позиционерлеу мәліметтері – берілген объектінің шартты белгісінің элементтерінің координаталары (мысалы жол белгісі, нүктелік белгі, горизонтальдар, таза картографиялық элементтер - мысалы, бергштрихтар, су ағынын бағыттары, координаталық тор, жазулармен жазбалардың орналасуы);
семантикалық код- тікелей объектілердің емес олардың картографиялық бейнелерінің (суреттерінің), шартты белгілерінің (мысалы, сызықтың жуандығы, түсі, пішіні, аумақтық объектіні графикалық толтырудың түрі, нүктелік шартты белгінің номері (идентификаторы), жазбалармен жазулардың кеглі және шрифт өлшемі жән т.б ) коды.
Жергілікті жер объектісінің сандық картографиялық үлгісінің құрамы:
Жергілікті жер объектісінің идентификаторы (И), құрамында шартты белгінің элемент идентификаторы (ЭИ), элемент нүктелерінің координаталары және оның семантикалық коды (ЭСК) бар шартты белгінің бір немесе бірнеше элементтер жиыны <И (ЭИ;X,Y; X,Y;….; X,Y;ЭСК);… (ЭИ;X,Y; X,Y;….; X,Y;ЭСК)>
Сандық карта екі тәсілдің біреуімен құрылуы мүмкін:
Графикалық картаның растр бейнесін векторизациялау жолымен;
Геоақпараттық үлгіден (ГАҮ) генерациялау жолымен.
Сандық картаны құрудың тәсілдеріне байланысты оның әртүрлі сипаттамалары болуы мүмкін:
Векторизациялау кезінде сандық карта негізгі картаның сандық көшірмесі болады, сонымен қатар негізгі картаның берілген масштабтағы графикалық дәлдігіне сәйкес, келетін бөлшектілікпен дәлдігі болады;
ГАҮ-ден генерациялау кезінде сандық картаның дәлдігі ГАҮ (өлшеу дәлдігі) дәлдігін қабылдайды және әр түрлі масштабтардың дәлдігі және бөлшектілігі негізінде құрылуы мүмкін.
Сандық картаның артықшылығы болып компьютерлік өңдеу көмегімен әр түрлі картографиялық манипуляцияларды орындауға мүмкіндік беретін сандық түрі болып табылады:
Әр түрлі мазмұнды және масштабты дәстүрлі карталарды құру, жаңарту және түзету, баспаға шығаруға дайындау;
одан ары видеоэкрандарда ұсыну мақсатында электронды карталарды қалыптастыру.
Электронды картаның анықтамалары
1. Электронды карта – сандық карталар немесе ГАЖ мәліметтер базасы (Кошкарев) негізінде видеоэкранда көрініс тапқан картографиялық бейне.
2. Электронды карта - бейнелеу экранында визуалданған немесе визуализацияға дайындалған шартты белгілердің арнайы жүйесіндегі (Жалковский және т.б.) сандық карта.
3. Электрондық карта - компьютермен генерацияланған, растрлық форматтағы және коомпьютерлік құрылғыларда, дисплей экранында, принтерде, растрлық график жасаушыда графа тұрғызушыда (Карпик) ақпаратты штаттық шығару үшін, арналған сандық картографиялық кескін.
Құрылымы бойынша сандық карта пиксель түсімен (графикалық примитивтер) сипатталған, пиксельдердің дискретті жиынтығы болып табылады. Пиксельдер саны нақты рұқсат етілімдерге бірдей және жергілікті жер объектілеріне тәуелді емес.
Электронды картада объект ұғымы жоғалады, үлгі компьютер үшін интеллектуалды болмайды (мысалы, үлгі бойынша компьютермен керекті объектіні іздей алмаймыз). Бірақ, адам электронды картаның кескінін аналогты ретінде (қарапайым қағаз карта сияқты) визуалды қабылдайды және оны түсініп, шешімдер қабылдап, шартты белгісі бойынша одан керекті объектіні таба алады.
Достарыңызбен бөлісу: |