Крылов көшесі 17, кв. 5
Сурет 16. Мәліметтердің реляциондық құрылымының мысалы
Сурет 17. Мәліметтердің реляциондық құрылымының туынды кестесі
Мәліметтердің объектілі - бағдарланған құрылымы. Бұл шынайы өмірді күрделі де кешенді бейнелеуді қамтамасыз ететін мәліметтердің салыстырмалы түрде жаңа құрылымы. Бұл жерде объект жайлы мәліметтер және оларды өңдеу әдістері бірыңғай класка біріктірілген (мысалы, геометрия, семантика, картографиялық атрибуттар, объектілерге арналған арнайы талаптар, оларды сандық бейнелеудің және өңдеудің ережелері).
Объектілі- бағдарланған құрылымның артықшылығы, шынайы өмірді толық кескіндеу және заттық облыс объектілерінің күрделі байланыстарын толық бейнелеу мүмкіндігі болып табылады. Мысалы, «бөлік» класында оның бағасы, шекаралары, жылжымайтын мүліктік объектілердің бар болуы, орналасу сызбасы, кадастрлық планы және т.б. жайлы мағлұматтарды біріктіруге болады.
Мәліметтердің аумақтық банкісіндегі навигация
Навигация мәліметтер базасынан аумақтың керекті бөлігін жылдам табу мақсатымен іске асырылады. Ол үшін, мәліметтер банкінің бағдарламалық қамсыздануының бірнеше навигациялы қабаттармен, атап айтқанда беттер бойынша (планшеттер), объектілер класы бойынша, аумақтық бөліктер бойынша жұмыс істейтін арнайы қосымшасы құрылады.
1. 10 Геоақпараттық картографиялаудың технологиясы
Геоақпараттық картографиялау процесі геоақпараттық мәліметтерді жинақтау және алғашқы өңдеу, жергілікті жердің геоақпараттық моделінің құрылуы және жаңартылуы, олардың мәліметтерлің аумақтық банкінде жинақталуымен сақталуы, пайдаланушының геоақпараттық үлгілері бойынша сұраныстарын дайындау, беруі болып табылады (сурет 18).
Сурет 18. Геоақпараттық картографиялаудың үлкейтілген сызбасы
Геомәліметтерді жинау
Геодезиялық әдістермен:
Достарыңызбен бөлісу: |