Сибирская государственная геодезическая академия



бет8/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

бірінші қадамклассификация: объектілер классын нақты бөлу керек, содан кейін әрбір класс үшін объектілердің сипаттамаларының құрамын, содан соң әрбір сипаттаманың мағынасын (немесе өлшемділігін және сандық өлшемдер диапазонын) анықтау қажет;

  • екінші қадам - кодтау, яғни классификация бойынша анықталған әрбір ұғымға шартты белгі- код беру.

    Кодтар әріптік, сандық және әріптік- сандық болуы мүмкін:



    • сандық код – ыңғайлы, икемді, тілмен байланысты емес, яғни халықаралық код болуы мүмкін;

    • кемшілігі – объект атауымен байланысы жоқ. Код ұзындығы өзгермелі болуы және сирек кездесетін объектілер үшін кодтар ұзын- сандары көп, ал жиі кездесетін объектілер үшін, кодтар қысқа- бір саннан құралған болуы мүмкін. Мысалы: құдық ПК-1 және акведук-342.

    • әріптік код – класс ұғымымен немесе нақты объектпен мнемоникалы байланыста болғанымен ыңғайлы. Мысалы: Г- гидрография, Р – рельеф, КОЛ – құдық (колодец), РЕК – өзен (река) және т.б.

    Иерархиялық классификация


    Сандық (геоақпараттық) картографиялаудағы алғашқы классификаторлар иерархиялық классификация негізінде құрылған: ұғымдар «бірден көпке» принципі бойынша орналасады, яғни жоғарыға бір байланыс, төменге- көп байланыс рұқсат етіледі ( мысалы, сурет 8 қараңыз):


    Иерархиялық классификацияның артықшылығы: қарапайымдылық, көрнекілік, қажетті ақпаратты жылдам табу және оңай жету, кодтаудағы ыңғайлылық, кодтарды есте сақтау және қолданудағы ыңғайлылық.
    Иерархиялық классификацияның кемшілігі - бір нақты классификацияны, оны құрастырған нақты бір пайдаланушыны қатаң бекіту. Мысалы, картографияда мұндай классификация карталарды офсеттік машинада басу жүйесін жиі бейнелейді және картадағы объектілердің шартты белгілерінің қолданылатын түстерімен байланысты.. Бұдан басқа, объект әр түрлі кластарға жатқызылған кезде даулы мәселелер туындауы мүмкін.
    Иерархиялық классификация

    Cурет 8. Иерархиялық классификация мысалы
    Кестелік классификация

    Кестелік классификация идеясы кітапханалық-библиографиялық істе қолданылатын фасеттік классификация принциптеріне негізделеді.


    Бұл тәсілдің ерекшелігі, дайын кодтардың және жеке кестелерді, объект ұғымдарын, сипаттамаларын, сипаттамаларының мағыналарын қолданудағы, фасетті формула негізіндегі кодты тізбектің құрылымының жоқтығы болып табылады. Мысалы, топографиялық ақпараттың отандық классификаторында барлық ұғымдар негізгі 3 кестеге үлестірілген (кесте 1, кесте 2, кесте 3):

    1. Кесте 1– объект (алғашқы 3 әріп – код), функционалды және табиғи қасиеттер (код 1/Ф), құрылымының немесе құрылысының ерекшеліктері (код 2/К), арналуы (код 3/Н);

    2. Кесте 2– объектілердің аталған қасиеттері және қасиеттерінің мағынасы;

    3. Кесте 3 – объектілердің сандық қасиеттері.

    Қарастырылған кестелер семантикалық ақпараттың бүкіл жиынын объектілер кодтарынан, фасеттер кодынан, кодтар қасиетінен және арнайы символдардан тұратын формалды құрылым түрінде сипаттау үшін қолданылады, мысалы:

    • БАК / Ф,1; К,3; Н,2; С,9; Г, Р - 3,70 /

    (қысым багы; бағанадағы; жанармайға арналған; қолданыстағы; диаметрі 3,70 метр);

    • ЗАБ / К,2; М.4; Г,В – 2,0 /

    (Торлы қоршау; бетонды; биіктігі 2,0 метр)

    • 145 / 1,3; 2,3; 4,4; 5,53,61,66,70; 6,7 - 0,30 / - БОЛ (аралас орман; аласа өскен; ластанған; қайың, шырша, үйеңкі, жапырақты; діңінің орташа жуандығы 30 см; батпақта).

    Кесте 1. «Объектілер» топографиялық ақпаратының классификаторы



    Обьект
    (код)

    Сандық
    код

    1/Ф

    2/К

    3/Н

    Бак

    203

    1- қысымды

    1-цилиндрлі
    2- шар тәрізді
    3- бағанадағы

    1-суға арналған
    2- жанармайға
    3- кислотаға

    Қоршау

    18




    1-біртұтас
    2- торлы
    3- фундаментте




    1 кестенің жалғасы

    Кран

    186

    Көтергіш

    1-стационарды
    2- жылжымалы
    3- мұнаралы
    4-ашалы




    Орман

    145

    1- жапырақты
    2-қылқанды
    3-аралас
    4- сәндік

    1-сирек
    2- шіріген
    3- қысқа өскен
    4-тапал




    Кесте 2. «Қасиеттер» топографиялық ақпаратының классификаторы



    Фасет коды

    Қасиеті

    Код мәні

    Қасиет мәні

    Ескерту

    4/С

    Жағдайы

    2
    3
    .
    9
    10

    Тұтқыр
    Ласты
    .............
    Қолданыстағы
    Тасталған

    табиғи
    обьект

    жасанды
    обьект

    5/М

    Материал
    (жыныстың)

    2
    4
    .
    52
    53

    Асфальт
    Бетон
    .............
    Шамшат
    Қайың

    жасанды
    обьект

    табиғи
    обьект

    Кесте 3. «Сандық қасиеттер» топографиялық ақпаратының классификаторы



    Фасет коды

    Қасиеті

    Қасиетіне қатысы бар элементтер

    Коды

    Белгісі

    Коды

    элемент

    Геометриялық қасиеті

    6/Г

    1/В

    5/П


    Биіктік

    Алаң
    (өлшем)



    1
    2
    1
    2

    Жаға
    Толқын жотасы
    су басу аймағы
    жүк палубасы

    Физика-техникалық қасиеті

    7/Т

    1/Г

    4/К


    Жүк көтерімділігі

    Саны


    1
    2
    1
    2

    Көпір
    Паром
    Кабель
    сым

    Осы классификацияның артықшылығы, кез келген күрделі объектілерді сипаттау, сонымен қатар кез келген жаңа объектілерді, объектілер қасиеттерін, объектілер қасиеттерінің мағыналарын классификаторды өзгертусіз енгізу мүмкіндігі болып табылады.
    Классификацияның кемшілігі – әрбір объект қасиетінің құрамы жайлы мәліметтің жоқтығы.
    Жоғарыда айтылған кемшілік семантикалық ақпаратты жергілікті жердің объектілерінің каталогтарын (тізімін) құру арқылы сипаттаудағы келесі әрекетте жойылған.

    Объктілер каталогы


    Объектілер каталогында классификация элементтері мулде жоқ, тек қана жергілікті жердің объектілері, қасиеттері (атрибуттары) және атрибуттар мағынасымен, олардың сипаттамаларының тізімі келтірілген.


    Мысалы, жергілікті жер объектілерінің Ресейлік каталогында (МЕСТ Р 52439-2005 бойынша) бүкіл ақпарат 1ші қызметтік (каталог параметрлері) және 3 ші ақпараттық кестелерде (кесте 4, кесте 5, кесте 6) орналасады:

    Кесте 4. Жергілікті жердің объектілерінің каталогы


    Кесте 2. Объектлер





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет