Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет247/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

дәнекерлеу
сенімділігі жоғарырақ шиналардың түйіспелік қосылыстарын 
қамтамасыз етеді, жалпы шиналау сенімділігін жоғарылатады. 
Бұрандамалық 
қосылыстармен 
салыстырғанда, 
дәнекерлік 
16.7 сур. Шиналардың бұрандамалы түйіспелік қосылыстары: 
а
— үсті-үстіне; б — «үйрек» түсірумен үсті-үстіне; в — қаптамалар көмегімен 
түйістіре; г — қысқыштар көмегімен үсті-үстіне 


>25 
>50
 
570 
қосылыстардың орындалуында еңбек сыйымдылығы кем және 
үнемділігі жоғары, себебі түйістіре жүргізіледі. Сондықтан, пайдалану 
шарттары бойынша ағытпалы қосылыстарға ие болу қажет болатын 
жағдайларды 
қоспағанда, 
шиналарды 
дәнекерлеуді 
барлық 
жағдайларда пайдаланған жөн. 
Алюминий шиналарды дәнекерлеу кейбір ерекшеліктерге ие. 
Қызған кезде алюминий түсін өзгертпейді, сондықтан оның балқу 
барысын бақылау қиын. Сонымен қатар, қыздыру кезінде алюминийдің 
біртіндеп жұмсаруы бақыланбайды, ал 659 °С температурасында ол 
бірден балқиды. Алюминийдің осы ерекшелігін, сонымен қатар қызған 
металдың үзілістеріне алып келетін жайылу қаблетін және жоғары 
температуралар кезіндегі сынғыштығын ескергенде, дәнекерлеу 
кезінде тігіс төменгі көлденең жайғасымда болу керек. Басты қиындық 
алюминийдің ауада балқу температурасы шамамен 2100 °С болатын 
оксидті қабықшамен жылдам қапталу қабілеті болып табылады, яғни 
қабықша өзінің қиын балқуы нәтижесінде дәнекерленетін бөліктердегі 
метал тамшыларының бірігуіне кедергі келтіреді, сонымен қатар тігісте 
қалып, оның механикалық беріктігін және өткізгіштігін төмендетеді. 
Бұйым бетінен оксидті қабықшаны жою үшін флюстарды 
қолданады, олар сонымен қатар сұйық ваннаны дәнекерлеу барысында 
тотығудан қорғайды. Балқытылған флюстар оксидті қабықшаны ерітіп, 
оны дәнекерлеу ваннасының бетіне қалқып шығатын жеңіл балқитын 
шлакқа айналдырады. Шлак дәнекерлеу барысында балқытылған 
металл бетін кейінгі тотығудан қорғайды. Электрлік құрастыру 
тәжірибесінде алюминий шиналарды электрлік доғалық дәнекерлеу 
кезінде ВАМИ маркалы флюсты пайдаланады. 
Көмірлі электродпен қолмен доғалық дәнекерлеу (осы уақытқа 
дейін кең қолданысқа ие болған) және балқымайтын вольфрамдық 
электродпен қолмен аргондық-доғалық дәнекерлеу барынша кең 
тараған . 
Шиналарды доғалық дәнекерлеу тұрақты және айнымалы тоқ 
көмегімен жүзеге асырылады. Тоқ көздері дәнекерлік түрлендіргіштер 
және трансформаторлар, сонымен қатар айналатын түрлендіргіштерсіз 
айнымалы тоқты тұрақты дәнекерлік тоққа түрлендіруге арналған 
дәнекерлік жартылай өткізгіш түрлендіргіштер болып табылады. 
Дәнекерлік тігістер қима пішіні және кеңістіктегі орналасу 
бойынша бөлінеді, яғни дәнекерлеу төмен көлденең, тік және төбелік 
болады. Төмен дәнекерлеу кезінде дәнекерлік доға дәнекерленетін 
бөлшектер астында орналасады. Осы әдіс барынша қол жетімді және 
өнімді болып саналады. Тік төбелік дәнекерлеу дәнекерлеушінің 
жоғары машықтарын талап етеді және сирек қолданылады. 
Қоректену көзі ретінде 300 А дейінгі номиналды тоққа есептелген 
ПС-300, ПСО-300, ВД301 дәнекерлік агрегаттарын, сонымен қатар 500 
А дейінгі номиналды тоққа есептелген ПС-500, ПСО-500 және ПСУ-


571 
500 агрегаттарын және т.б. пайдаланады. 
Шиналар дәнекерлеушісінің құралдар және керек-жарақтар 
жинағына кіреді: электрлік ұстағыш, сымдық шөтке, кескіш, балға, 
флюсқа арналған ыдыс және оны жағуға арналған жаққыш, көздерді 
және бетті дәнекерлік доға сәулелерінен және металдың шашырауынан 
қорғау үшін арналған маска. 
Шеберханаларда шиналарды арнайы дәнекерлеу үстелдерінде 
дәнекерлейді, ал тікелей объектте – тасымалды керек-жарақтар 
көмегімен. Шиналарды дәнекерлеу келесі реттілікте орындалады: 
олардың жиектерін сымдық шөткелермен тазартады; тасымалды керек-
жарақтарды шиналарға орнатады, оларды сәйкестендіріп, қажетті 
жайғасымда бекітеді; дәнекерленетін шиналар жиегіне флюс жағады; 
дәнекерлеу жүргізеді; тасымалды керек-жарақтарды шешеді, тігісті 
флюстан, шлактан, төкпелерден тазартып, сырлайды. 
Қалыңдығы 12 мм дейін болатын шиналарды дәнекерлік доғаны бір 
рет өтуі кезінде дәнекерлейді, осы кезде оны тігіс басында жиектерге 
және кейін олардың арасындағы саңылауға бағыттайды. Шиналар 
жиектерін балқытып, дәнекерлік тігіске флюсқа малынған қоспа 
сымын түсіреді, және оны доғамен балқытады. Қоспа сымының 
ұшымен дәнекерлеу ваннасында балқытылған металды араластырады, 
осы кезде оның тығыздалуын және шлактардың шығарылуын 
қамтамасыз ету керек. Тігіс соңында доғаны үзеді. Қосылыстың 
жоғары сапасын алу үшін дәнекерлеу кезінде және тігісті салқындату 
кезеңінде шиналарды қозғалтуға тыйым салынаы, себебі жарықтар 
пайда болуы мүмкін. Тармақтау шиналарын құрама шиналардың 
жиектеріне арнайы құрылғы көмегімен дәнекерлейді. 
Дәнекерлеуден кейін сымдық шөтке көмегімен дәнекерленген 
түйіспеден флюс және шлак қалдықтарын тазарту керек, себебі ылғал 
болған кезде олар уақыт өте алюминий коррозиясын тудырады, бұл 
қосылыстың ыдырауына алып келеді. Коррозиядан сақтандыру үшін 
дәнекерлік тігістерді гливталь лагымен немесе шиналарды сырлайтын 
сырмен қаптайды. 
Глифталь лактары — бұл спирт және сұйық көмірсулар 
қоспаларындағы және басқа осындай еріткіштердегі глифталь 
шайырының 
ерітінділері. 
Бұл 
жабыстыру 
қабілеті 
жоғары 
термореактивті лактар, бакелит лагының қабықшаларына қарағанда, 
олардың қабықшаларының икемділігін жоғары, ал ылғалға төзімділігі 
төмен. 
Дәнекерлік тігістердің жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін 
дәнекерлеу технологиясын қатаң сақтау керек. Дәнекерлік тігістердің 
келесі ақаулықтары барынша жиі кездеседі: толық дәнекерленбеу, 
жарықтан, төкпелер, металдың шамадан тыс күйдірілуі, шұңғылшалар. 
Шиналардың әр дәнекерленген түйіспесін тексеріп, барлық анықталған 
ақаулықтарды жою керек. 


>25 
>50
 
572 
Алюминийді және оның қоспаларын жалғау кезінде балқымайтын 
(вольфрамдық) электрдпен аргонды-доғалық дәнекерлеу аса тиімді, ол 
соңғы уақытта флюстың қолданылуын қажет ететін әдістерді 
ығыстыруда. 
Вольфрамдық 
түйіспелердің 
артықшылықтарына 
жатқызуға 
болады: 
жұмысқа төзімділік; 
материалдың 
жоғары 
қаттылығына 
байланысты 
шағын 
механикалық тозу; 
доға әрекетіне қарсы тұру қабілеті және оның үлкен баяу 
балқығыштық арқасында вольфрамның балқымалығының жоқтығы
металдың балқуымен жергілікті шамадан тыс қызулар нәтижесінде 
кратерлерді түзумен эрозияға, электрлік тозуға аз ұшырауы. 
Түйіспелік материал ретінде вольфрам кемшіліктері болып 
табылады: 
қиын өңделуі; 
ауада оксидті қабықшалардың түзілуі; 
түйіспелер кедергілерінің шағын мәндерін алу үшін үлкен 
түйіспелік қысымдарды қолдану қажеттілігі. 
Вольфрам электродымен қолмен аргонды-доғалық дәнекерлеуді
«Удар-300», «Удар-500», УДГ-301, УДГ-501 қондырғыларында 
орындайды. Жартылай автоматты аргонды-доғалық дәнекерлеу үшін 
жартылай автоматтар қолданылады, мысалы, АҚЖА (аспалы 
құрастыру жартылай автоматы) — құрастыру жағдайларында ең 
қолайлы. 
Вольфрам электродымен қолмен аргонды-доғалық дәнекерлеуді 
қалыңдығы 
6
мм дейін болатын алюминийден және оның қоспаларынан 
жасалған шиналарды жалғау үшін қолданады (АД-31 алюминий 
қоспасын тек аргонды-доғалық дәнекерлеумен жалғау керек), ал 
көмірлік электродпен қолмен доғалық дәнекерлеу – қалыңдығы 30 мм 
болатын алюминийден жасалған шиналарды жалғау үшін және тігістің 
төменгі жайғасымы кезінде. Соңғысы сонымен қатар аргонды-доғалық 
дәнекерлеуді орындау мүмкін болмаған кезде қалыңдығы кіші болатын 
шиналарды жалғау үшін қолданылады. 
Қорғаныс газдары ортасында кез келген кеңістікті жайғасымдарда 
алюминий шиналарын дәнекерлеу барынша үдерісті әдіс болып 
табылады, себебі флюстың қолданылуын және тігістердің оның 
қалдықтарынан және шлак қабықшасынан тазартылуын талап етпейді. 
Қорғаныс газдары ортасында тігіске қоспа енгізу арқылы балқымайтын 
(вольфрамдық) электродпен қолмен доғалық дәнекерлеу, сонымен 
қатар балқымалы электродпен автоматты және жартылай автоматты 
дәнекерлеу жүргізіледі. Қорғаныс газдары ортасында дәнекерлеу үшін 
оксидті қабықшаның ыдырауын қамтамасыз ететін А, Б және В 
маркалы аргонды пайдаланады. 


573 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет