екі немесе одан да көп кестелерді қосып жаңа бір кесте құруда;
қолданушыға қызықтыратын бағанамен жолдарды ғана көрсету;
обьектіні таңдағанда олардың кеңістікте орналасуына негіздеу.
MapInfo SQL- сұрақ жіберуді құрудың жалпы тізімі: Мәліметтен кестені ашу, егер кесте әлі ашылмаған болса, онда сұрақ шығады. Бұл кесте шығару кестесі болып табылады. Егер World кестесіне SQL- сұрақ орындасақ, онда World кестесі, шығу кестесі болады.
Сұрақ/ SQL- сұрақ командасын таңдау. Сосын SQL- сұрақ диалогы ашылады. Сұрақты анықтау үшін терезені толтырамыз. ОК батырмасын бассақ MapInfo сұрағы орындалады.
MapInfo Professional шығу кестесінде мәліметтер, негізінен арнайы уақытша кестесін құрады, ол нәтижелі деп аталады. Нәтиже кестесі бағана жолдарынан тұрады, яғни олар SQL- сұрақты орындау критериясына жауап береді. (егер, SQL- сұрақ диалогында «Кестеге орналастыру» терезесінде кестенің аты көрсетілмесе). Нәтиже кестесінің талапқа сай аты – SELECTION.
Егер сұрақ қорытындысын білгіңіз келсе, онда карта терезесін немесе нәтиже кестесіндегі тізімді ашу қажет. Егер «SQL- сұрақ» диалогында «Тізім қорытындысы» деген жалау орналасқан болса, онда сұрақты орындағаннан кейін, автоматты түрде терезеде тізім қорытындысы ашылады.
Егер SELECTION нәтиже кестесінің талапқа сай атын қалдырсақ, онда терезеде уақытша кестенің тізімдерін басқа аттармен көрсетеді: Query1, Query2 және тағы басқалар. Бұл сұрақ қорытындысын белгілеген кезде пайда болады, SELECTION кестесі таңдау жағдайына байланысты өзгертеді, ал MapInfo Professional жаңа «түсірілімдерін» аттармен өзгертіп отырады, Queryn (n-сан бірлігі) көрсетіледі.