569
шина тарапынан үлкейтілген тығырықтарды орнатады. Егер түйіспелік
қосылыста тәрелкелік серіппелер (тығырықтар) қолданылса, онда
қарсысомындар немесе серіппелі тығырықтар қою қажеттілігі жоқ.
Сомындарды түйіспелік қосылыстарда, пайдалану кезінде олады
дәлізден (қызмет көрсету аймағы) қарау қолайлы болатындай
орналастырады. Сомындарды қатайтуды әрқашан айналдыру
моментінің шектеушісі бар арнайы сомындық кілт көмегімен
орындаған жөн, ал ол болмаған жағдайда – қарапайым сомындық кілт
көмегімен, бірақ осы жағдайда тарту күшін арттыру үшін оның
иінтірегін ұзартуға тыйым салынады. Сомындардың дұрыс қатайтылуы
құрастыру, яғни түйіспе сапасын, және қосылыстар сенімділігін
айқындайды. Қатайтудан кейінгі түйіспе тығыздығын қалыңдығы
0,02
мм болатын қуыс бұрғымен тексереді, ол қосылыс периметрі бойынша
6
мм астам шамаға кірмеу керек. Дайындалған шиналарды олар
орнатылатын жерді шартты белгілеу арқылы таңбалау ұсынылады.
Қолданыста шиналардың бұрандамалық қосылыстары түйіспелер
жағдайы бойынша жүйелі бақылауды, олардың температураларын
тексеруді, бұрандамаларды периодты қатайтуды, уақыт өте түйіспелік
беттерді тазартуды талап етеді. Сондықтан бұрандамалық орнына,
әсіресе алюминий шиналары үшін, дәнекерлік қосылыстарды
пайдалану ұсынылады, себебі олар қосылыстар жерінде бұрандамалар
қысымының әсерінен металдың тотығуына және салқын аққыштығына
ұшырайды.
Бұрандамалық
қосылыстармен
салыстырғанда,
Достарыңызбен бөлісу: