректі 6 онда еркін 
айналатын бастиегі бар тік бұрышты немесе трапеция тәрізді бұрандамасы, 
бұрамасы 7 бар саңылауы бар, ал кейбір домкраттарда бұранда саңылауына 
қыстырылатын өзекше көмегімен бұраманың қажетті жағына бұрады. 
Бұрандалы домкраттар өздігінен тежеу қасиетіне ие, салдарынан көтерілетін 
жүктің массасының әсерінен бұраманың өздігінен түсуі болмайды, ол 
олардың сенімділігін арттырады. 


76 
3.34 сурет. Жақтаулы 
(а) және бұрандалы
( б )
домкраттар: 
1 — бастиегі; 
2
— тісті тақтайша; 3 — корпус; 4 — тұтқыш; 5 — табаны; 
6
—храповигі бар иінтірек; 7 — бұранда 
Гидравликалық домкраттар аздаған биіктікке ауыр және ірі өлшемді 
құрылғыларды көтері үшін қолданылады. Олар домкратпен бірыңғай 
тұтастықты құратын жеке қол сорғысымен немесе жеке тұрған сорғымен 
әрекетке келтіріледі. 
Гидравликалық домкраттың жұмыс тәртібі жұмыс сұйықтығының (әдетте 
май) сорғы берген жоғары қысымының әсерінен цилиндрде мікбастың 
қозғалуына негізделеді. 
Биіктікте электрлік монтаждау жұмыстарын жарамды жеңіл саты мен 
жиылмалы басқышы бар биіктігі 1 м сүйеніш түрінде сенімді қоршауы бар 
ені 1 м кем емес төсенішті орман немесе мінбеде жүргізеді. Қажеттілігіне 
қарай қоршалмаған бетпен немесе үнемі бекілетін баспалдақпен биіктікте 
жұмыс жасауға болады. 
Оларда жұмыс жасаған кезде жеңіл баспалдаққа және асылмалы сатыға 
сақтандырғыш белдікпен бекітілуге тыйым салынады (егер баспалдақтар 
құрылыс құрылымдарына бекітлетін болса). Жұмыс жасап жатқан 
машиналар жанында және солардың астында, тоқ беретін бөлшектер, 
кернеулі заттар қасында баспалдақпен және асылмалы басқышпен жұмыс 
жасауға тыйым салынады. Қажеттілігіне қарай жұмыс жасаушы 
машиналар тоқтатылуы тиіс, ал тоқ жүргізетін бөліктері сөндіріліп және 
жерге тұйықталады. 
Биіктікте жұмыс жасайтын тұлғалардың аспаптарын, бұрандамаларын 
және орнатқыш бөлшектерін жылжыту мен сақтау үшін жеке жәшіктер 
немесе сөмкелермен жабдықталуы тиіс. 
Биіктікте жұмыс жасаған кезде тросс және арқанмен көтерілуге және
түсуге, осы мақсатта көтергіш монтаждау механизмдерін пайдалануға, 
бекітілмеген құрылымдар бойынша өтуге және оларда жұмыс жасауға, 
сонымен қатар, қоршау арқылы өтуге және оған отыруға тыйым салынады. 


77 
Тек жарамды қол жабдығымен ғана жұмыс жасауға рұқсат етіледі. Соққы 
әрекетіндегі қол жабдықтары (кескіш, ойғыш) зақымдалмауы керек. 
Сыртқы қабырғаларында ашық ойықтары, жабындарда саңылаулары, 
қауіпті аймақтары бар жұмыс орындары қауіптілігі жөнінде ескертетін 
жазбалары бар қорғаныш қоршауларымен жабдықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет