Обьекті/бөлігін жоғалту мәзіріндегі команданы орындау. Команданы шақырғаннан кейін «Жалпылау мәлімет» терезесі шығады;
«Жалпылау мәлімет» терезесінде параметрлерді көрсету, сурет 33.
Сурет 33. Обьектінің жоғалған бөлігі
Берілген командалар орындалғаннан кейін Name аумағында «Мұхит» белгісі жазылатын болады.
Мұхит обьектісінің бөлігіндегі бөлік операциясынының нәтижесі 34 суретке сәйкес, көрсетілген.
Сурет 34. Мұхит обьектісіндегі бөлінген бөлік нәтижесі
Енді мұхит материктің барлық бөлігін алып тұрады, бірақ олардың астында таралмайды.
Обьектінің қосылуы
Келесі тапсырма континент бойынша мемлекеттердің бірігуі.
Бұл тапсырманы орындау үшін:
WORLD қабатын өзгертіп белгілеу, сурет 35;
Сурет 35. Өзгертуге арналған қабатты таңдау
Әр континенттегі мемлекеттерді таңдау қажет (Азия, Африка, Австралия, Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Океания);
Бірінші таңдауды Азиядан бастаймыз, ол үшін «Сұрақ/Таңдау» мәзіріндегі команданы орындау қажет және де ашылған терезедегі таңдау параметрлерін көрсету 36 суретіне сәйкес атқарылады;
Сурет 36. Азия континенті бойынша обьектіні таңдау
Қазіргі жағдайды қанағаттандырарлықтай картада обьект көрініп тұрады және бұл обьект тізім түрінде де көрсетілген, сурет 37;
Сурет 37. Азия мемлекеті
Қосуды орындау үшін терезеде картаны белгілейміз, «Обьекті/Қосу» мәзіріндегі команданы орындау және тақырыпшаға басу;
«Мәліметті жалпылау» терезесі шыққан кезде бірінші жолға, төртінші жолға (Мемлекет, Country, Астана, Capital) бос белгімен көрсетеміз. Себебі, қорытынды обьект мемлекетте, астанада болмайды, сурет 38. Тізімдегі ретімен тұрған бірнеше жолды белгілеу үшін, Shift батырмасын басы, тышқанмен басқы және соңғы жолды көрсету керек. Бірнеше бөлек жолды белгілеу үшін, Ctrl батырмасын басып тұрып, тышқан курсорымен барлық жолды көрсету. Жалпылау әдісі барлық жолдарды белгілеуде қолданылған;
Сурет 38. Обьектілердің жалпылама бірігуі
Қалған континенттер үшін таңдау жағдайын өзгерту арқылы, аналогты операцияны орындау қажет, сурет 36;
Қосылған обьектілерді орындау нәтижесі 39 суреттегідей.
Сурет 39. Қосылған обьектілердің орындалу нәтижелері
Бұдан кейін «Құжат/кестені сақтау» командасын орындау арқылы кесте сақталады және терезеде көрсетілген барлық кестелер 40 суреттегідей таңдалады.
Сурет 40. Кестені сақтау
Достарыңызбен бөлісу: |