4.10 Типтік обьектілер бойынша қабатты құру және семантикалық мәліметтер базасының құрылымын формалау
MapInfoда семантикалық мәліметтер базасы екі типті кестеден тұрады.
Картадағы графикалық обьектілердің мәліметтер кестесі
Растрлық жазуы жоқ кесте, өріс және индекстер. Әр кесте өзіне құжаттардың жиынын көрсетеді:
<Құжат аты>. ТАВ-құжат, берілген кесте құрылымының ақпараттан тұруы.
<Құжат аты>. DАТ-құжат, дәстүрлі кестелік мәліметтерден құрылуы.
<Құжат аты>. МАР-құжат, графикалық обьектілердің ақпараттан тұруы.
<Құжат аты>. ID-құжат, графикалық обьектіде көрсеткіш (индекс) тізімінен тұруы, MapInfo картада обьектіні тез табады.
Терезеде Карта кестесі қабаттар түрін бір атпен айқындайды. Қабатты көрінгіштік пленка ретінде көрсетуге болады, онда кескінде графикалық обьект: жер бедері, өзен, көл, жолдар орналасқан пункттері және т.б болады.
Сандық картаның қабаттарын құру реті
Картадағы барлық келесі қабаттар үшін негізгі болатындай Untitled қабат шаблонын құру.
Қабатты құруға арналған қажеттіліктер:
-мәзірде ҚҰЖАТ>ЖАҢА КЕСТЕ командасын таңдау арқылы диалогта терезе шығады, онда картаға қосуды таңдау қажет (сурет 52).
Сурет 52. Жаңа кестені ашу диалогы
-Құру батырмасын бассақ, онда кестенің құрылымымен құру терезесі шығады (сурет 53).
Сурет 53. Кестенің құрылымын құру диалогы
-ашылған терезеге берілген қабат үшін, кестенің құрылымын анықтау-кестенің өрісін құрады, өрісінің типтерін көрсетеді (символды, бүтін, заттық, ондық және т.б). Жаңа өрісті құру үшін Өрісті қосу батырмасын қолданады, ал жоғалту үшін Өрісті жоғалту батырмасын басады.
-растрды тіркеуге арналған (мысалы, Гаусс-Крюгер проекциясы, 3 аймақ) проекцияны міндетті түрде кестеге көрсетуіміз қажет, бұл үшін Проекция батырмасын басу керек, сол кезде «Проекцияны таңдау» терезесі шығады, онда категорияларды және проекцияларды таңдап алу қажет (мысалы, Гаусс –Крюгер (Пулково 1942)), GKаймақ 3, содан кейін ОК басады.
-осыдан кейін, болашақ кестенің құрылымын Құру батырмасын басу арқылы проекцияны көрсету және терезе шыққаннан кейін құжатқа ат береміз, ол сонымен қатар қабаттың аты болады. Шаблонды қабат үшін Untitled атын енгізу қажет.
-кестені сақтау үшін, «Сақтау» батырмасын басу
Ескерту:
MapInfo пробел, пунктуация белгілерін, санмен аталған қабаттарды түсінбейді. Бұлар үшін төменгі дефис қолданылады. Қабаттың атымен қатар картаның масштабында қояды.
Шаблонды қабатты құрғаннан кейін соның негізінде картадағы жұмыс қабатын таңдауды құрады. Құжат мәзірінде сақтау көшірмесі командасын таңдаймыз, диалог терезесінде кестенің атын көрсетеміз және сақтауды басамыз.
Құжат/Ашу-кестені құрғанда ашылады, диалогтың төменгі бөлігіндегі Көрсету тізімінде белсенді картаға қондырамыз, кестені көрсетеміз және ашамыз.
Кестенің құрылымын өзгертеміз - Кесте/Өзгерту/Қайта құру.
Сурет 54. Кестенің құрылымын қайта құрастыру диалогы
Шаблонды қабаттың қайта құрастыру жолында келесідей қабаттарды құру қажет:
Автожолдар
Достарыңызбен бөлісу: |